Ашық сабақ . Модель құру. 6 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ . Модель құру. 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің сабағым басқада әріптестерге керек болар деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

БЕКІТЕМІН”

_________________

Оқу ісі меңгерушісі

Күні: 11.12.17 ж

Пән аты: Информатика

Сыныбы : 6 а

Сабақтың тақырыбы: Модель және модельдеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға модель мен олардың түрлері жайында түсінік беру

Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Дамытушылығы:Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту.Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың өту әдісі: түсіндіру, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер,оқулық,стикер,кеспе қағаздар т.б.б.

Оқыту формалары: жеке, топтық жұмыс

Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу

2.Сыныпты түгелдеу

3.Топқа бөлу

Оқушыларды геометриялық фигураларды пайдалана отырып 2 топқа бөлемін.Геометриялық фигуралардың артында компьютер құрылғысынының аты жасырылған. Процессор және принтер.Оқушылар осы құрылғылардың қызметін айтып өз орындарына отырады.


ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

«Ақпараттық диктант» арқылы үй тапсырмасы тексеріледі. Оқушыларға бос орындарға қажетті сөздерді тауып жазу үшін төмендегідей арнайы кеспе  қағаздар беріледі. Оқушылар жазып болған соң екі топтың басшысы диктанттарын оқиды.Екі топ бір –бірлерін бас бармақ әдісі арқылы бағалайды.

1.Алгоритм дегеніміз- .............................

2. Алгоритм түрлері........................................

 3. Алгоритмді графикалық түрде ұсыну............. деп атаймыз.

 4.Бірнеше рет қайталанатын әрекеттер тізбегі................................................. деп аталады.


 
5. Блок - сызбада циклдік алгоритмнің шарты.................................. фигураға жазылады


ІІІ. Жаңа сабаққа ену

Мұғалім «Ой қозғау» әдісі бойынша ИБТ-да ««ЕХРО-2017» қалашығының компьютерлік моделінің бейне ролигі. http://www.youtube.com/watch?v=fq7Wq4xgAQA»атты шағын видео ролик ұсынады, видео не туралы екенін сұрайды. Оқушылардың жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа шығады, сабақтың мақсатын айтқызады.

Оқушылар видеоны көріп болған соң жауап береді, тақырыпқа шығып, мақсат қояды.

Модель – бұл глобус және әлем картасы, жердің тартылыс күшінің формуласы, көрме стендіндегі зымыранның макеті, мектептегі биология кабинетіндегі көрнекі құралдар, әйгілі суреттердің көшірмесі. Нақты нысандарды (түпнұсқа) зерттеу мақсатында адамның қолымен жасалған нысанды – модель деп атаймыз. 
Модель – нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді. 
Модельдеу – нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру. 

  1. Модель – кез-келген нысанның қарапайым кейіпі. Мысалы, қуыршақ қыздың модель. Бір нысанда бірнеше модель болуы мүмкін. Мысалы: балықтың моделі жылтырауық немесе қағаздан жасалған модель. Модельдердің ақпараттық түрі болады. Бұл информатика үшін маңыздырақ. Ақпараттық модель: ауызша, математикалық және графикалық.Автомобиль сызбасы графиктік модель. Қарапайым ақпараттық модель – адамның есімі. Тақпақтар да ауызша модель бола алады. Математикалық модельдерді математика сабағында сандарды және символдарды пайдаланып құрамыз. Модельдеудің барлық кезеңдері мақсатқа және есептің қойылуына байланысты анықталады. Модельдеу нәтижесін талдау барысында алынған нәтиженің мақсатқа сйәкес келетіндігін немесе мақсатқа сәйкес келмейтіндігі талданады. Анықталған қате – бұл да нәтиже болып есептелінеді.

ІҮ.Оқулықпен жұмыс

Оқулықтан жаңа тақырыпты оқу

Ү.Сергіту сәті Көзге арналған жаттығулар

Ү.Компьютермен жұмыс

1 – тапсырма .

Графикалық редактор құралдарының көмегімен сынып бөлмесінің моделін ұсыныңдар.

Геометриялық модельді қолдануға мысал келтіріңдер

2- тапсырма.

Сабаққа кешігу барысындағы жазылатын түсініктеменің сөздік модельін құрыңдар.Оны мәтіндік редакторда рәсімдеңдер.Қалай ойлайсыңдар, сөздік модель құру барысында қандай мақсаттар қойылады.

ҮІ. Қорытынды.

Стикерлерді пайдалана отырып сабақты қалай түсінгендерін айтып жабыстырады.


Shape1

Мен







ҮІІ.Бағалау

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Модель және модельдеу тақырыбын оқу. Мектептің моделін құру.

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.06.2018
512
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі