Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ : Өсімдіктердің көбею мүшлері, гүлдің құрылысы, гүл бөліктерінің атқаратын қызметі 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өсімдіктердің көбею мүшесі, гүлдің құрылысы, гүл бөліктерінің атқаратын қызметі туралы түсіндіру 2. Сабақ барысында ойын элементтерін пайдалана отырып, есте сақтау, шапшаңдық қабілеттерін дамыту 3. Табиғатты сүюге, әсемдікке үйрету, эстетикалық талғампаздыққа баулу;
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқа мерзімді жоспар


Сабақтың аты

Өсімдіктердің көбею мүшлері, гүлдің құрылысы, гүл бөліктерінің атқаратын қызметі

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

1.  Өсімдіктердің көбею мүшесі, гүлдің құрылысы, гүл

бөліктерінің атқаратын қызметі туралы түсіндіру

2. Сабақ барысында ойын элементтерін пайдалана

отырып, есте сақтау,  шапшаңдық қабілеттерін дамыту

3. Табиғатты сүюге, әсемдікке үйрету, эстетикалық

талғампаздыққа баулу;

Күтілетін нәтиже

1. Өсімдіктердің көбею мүшесі, гүлдің құрылысы, гүл

бөліктерінің атқаратын қызметі туралы білетін болады.

2. Табиғатты сүюге, әсемдікке үйрету, эстетикалық талғампаздықты сақтауды үйренеді.

Негізгі идеялар

Гүл сағағы – жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері. Сағағы арқылы сабаққа бекінеді. Гүл сағағы болмаса отырмалы гүлдер дейді(беде, қашқаргүл)
Гүл табаны(тұғыры) – гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері
Тостағанша — көбінесе жасыл түсті, гүлдің сыртында бірікпеген жеке немесе біріккен жапырақшалардан тұрады. Атқаратын қызметіне байланысты әр түрлі өзгеріске ұшырайды. Жемістер мен тұқымдарды желмен тарату үшін(бақбақта) үлпекке айналады. Кейбір өсімдіктерде бір –бірімен тұтасып, жемістің сыртын қорғайды және жануарлар арқылы таралуға бейімделген өсімдіктердің тостағаншалары ұшы иіліп, ілмешекке айналған
Күлте– тостағанша жапырақшалардан кейін орналасады. Күлте түбіндегі жіңішкерген жерде тәтті шірне бөлетін шірнеліктер орналасады. Күлтенің хош иісі, тәтті шірнесі, ашық реңдері гүлді тозаңдандыратын бунақденелілерді еліктіреді
Аталық – гүлдің көбеюге қатысатын бөлімі. Аталық – аталық жіпшесінен және тозаңқаптан тұрады.Аталықтың жіңішкерген жері – жіпшесі. Тозаңқап бір – бірімен байланысқан екі бөліктен құралған. Әр бөлігінде 2 – ден тозаң ұясы бар. Тозаңқапта мыңдаған тозаң түйіршіктері түзіледі, пісіп жетілген тозаңдары сыртқа шашылады
Аналық – гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлімі. Гүлдің дәл ортасына орналасады. Аналықтың ұшын- ауыз, ортаңғы жіңішкерген жерін мойын, түп жағындағы жуандаған жерін жатын дейді.
1. Аналық аузы
2. мойыны
3. Аналық
4. Жатыны
5. Аталық тозаңқабы
6. Аталық жіпшесі
7. Аталық

Тапсырмалар

1.« Кім жылдам ? » ( Мәдени және жабайы өсімдіктерді флипчарт арқылы бөліп жазу.

2. Мағынаны тану (Жұмбақ жасыру арқылы жаңа тақырыпты ашу)

3. Топтық жұмыс ( Постер қорғау)

4.Топтық жұмыс (« Ым білмеген, дым білмейді ») ойыны

5. « Тапқыр болсаң тауып көр »

6. Мылқау сурет ( Гүлдің құрылысын флипчарт арқылы анықтап жазу)

7. Жас ғалымдар жеке жұмыс (Зертханалық жұмыс)


І.Ұйымдастыру (2 минут)

1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

2. Сыныпты 3 топқа бөлу (Гүлдің қиындылары арқылы топқа бөлу) ( « Қызғалдақ», « Жауқазын », «»

  1. « Кім жылдам » ? ( Мәдени және жабайы өсімдіктерді флипчарт арқылы бөліп жазу.

Оқушылардың жауаптары жұлдызшалар арқылы бағаланады.

