Жаңартылған білім беру мазмұны – өмір талабы
Ахметова Замзагуль Болатовна
№11 жалпы орта білім беретін мектеп-коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ
Қазіргі кездегі республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі саналы жан-жақты өзгертуге бағытталған кешенді шығармалармен тығыз байланысты. ісіндегі жаңа үрдістің мақсаты, бағыты, сипаты Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет болуына, ұлттық білім беру ісінің әлемдік білім жүйесіне кірігуіне тығыз байланысты.
Әлемдік білім беру кеңістігіне ену педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты: білім берудің парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда. Өмір ағымына қарай білім беру жүйесі күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Сондықтан заман талабына сай жаңа мазмұнда білім беруді ұйымдастыру Білім мазмұнын жаңарту жүйесіне көшу – қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының дамуына байланысты жаңа тұлғаны қалыптастыруды көздеген заман талабы. Жалпы жаңартылған білім мазмұны мектептің мақсаты жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін-өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалауы мен қоғам талабына сай, өзін көрсете білетін жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық және әлемдік мәдениетті бойына қалыптастырған, бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу – әр ұстаздың міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде.
Осы мақсатта мемлекетіміздің білім сапасын арттыратын түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде. Білім беруді жаңғырту – үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі, бұл білім беруде кезең-кезеңмен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзетулер енгізіліп, талданатын өзгерістер. Сонымен қатар білім беруді жаңарту үрдісі салт-дәстүрді, мәдени мұраны, жалпы ұлттық құндылықтарды сақтауды талап ететін тұрақты жүйелерден тұрады. Сондықтан да білім мазмұнын жаңартуға біртіндеп көшуді жүзеге асыру – оның қажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтың, әр ата-ананың сапалы түсінуін, қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуына мүмкіндік беруді, асқан ұқыптылық пен сезімталдықты қажет ететін үрдіс. Білім мазмұнын жаңартудағы мектептің басты ерекшелігі: ұлттық құндылықтарды баланың бойына сіңіру арқылы оның жан-жақты дамуына; өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне; адамға табиғатынан берілген шығармашылық қабілетін толық іске асыруына; әр елдің экономикалық, мәдени, саяси өміріне белсене араласуына мүмкіндік беру.
Білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелетін міндет өте ауыр» деген болатын. Осы ғылым мен білімнің негізін тереңдету нәтижесінде ғана еліміз өзінің елдігін басқа елдер алдында көрсете алады. Білім мазмұнын жаңартудағы білім берудің басты мақсаты еліміздегі білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнын толықтай өзгерте отырып, заманына сай мектеп құру. Мектептегі басты тұрға ұстаз десек, олардың білімді де, білікті, парасаты мол, саналы да сабырлы азамат боп жетілуі тәлім-тәрбие беретін мұғалімге тікелей байланысты. Мұғалімге артылатын сенім жүгі соншалықты ауыр дей отыра, сонымен қатар оның ұлағатты ұлы жол екенін естен шығармаған жөн. Десек, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жанына құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Ал, біздің, ұстаздардың келешектегі мақсатымыз - рухани жан дүниесі бай, жан-жақты жетіле дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұғалімнің міндеті оқушының өзі түсініп, ізденіп оқуына, пәнді терең білуге бағыттау білімнің қажеттілігін түйсік арқылы саналы қабылдау. «Мектептің тірегі де, тілеуі де оқыта білетін мұғалім»- деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, жас ұрпаққа заман талабына сай жан-жақты білім беру мүмкін емес, себебі қазіргі білім саласындағы талаптарды орындауға дәстүрлі технологиялардың деңгейі жетпейді.
Бастауыш мектеп оқушыларының білім деңгейлерін арттыру үшін дамыту оқыту технологиясының көмегі зор. Жалпы «дамыту», «даму» терминдеріне баланың белгілі мөлшерден шығып, саналы іс-әрекет сатыға ауысуы деп анықтама беріледі. Дамыта оқыту технологиясыен көрнекті ғалымдар Л.С.Выготский, М.Я.Лернер, Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин толық зерттеп, дәлелдеген. В.В.Давыдов: «дамыта оқыту дегеніміз – ақыл-ойдың дамуының көлсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысы»-дейді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселесі шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға ынтасын артып, білім алуға әрекет жасайды. Қазіргі технологияларда «миға шабуыл», дебат, үлгі, жоба жасату, қорғату, оқу, жазу арқылы оқушылардың сыни көзқарасын қалыптастыру жиі қолданып келеді. Соның ішінде әсіресе, негізгі концепциясын ұсынып жүрген Эльконин, Давыдовтардың дамыта оқыту технологиясын алуға болады. Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.
Біріншіден-дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түткілері пайда болады.
Екіншіден-дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып, өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушы өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады.
Үшіншіден-оқушының жеке басының дамытатын басты құрал-ол өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.
Төртіншіден-дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынас арқасында ғана өз жемісін береді.
Дамыта оқыту жеке тұлғаның ойлауын, танымын, есте сақтау қабілетін, сезімін, жандүниесін, мінезін, тілін, дарынын дамытуға бағытталады, бір сөзбен айтқанда тұлғаның шығармашылықпен ойлауын дамытуға ықпал етеді. Шығармашылықпен ойлау адам дамуының ең жоғары биігі болып табылады.
Дамыта оқыту тікелей баланы жан-жақты дамыта отырып оқытуға негізделеді. Дамыта оқыту мақсаттары төмендегідей:
-
Оқушы субъект, яғни, ол өзін-өзі дамыта алады.
-
Баланың қабілетін, дарынын дамытуға ықпал жасайды (іскерлігі, машығын дамыту емес)
-
Білім дайын күйінде ұсынылмайды, бала – тыңдаушы, мұғалім – информатор емес, керісінші, бағыт беруші, бала – зерттеуші, ізденуші, жаңалық ашушы. Олардың дағды, іскерлігі белгілі бір проблема, ситуацияны шешу іс-әрекетін ұйымдастырушы, бағыт беруші.
-
Дамыта оқытудағы басты іс-әрекет – диалог, пікірталас, пікірлесу.
-
Дамыта оқытудағы мұғалім қызметі – диалогты ұйымдастырушы, бағыт беруші, балалардың іс-әрекетін, ынтымақтастығын бір бағыт, бір мақсатқа бағыттаушы,
Міне, осындай жүйелер арқылы «Өзіндік даму» жүзеге асады. Соның негізінде өзіндік талдау, жинақтау, өзіндік бағыт беру, өзіндік тәрбие, білім алу жүйелері қалыптасады. Яғни, дамыта оқыту жеке тұлғаның барлық қасиеттерінің дамуына бағытталады.
Дамыта оқыту белгілері:
-
Педагогикадағы түсіндірмелі көрнекілік әдісі алмастырады. Бұл әдіс тұлға дамуы тығыз байланыста.
-
Дамытудың барлық заңдылықтарын ескереді, жеке бастың өзіндік деңгейі мен ерекшелігіне сәйкестендіріледі.
-
Балаға іс-әрекеттің толыққанды субъектісі болып табылады.
-
Балаға қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі беріледі.
-
Тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға негізделген.
-
Баланың жақын даму аймағында жүзеге асады.
«Педагогика бала дамуының ертеңгі емес, кешегі күніне сүйену керек», деген Л.С.Выготский. Осыған орай ол бала дамуының екі деңгейін анықтайды:
-
Өзекті даму деңгейі – бала бойында қалыптасқан, өз бетінше орындай алатын іс-әрекеттер;
-
Жақын даму аймағы – бұл бала әлі өз бетінше іс-әрекетті орындай алмайды, бірақ үлкендердің көмегімен жүзеге асыра алатын көрініс.
Тұлға жақын даму аймағына өтуге өзекті даму аймағындағы білімдерін өз бетінше қолдануға, өзіндік танымын дамытуға дағдыланады. Бұл оқыту барысында мұғалім ұстанымы: дос, көп нәрсені білетін, терең білімді ақылшы. Оқушы танымы: өзі анықтап, еркін өз қалауы бойынша іс-әрекет ету, өзіндік дамыта оқыту технологиясында баланың өзін-өзі тануын ұйымдастыруға мұғалімнің жоғары педагогикалық руханилығын керек етеді, оның балаға деген сүйіспеншілігі, «мұғалім» мен «оқушы» арасындағы сенім мен оның ішкі әлемін танып білуге, жеке қасиеттері мен мінезін ашуға мүмкіндік береді. Қазіргі заман талабына сай құзыреттілікке негізделген оқытуда мақсатқа жетудің жолы да осы танымдық белсенділіктен басталады. Педагогикалық аспект тұрғысынан алғанда белсенділіктің үш түрін көрсетуге болады:
-
Ақыл-ой белсенділігі
-
интеллектуалды белсенділік
-
таным белсенділігі.
