Материалдар / Ашық сабақ " Планеталардың қозғалысы" 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ " Планеталардың қозғалысы" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Планеталардың қозғалысы тақырыбындағы ашық сабақ жас ұстаздарға көмек ретінде жасалынған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
1016
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

I-тоқсан

Ашық сабақ

Сыныбы: 7В

Пәні:Физика және астрономия.

Өтілетін орны: физика кабинеті

Тақырыбы:§18.Планеталардың қозғалысы.

Оқыту мақсат-міндеттері:

1)білімділігі: оқушыларға планеталардың түрлері және олардың орналасу реті,қозғалыстары

жайында жан-жақты түсіндіру;

2)тәрбиелілігі: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

3)дамытушылығы: оқушылардың астрономиялық физика пәніндегі оқытылатын аспан

денелері аясындағы дүниетанымын жетілдіру,дамыту;

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Көрнекіліктері: дидактикалық материалдар, плакаттар- «жұлдыздар», «Күн жүйесі»,

«Күннің құрылысы», «Ай», «астрономиялық бақылаулар», Күн жүйесіндегі

планеталардың суреттері.

Сабақтың түрі: дәстүрлі;

Әдіс-тәсілдері: иллюстративті- түсіндірмелі әдіс.

Пән аралық байланыс: дүниетану, математика, география және өмірмен.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеу және сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. «Миға шабуыл»: Оқушыларға жүгіртпелі сұрақтармен «миға шабуыл» жасау арқылы

зейіндерін жаңа сабаққа аудару.

Жүгіртпелі сұрақтар:

  1. Дене қандай денелермен салыстырғанда қозғалатынын көрсету не үшін қажет?

  2. Механикалық қозғалыс деп нені айтады?Мысал келтір.

  3. Санақ денесі деген не?

  4. Тыныштықта салыстырмалы дегеніміз неліктен?Мысал келтіріп түсіндір.

  5. Суретте жүріп келе жатқан адамның қандай денелермен салыстырғанда қозғалыста не тыныштықта екенін анықта және бағдаршам мен адам, адам мен ағашқа дейінгі арақашықтықты анықта?

Сергіту сәті: Оқушылардың ойлау қабілетіне тапсырмалар.

  1. Оқушыларға физикалық шамаларды атап, олардың өлшем бірліктерін табу керек және мысал келтіріп айту керек.

  2. Оқушыларға құралдың суретін беріп, ол қандай құрал , нені өлшейтінін және бөлік құнын анықтауға тапсырма беріледі.

ІІІ .Жаңа сабақты баяндау:

  1. Жаңа сабақты бастамас бұрын сөзжұмбақты шешейік, сол арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашып, түсіндіру.

  2. Сендер Күн жүйесіндегі планеталарды, сондай-ақ жұлдыздар планеталарға қарағанда бізден аса қашық екенін «Дүниетану» пәнінен білесіңдер.

Күн жүйесінің құрамында тоғыз планета бар.Бұлар Күнді эллипстік орбиталар бойымен айналып жүреді.Күннен алыстау орналасуына қарай, олар:Меркурий, Шолпан, Жер(Аймен қоса), Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун және Плутон деп аталады.

Құралсыз көзбен бес планетаны - Меркурий, Шолпан, Марс, Юпитер, Сатурнды көруге болады.Сыртқы түріне қарап планетаны жұлдыздан ажырату оңай емес, оның үстіне ол көп жағдайда жұлдыздан гөрі жарық бола бермейді.

Планеталар аспан сферасының тәуліктік қозғалысына қатысып қана қоймайды, олар сонымен бірге шоқжұлдыздар аясында ығысатын (кейде елеусіз ғана ) шырақтар қатарына жатады. « Планета » деген сөздің өзі планеталардың осы ерекшелігіне байланысты, өйткені ертедегі гректер « қыдырма » шырақтарды осылай атаған.

Аспан денелерінің тәулік бойы аспан әлемінде қозғалатынын бәріміз де байқаймыз.Түні бойы Ай мен жұлдыздардың да қозғалысын бақылауға болады.Мұнда жұлдыздардың бір-бірімен салыстырғандағы өзара орналасу қалпы өзгермейді.

Күнге ең жақын планета - Меркурий ( қазақша аты- Болпан немесе Кіші Шолпан). Сондықтан да оны бақылау қиын. Әйтсе де, соңғы мәліметтер бойынша бұл планетадағы күндік тәулік шамамен Жердегі 176 тәулікке тең.