Мағынаны тану (Жұмбақ жасыру арқылы жаңа тақырыпты ашу)

  1. Топтық жұмыс

Топтарға мәтін таратылып беріледі, оқып талқылайды.

Топтарда рөлді анықтайды: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы, бақылаушы.

1 топқа – «Өсімдіктердің көбею мүшелері»

2 топқа – « Гүлдің құрылысы »

3 топқа – «Гүл бөліктерінің атқаратын қызметі»


Бақылаушының бағалау парағы

Бағалау өлшемдері

Көшбасшы

Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

Бақылаушы


1

Тақырыптың ашылуына үлес қосуы (өзара оқып үйрену)






2

Құнды идея айтуы (ерекше қабілеттерді көрсету)







Әр топтың баяндамашылары сөйлейді.

Постерді жақсы қорғаған оқушыларға жұлдызша үлестіріледі.

Әр топтың бақылаушысы топтық жұмыс соңында бағалау парағымен таныстырады

Жеке жұмыс (« Ым білмеген, дым білмейді ») ойыны

Тақтаға шыққан  оқушының өзіне көрсетілмей гүлдің мүшесінің суретті маңдай тұсына қолмен ұсталып тұрады. Қарама – қарсы топ мүшесінің бірі тұрып суреттегі гулдің бөлігін ыммен түсіндіреді. Оқушы гүл бөлігінің атын табуы керек

« Тапқыр болсаң тауып көр »

Шарты:

Топқа шеңбер беріледі. Бірінші шеңбердің ішіне  ”Жайгүлсерік”, екінші шеңберге ”Қос гүлсерікті” деп жазылған. Оқушыларға өсімдіктің аты жазылған қағаз таратылады. Мұғалім белгі берген кезде әр оқушы өсімдікке тиісті шеңберге тез кіруі тиіс.

Оқушылар дайын жауап үлгі бойынша формативті бағаланады.


Бекіту.

Гүлдің құрылысын атап беріңіз.



Жас ғалымдар жеке жұмыс (Зертханалық жұмыс) (7 минут)

12-зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Гүл құрылысын талдау.

Мақсаты: Өсімдіктің көбею немесе генеративті мүшесі – гүлдің құрылысын зерттеу.

Құрал-жабдықтар:нағыз гүлдер (қызғалдақ гүлдеп тұрған бөлме өсімдіктері және т.б.), қатты қағаздан ойылған жеке бөліктері, ұлғайтқыш қол әйнек, сапты ине.

Жұмыстың барысы:

1. Нағыз гүлден (ол болмаса) немесе гүл бөліктерінің қатты қағаздан жеке-жеке қиылған жапсырма (аппликация) көрнекі құралдардан гүл бөлімдерін табу, пішініне, санына, реңдеріне көңіл аудару.

2. Табиғи (нағыз) гүлден гүл бөліктерінің орналасу тәртібімен танысу.

3. Гүл бөліктеріне қарап жай немесе қос гүлсерікті екендігін анықтап ажырату.

4. Аталық пен аналықты жеке бөліп алып құрылыстарымен танысу, суретін салып атын жазу.

Нәтижесі:1) Гүлдің құрылысын жаз:

2) Берілген сипаттамалар гүлдің қай бөлігіне тән екенін гүл бөлігінің бас әрпін қойып белгілеңдер («ГС» – гүлсағақ; «ГТ» – гүлтабан; «Т» – тостағанша; «К» – күлте; «А» – аталық; «Ж» – аналық).

1. Гүлдің дәл ортасына орналасқан.

2. Тозаң ұясы бар.

3. Гүлсеріктің ішкі бөлігі.

4. Үлпекке айналған бөлігі.

5. Жәндіктер қоректенеді.

6. Шірне бөлетін бөлігі.

7. Жабысқақ сұйықтық бөледі.

8. Ұшы ілмешекке айналған бөлігі.

9. Екі қабат қабықшасы бар жасушалар жетіледі.

10. Хош иіс шығаратын бөлігі.

11. Мойны бар.

3) Мыналардың қайсысы дұрыс гүл, қайсысы бұрыс гүл


Бағалау

Көп жұлдыз жинаған оқушылар бағаланады.



Рефлексия (Ұнады, қиын болды, тілегім) (5 минут)

Үйге тапсырма:

Өсімдіктердің көбею мүшлері, гүлдің құрылысы, гүл бөліктерінің атқаратын қызметі








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
25.10.2018
890
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі