400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Ашық сабақ " Музыканы интерпретациялау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспарында саралап оқыту әдісі қолданылады. Қазақ халқымыздың әндерін интерпретациялау арқылы, қазіргі заманға сай версияларын жасап үйренеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп миссиясы: Зияткерлік әлеуетке ие көшбасшыларды өмір бойы білім алуға дайындау және шабыттандыру


Қысқа мерзімді жоспар

ӘБ жетекшісі Ахметова З.Е. ______________

Сабақ жоспары «____» ________________2021 жыл

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1- бөлім. Дыбыс: Материалдар және формалар

Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.


Күні: 04.10.2021ж

Мұғалімнің аты-жөні: Ахметова З.Е.


Сынып

7«а»

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:










Сабақ тақырыбы

Интерпретация. Музыканы мәнерлеп орындау







Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсатта-ры

7.1.1.1 Ансамбльдік, техникалық дағдыларды, мәнерлеп орындауды көрсете отырып, әртүрлі жанрлар мен стильдерде есту немесе ноталар арқылы музыкалық материалды орындауды және импровизациялауды үйрену

7.1.1.2 Үйлесімділікті сақтай отырып, жеке немесе ансамбльмен ән айтқанда/аспаптарда ойнағанда, өзінің партиясын орындау



Сабақ мақсат-тары

  • Басқа музыкалық шығармаларды тыңдай отырып, оларды талдау және мәнерлеп орындау.

  • Кез келген шығарма үзіндісін мәнерлеп орындау, айқындау.



Бағалау критерийлері

Біледі:

Мәнерлеп орындау деген не екенін біледі.

Түсінеді:

Инрепретацияның өзгергенін есту арқылы түсінеді.

Қолданады:

Музыкалық шығарманы мәнерлеп орындай алады.

Музыкалық шығармаларды өз талғамдарына сай интерпретациялай алады.

Талдау:

Музыкалық мәнерлеу арқылы шығарманы көркемдеу.

Синтезі:

Әнді мәнерлеу арқылы темп, динамика және ритм өзгеруін көрсете алады.

Бағалау:

Музыкалық инструментте немесе дауыс арқылы шығарманы мәнерлеп орындау, оны бағалау.

Өзінің және сыныптастарының дауыспен немесе аспаптағы ойынын бағалайды.



Тілдік мақсаттар

Музыкалық терминдерді қолдана отырып , музыкалық шығарманың бірінші шумағын мәнерлеп орындау.

Динамика, темп, интерпретация, мәнерлеп орындау.



Құндылықтарды дарыту

Басқа елдердің музыкалық мәдениетіне құрметпен қарау. Зерттеу дағдысы



Пәнаралық байланыстар

Қазақ және орыс әдебиті, ағылшын тілі, қазақ тілі.



АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта оқушылар АКТ қолдана отырып музыкалық шығарманың интерпретациясын зерттейді. Музыкалық мәнерлеп орындау не екенін көру және есту арқылы түсінеді.



Бастапқы білім

Музыканың негізгі элементтері туралы біледі.



Сабақ барысы



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Уақыты

Ресурстер



Сабақтың басы

Сабақты ұйымдастыру, мазайка әдісі арқылы (жыл мезгілдері) топтарға бөлу.

Өткен тақырыпқа шолу жасау. Музыкадағы негізгі элементтерді еске түсіру.

Әннің видеоклипін қараңыз.

Сұрақ-жауап:

- Қазақ халық әндерінен қандай әндерді білесіздер?

- Әннің мінезін жеткізу үшін композитор қандай көркем құралдарын қолданған?

- Әннің орындауындағы қандай өзгерісті байқадыңыз ба?

10минут

16қыз термесінің орындау түрлерін тыңдау

https://www.youtube.com/watch?v=zKspLxx6eh4

https://www.youtube.com/watch?v=gcC8FO91UxI

«Көк шолақ» халық әні https://www.youtube.com/watch?v=8I5jktTjl6U

https://www.youtube.com/watch?v=looUTEvtgQ4



Сабақтың ортасы

1 - Тапсырма

Топта берілген әнді талдау, оны берілген аспаптарды қолдану арқылы интерпретациялау:

1-топ: Әннің түпнұсқасын музыкалық элементтерді сақтай отырып,орындаңыз.

Желсіз жарық түнде ай,

дірілдеп суда сәулесі,


2-топ: Әннің түпнұсқасын музыкалық элементтерді сақтай отырып,орындаңыз:

жаны терең Ауылдың, сай,

күрілдеп өзен тасыған


3-топ: Әнді ағылшын тілінде музыкалық элементтерді сақтай отырып,орындаңыз:

Bright moon on windless night

The rays vibrating over water


4-топ: Әнді ағылшын тілінде музыкалық элементтерді сақтай отырып,орындаңыз:

Soul of country of the sloppy side

The river’s roaring downhill

Дескрипторлар: темп, динамика, ритм, мәнерлеп орындау, интерпретауиялау.


Әр топқа тапсырманы орындауға 5мин беріледі. Тапсырманы бірінші орындап болған топ әнді интерпретациялайды.

Өзара бағалау:

- Орындаушы топ берілген әуенді өзгерте алды ма?

- Бұл өзгерістер музыкаға қалай әсер етеді?


25 минут



































5минут

Абай Құнанбаев «Желсіз түнде жарық ай»

https://lyricstranslate.com

Ұрмалы аспаптар, домбыра аспабы және дауыс.



Сабақтың соңы

Әр топ жеке орындап болған соң, сынып болып әнді екі тілде орынадап шығады.

Сабақ соңында оқушылар ауызша немесе жазба түрінде рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

10 минут

Стикер

Фломастер





Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



А деңгейлі оқушылар үшін аспапта белгілі бір темппен өзінің шағын шығармасын мәнерлеп көрсете алады.

Б деңгейлі оқушылар аспапта музыкалық динамикаларды тақырыпты таба алады.

С деңгейлі оқушылар музыкалық шығарманы талдап, интерпретациялай алады.

Өзара бағалау әдісі арқылы топтар бір-бірінің орындауларын ауызша бағалайды.





Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?



Жеткізбесе, неліктен?



Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?



Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?



Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.







Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:



2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?







Кәсіби даму мақсаты: «Оқушылардың креативті тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қалыптастыру»


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қараша
535
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі