Материалдар / Ашық сабақ " Менің сүйікті туған жерім "
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ " Менің сүйікті туған жерім "

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейту. Әңгіме құрастыруға үйрету Сөздердің мағыналарын ұғындыру арқылы сөздік қорларын толтырып,есте сақтау қабілеттерін дамыту Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қазан 2020
604
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Менің сүйікті туған жерім».

Мақсаты: Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейту.

Әңгіме құрастыруға үйрету Сөздердің мағыналарын ұғындыру арқылы сөздік қорларын толтырып,есте сақтау қабілеттерін дамыту Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: тудың,елтаңбаның Нұр-сұлтанның көрікті жерлерінің суреттері,т.б.

Барысы: Шаттық шеңбері.

Алақан мен жылуды, айналаға таратайық,

Бір-бірімізге жақындасып,

Бақыт, күлкі сыйлайық.

Жүректі біз ашайық,

Бақыт нұрын шашайық.

Барлық жақсы тілекті,

Сіздерге біз арнайық.

- Балалар, біздің бүгінгі әңгімеміз

Отан жайлы болмақ.

- «Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Әр адамның өз Отаны болады.

- Отан ол біздің туған жеріміз, тұратын жеріміз, отбасымыз.

- Отан біздің атамекеніміз.

- Отан біздің табиғатымыз, айналамызды қоршаған орта.

- Біздің Отанымыз, еліміз өте бай, өте әдемі.

- Біздің Отанымыз- Қазақстан!

Әңгімелеу: Біздің Отанымыз - Қазақстан! Әлемде Қазақстан Республикасында дүниеге келген әрбір адам осы мемлекеттің азаматы болып саналады. Біздің еліміздің жері кең байтақ, пайдалы қазбаларға өте бай. Біздің бас қаламыз –Нұр-сұлтан. Нұр-сұлтан - жас қала. Онда түрлі әсем ғимараттар бой көтерген. «Бәйтерек» - Нұр-сұлтанның символы. Әркімнің туып өскен жері - Отан деп аталады. Отан отбасынан басаталады. Біз Қазақстанда туып өстік. Ол біздің – Отанымыз. Біз Тараз қаласында тұрамыз. Тараз қаласы - өте әсем, үлкен қала.

Табиғаты тамаша!

Неткен таза ауасы,

Көрікті көшесі.

Жап-жасыл ағашы,

Біздің Тараз қаласы!

Балалар, сендер Қазақстан Республикасы жайында не білесіңдер?

Отан туралы не білесіңдер? Отанымыз деген не?

Тақпақ айту.

Отан деген- атамекен,

Отан деген- туған жер.

Отанана, Отан- үлкен,

Қазақстан - туған ел.

- Балалар, көрдіңдер ме осы әсем тақпақ жолдарында қаншама Отан туралы жақсы сөздер айтылған, Отанды қандай жақсы сөздермен жеткізген.Отан-сенің ата-анаң, Отан-туған жер, Отан- Бұл Қазақстан Республикасы. Сондықтан біз Отанды жоғары бағалап, қадірлей білуіміз керек.

- Балалар, енді барлықтарын назарларыңды мына Қазақстан Республикасының картасына аударыңдар.

- Айтыңдаршы, балалар, біз қай Республикада тұрамыз?

-Дұрыс. Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?

Дұрыс.

Ал Қазақстан Республикасының Президенті кім ?

Өте жақсы балалар. Слайдпен жұмыс.

Балалар, айтыңдаршы сендер қандай Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер?

- Өте жақсы. Ал ендеше ән ұранымызды айтайық.

Қазақстан Респуликасының мемлекеттік әнұраны орындалады. -Балалар ,сендер қандай ән орындадыңдар? -Қазақстан Республикасының әнұранын орындадық. Дұрыс айтасыңдар,балалар .Әрбір республиканың өз ерекшелігін білдіретін әнұраны,туы,елтаңбасы болады. Біз оны рәміздер деп атаймыз. Осы рәміздер туралы жеке-жеке түсінік беріп өтейін. -Мынау - біздің туымыз. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды.Көк аспандай көгілдір,ортасында күн,астында бүркіт ұшып келе жатыр. - Мынау - елтаңбамыз. Елтаңбада шаңырақ,күн сәулесі, бес бұрышты жұлдыз, «Қазақстан» деген жазу бар. - Балалар, үлкен мерекелерде туымыз көтеріліп,әнұранымыз орындалады.Рәміздерімізді үлкен де,кіші құрметтеп жоғары ұстауы тиіс.Ал әнұранды біз білеміз.Сендер елтаңба мен туды әрқашан қастерлеуге тиіссіңдер.Қазақстан республкасының рәміздері туралы кім тақпақ біледі? Көк туымыз бетінде, Қыран бүркіт қанатты. Сол қырандай еркіндеп, Біз өсеміз талапты.

Айнымайды аспаннан, Біздің тудың бояуы. Оны халық қашанда, Биікке іліп қояды.

Елтаңбасы елімнің , Қандай әйбат әдемі Тұнығындай көңілдің , Ортада аспан әлемі Құт береке шаңырақ, Орын алған ол төрден. Қанатты қос арғымақ, Екі жақтан көмкерген.

Сергіту сәті.

-Жарайсыңдар, балалар. Біз Қазақстанда тұрамыз,демек, Отанымыз -Қазақстан.халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген мақал бар.Сендер үлкен болып өскенде Отанымызды қорғайтын азамат боласыңдар.

- Балалар,өте жақсы.Егеменді елдің басты белгісі-тіл.қазақ тілі мемлекеттік тіл болып саналады. Қазақ тілі –біздің ана тіліміз. Тілім барда мақтанам, Тілім менің аппақ ән

Бірлігім бүгінгі, Ана тілім сақтаған.

Ана тілің арың бұл, Ұятың боп тұр бетте, Өзге тілдің бәрін біл Өз тіліңді құрметте.

- Балалар,сендер отан туралы жан-жақты білетіндеріңді көрсеттіңдер.Енді сендер Отан туралы мақал-мәтел айтайық. Отан –оттанда ыстық. Отан –елдің анасы, Ел-ердің анасы. Туған елдей ел болмас, Туған жердей жер болмас. - Міне , балалар , өміріміздің жалғасы ,еліміздің қорғаны, тірегі болыңдар.

- Балалар өз тілек айтылған жүрекшелерін картаға жапсырады.

Мысалы:

Еліміз аман болсын!

Әр қашан күн күлім деп тұрсын!

Көк туымыз биік болсын!

Аспанымыз ашық болсын!

- Міне, бұл - балалар, барлық махаббатпен, сезіммен жасалған Қазақстан Республикасының картасы. Қазақстан Республикасы қандай бай көрікті, тату мемлекет екенін көруге болады. Рахмет сендерге балалар, сендер бүгін көп жұмыс жасадыңдар.

Қорытынды:

- Балалар, біз бүгін өзіміздің туған жеріміз, Отанымыз туралы әңгімеледік. Отанымыз- отбасымыз, өз ауылымыз, атамекеніміз екенін түсіндік.

- Біз отбасымызды, елімізді, жерімізді, Отанымызды мақтан тұтып, қадірлеп құрметтейміз. Біз осындай татулықты, бірлікті, бейбітшілікті сүйетін, Қазақстан елінде тұратынымызды мақтан етеміз. Оқу қызметіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау, мақтау.

Күтілетін нәтиже:

Білуі: Қазақстан Республика елін танып білуі;

Игеру: Қазақстан Республика туралы білімді игерілуі;

Меңгеру: Өз елі туралы шағын әңгіме айтып меңгерілуі;


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!