Материалдар / Ашық сабақ " Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару" 7сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ " Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару" 7сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
жариялап отырған материалым математика пәнінің мұғалімдеріне керек деп отырып жіберіп отырмын. 7сыныпта қарастырылатын ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару тақырыбында тағы да басқа әдіс -тәсілдерді қолдануға болатыны көздерін жеткізу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Наурыз 2018
572
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық сабақтың тақырыбы: Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару

Мақсаты:

Білімділік: Берілген өрнектерді түрлендіруде, теңдеулерді шешуде ережелерді пайдаланып,ортақ көбейткішті жақша сыртына шығара білу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,ауызша есептеу,сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тез шешім қабылдай білуге; пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, жүйелі ойлауға, нәтижеге қол жеткізе білуге, өзіне сенімділікке, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Тарауды бекіту

Сабақта қолданған әдіс-тәсілдер:

Түсіндірмелі-көрсетілімді (М.Н. Скаткин)

Миға шабуыл, Проблемалық әдіс

Өз шешімдерін ұсыну, сұрақ-жауап және талдау, рефлексия

Сабақтың типі: Меңгерген білімдерін практикада қолдануға бағытталған дәстүрлі сабақ

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, карточкалар, белсенді тақта, слайдтар, бағалау парағы, сызбалар.

Сабақтын барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй жұмысын тексеру(сигналдық карточка арқылы)

IІІ. Бүгінгі сабақ пен өткен сабақтың байланысы(«Қайталау – оқу анасы» ауызша сұрақ – жауап, сәйкестік тест)

ІV. Бүгінгі сабаққа дайындық («Ой қозғау» топтастыру стратегиясы)

V. Практикалық бөлім (оқулықпен жұмыс)

VІ. Сергіту сәті

VІІ. Сабақты бекіту(бекіту тапсырмалары)

VIIІ. Сабақты қорытындылау(қорытынды шағын тест)

ІХ Үй тапсырмасын беру

Х Рефлексия(«Табыс ағашын отырғызу»)

ХІ. Бағалау

І. Ұйымдастыру кезеңі(оқушылармен сәлемдесіп, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын, сабаққа қажетті құрал – жабдықтардың барлығын анықтау). Сабақтың тақырыбы мен мақсаты(оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру).

- Алдымызға қойған негізгі мақсатымыз берілген өрнектерді түрлендіруде, теңдеулерді шешуде ережелерді пайдаланып,ортақ көбейткішті жақша сыртына шығара білу. Оның бірінші шарты: алған білімдеріңді жинақтап, орынды қолдануды білу.

ІІ. - Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше, себебі осы сабақта әрбір оқушының өз біліктілігін, жалпы өткен тақырыпты қаншалық игергенін көрсететін мүмкіншілігі болады. Бүгінгі сабақта есеп шығаруда тірек болатын оқушылардың үй тапсырмасының дұрыстығын сигналдық карточка көмегімен тексерейік. Үй тапсырмасының жауаптары тақтада жазулы тұр, ал сендер дәптерлеріңдегі жауаптарымен салыстырасыңдар. Дұрыс жауабы болса, қызыл түсті картаны, дұрыс болмаса көк түсті картаны көтерулерің керек(тексерудің соңында оқушылар бағалау парағына мұғалімнің айтқан бағасын қояды).

IІІ. «Қайталау – оқу анасы» Бірінші бағанда бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттерінің формулалары жазылған. Ал оқушылар бағанның сол жағында тұрған формулалардың дұрыс жауабын тауып, берілгеннің қасына магнит көмегімен жабысытырамыз(дұрыс жауап үшін оқушылар бағалау парақтарына мұғалімнің айтқан бағасын қояды).

а) Оқушылардан мынандай ережелерді сұраймын.

1.Бірмүше анықтамасы

2. Көпмүше анықтамасы

3. Бірмүшені калай көбейтеміз?

4. Көпмүшелерді қосу және азайту ережелерін тұжырымда?

5.Ортақ көбейткішті жақша сыртына қалай шығарамыз?

ә)Сәйкестік тест

аm an= 1. an/bn

bm : bn= 2. (b/a)n

an:an= 3. 1/an

(a/b)n= 4. bm-n

(an)m = 5. am+n

a-n= 6. an-n=a0=1

(a/b)-n= 7. anm

ІV.. «Ой қозғау» топтастыру стратегиясы.

Тақтада көпмүшені қосу мен азайту ережелеріне байланысты 6 есеп шығару жолымен жазылып тұрады, ал оқушылар бұл есептердің дұрыс шығарылғанын ғана табулары керек. Дұрыс берілген тапсырманы тақтаға шығып орындайды(бағалау парағына мұғалімнің айтқан бағасы қойылады)

1) 10(m+5)+2(-2m+3n) 4) а(а+в)+в(а-в)

2) 7х(4у-х)+4х(х-у) 5) 2

3) 4а(7х-1)-7(4ах+1) 6) 5а(6а+3в)-6а(5в-2а)

V. Сабақты пысықтау (оқулықпен жұмыс) №226, № 227

VІ. Сергіту сәті.

VІІ. Бекіту тапсырмасы ретінде есеп шығару үлгісі көрсетіліп, талданады.

Әрбір оқушыға жеке-жеке тапсырма беріледі. Оқушылар тапсырманы орындап, қасында отырған оқушымен алмасып, бір-бірін тексереді. Қателескен оқушы тақтаға шығып орындайды)

  1. 3х – 21= 6) 5х + 15 =

  2. 6ху + 18 х – 24 = 7) =

  3. 4ах – 16а + 32ау = 8) 3а – 9 =

  4. = 9) 6ау – 18 а + 36 =

  5. =

VІІІ. Сабақты қорытындылау.

ТЕСТ

1. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарыңдар: 2

а) 2ав

ә)2ав

б) 2а

2. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарыңдар: 3ха + 9х + 27 ху

а) 3( ха+3+9х)

ә) 3х(а+3+9у)

б) 3ха(1+3а+9)

ІХ. Үйге тапсырма беру:

1. Сұрақтарға жауап беру 52 бет. № 230 - 231

2. Оқушылардың бағалау парағы бойынша бүгінгі сабақтағы жұмыстарына баға қою

Х. Рефлексия:

– Енді «табыс ағашын отырғызайық». (Тақтада ағаштың суреті)

Ағаш діңі жаңа сабақта өтілген тақырып, жасыл желек – экология, ал ағаштың жемісі сіздің алған білімдеріңіз(оқушылар өздері таңдаған алманы алып, тақтада тұрған ағашқа жапсырады).

Қызыл алма: Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім.

Көк алма: Тақырыпты түсіндім, бірақ есептеген кезде қиналамын.

ХІ. Бағалау

Бағалау парағы

Аты- жөні ______________________


Қызмет түрі

Бағалау

1

Үй жұмысын тексеру


2

Сәйкестік тест


3

«Ой қозғау»


4

Оқулықпен жұмыс


5

«ТЫҢДА, ОЙЛАН, ТАП!» Тест тапсырмалары


6

Қорытынды












































.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!