Шолпан көлемі мен массасы жағынан Жерге жуық болғандықтан, ерте кезден-ақ ғалымдарды өзіне ерекше назар аударуға мәжбүр етті.Шолпан ( Уранды есептемегенде ) барлық планеталар айналатын жаққа кері бағытта, яғни өзінің Күнді айнала қозғалатын бағытына өз осі төңірегінде қарсы айналатын болып шықты.Ондағы күндік тәулік шамамен Жердегі 118 тәулікке тең.

Жер – Күннен қашықтығы бойынша үшінші планета.Жердің бір тәулік ішінде өз осін бір рет айналатыны, ал бір жылда Күнді толық бір айналып шығады.Жердің өз осінен айналуы салдарынан, өзен суы оның жағасын кеулеп шайып отырады, ауа құйындары және жел Жердің солтүстік жарты шарында оң жаққа, ал оңтүстік жарты шарында сол жаққа ауытқиды.

Марс ( қазақша аты- Аңырақай ) диаметрі жағынан Жерден екі есе кіші.Қазіргі зерттеулер бойынша Марстағы жыл Жердегіден екі еседей дерлік ұзақ.. Өйткені, оның айналу осі дәл Жердікі сияқты өзінің орбита жазықтығына көлбеу орналасқан.Ондағы тәуліктің ұзақтығы 24 сағат 37 минут 23 секунд болатыны аса дәлдікпен өлшенген.

Ал енді алып планеталардың ішіндегі ең жақсы зерттелгені – Юпитер(қазақша аты- « Есекқырған »). Ол диаметрі бойынша Жерден 11 есе, ал массасы жағынан 300 есе үлкен. Оның Күнді айналу периоды 12 жылға жуық..

Күн жүйесіндегі ерекше бір түзіліс – Сатурн планетасы ( қазақша аты – « Қоңырқай »). Оны айнала қоршаған жалпақ сақинаның қалыңдығы бірнеше километрге созылып жатады.

Планеталардың қозғалысы жөніндегі өзге деректер ішінде назар аударарлық бір факт : Уранның өз осінен айналу бағыты өзге планеталардың ( Шолпаннан басқа ) айналу бағытына қарама- қарсы. Оның осі орбита жазықтығымен небары 80 бұрыш жасайды, сондықтан ол бүйірінен қисайып жатып айналады.

Ғылымдағы жетістіктердің бір айқын мысалы және табиғатты танып білуімізге шек болмайтынының айғағы – Нептун планетасының бар екенін алдын ала теориялық болжау арқылы есептеп табу.

Ақырында, жас астроном Клайд Томбо 1930 жылы 18 ақпанда Американың Ловелл обсерваториясында Күн жүйесінің тағы бір жаңа планетасын тапты.Бұл планета Плутон деген атқа ие болды. Плутон – Күн жүйесіндегі тоғыз планетаның ең кішісі. Әзірге ол ең жырақтағы планета болып есептеледі. Оның диаметрі 3000 километрге жуық.. Ол Күннен шамамен 6 млрд. Километр қашықтықта баяу қозғала отырып, оны 248 жылда бір айналып шығады.
IV. Жаңа сабақты бекіту :

Оқушылардың жаңа сабақты меңгергендеріне байланысты сұрақтар қойып, кубизм әдісі

қолданылады.

Кубиктің алты жақ беті сандармен таңбаланған. Кубикті айналдыра отырып, сол сандардың бірін таңдап, сұраққа жауап береді.

  1. Күн жүйесіндегі планеталар нешеу және оларды ата?

  2. Күн жүйесіндегі планеталарды қандай құралмен бақылайды және құралсыз көзбен қанша, қандай планеталарды көруге болады?

  3. « Планета » деген сөз қандай мағынаны білдіреді?

  4. Күнге ең жақын паланета?

  5. Уран мен Шолпанның басқа планеталардан ерекшелігі неде?

  6. Күн жүйесіндегі ең кіші планетаға сипаттама бер?

V. Сабақты қорытындылау:

Жаңа сабақты қорытындылай келе, оқушыларды бағалау.

VI. Үйге тапсырма:

§18 оқу және сұрақтарын талқылау. Конспекті жазу.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!