Ақыл-ой белсенділігі элементарлы іс-әрекеттен бастап шығармашылықтың күрделі түріне дейінгі барлық деңгейдегі нағыз әмбебап іс-әрекет шарты болып табылады. Ол түрлі модификацияларда көрінуі мүмкін:
-
Ынталандыру жаңалығынан туған зейін белсенділігі және бағдарлы-зерттеу іс-әрекетіне бағытталған белсенділігі ретінде;
-
Интеллектуалды ынталандыру түріндегі көрінетін тұлғалық белсенділік ретінде.
Ақыл-ой белсенділігінің орталық ядросын когнитивті функциялар мен процестер құрайды. Интеллектуалды белсенділік өзіндік шарттарға сай ой-әрекет ретінде түсіндіріледі. Танымдық белсенділік – жалпы танымдық белсенділік феноменінің мағызды саласы, оның негізі ретінде адамның ең маңызды қасиеті болып табылады: қоршаған әлемді тек шындықтағы биологиялық және әлеуметтік мақсатта ғана тану емес, сонымен қатар адамның әлемге деген ең мәнді қарым-қатынасымен, яғни оның алуан түрлілігіне енуге ұмтылуымен, санада мәнді жақтарын бейнелеуімен, себеп-салдарлы байланыстар, заңдылықтар, қайшылықтармен түсіндіріледі. Осы белсенділіктің түрлеріне қарай отырып қорытындыласақ ақыл-ой, интеллектуалды, танымдық белсенділік шығармашылыққа жетелейді. Мұғалім осы үш белсенділікті арттыруға ұмтылуы тиіс. Сонда ғана құзыретті тұлға қалыптасады.
Заман талабына сай жаңартылған білім беру мазмұны стандартпен анықталатын құзыреттіліктер ретіндегі білім беру нәтижелеріне әрбір білім алушының қол жеткізуіне бағытталған:
-
Мәселелердің шешімін табу;
-
Ақпараттық
-
Коммуникативтік құзыреттіліктер.
Құзыретті ұғымы білім, білік және дағды сияқты ұғымдарды қамтиды. Құзыреттілік оқыту оқыту нәтижесін ғана емес, сонымен бірге ол оқушылардың шығармашылық іс-әрекеті тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді. Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдандана алу қабілеттілігі. Ол ең әуелі мектептегі оқу үрдісінде қалыптасады. Құзыреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Бұл оқушының оқу-танымдық әрекетіндегі өзіндік қызметін анықтауына, өзінің бағдары мен өз іс-әрекетіне баға беруіне, іс-әрекет нәтижесін өзгемен салыстыруға мүмкіндік туғызады. Әрине, оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру, оған басшылық жасау – мұғалім үшін жауапты да күрделі жұмыс. Оқушының өзіндік әрекетке белсенділігін арттыруға баулу әрбір мұғалімнің алғашқы міндеттерінің біріне айналуы тиіс. Оқушылардың өзіндік әрекетін қалыптастыруда бір-бірімен тығыз байланысты екі міндетті шешу қажет. Бірі – оқушылардың танымдық танымдық көзқарасын қалыптастыра отырып дамыту, екіншісі – өзінің практикалық іс-әрекетін бағалауға, өзіндік қорытынды шығаруға, шешім қабылдауға баулу. Оқушының танымдық құзыреттілігін қалыптастыру мұғалімнің жүйелі ұйымдастыруымен, нәтижеге бағыттауымен, тиімді жоспарлауымен, бірізділікпен орындалатын іс. Бастауыш сыныптан бастап, оқушының өзіндік әрекетін ұйымдастыра білу дағдысы қалыптастыру ісінің бүгінгі күнгі білім беру мазмұнын жаңғырту процесінде мұғалімнің іс-тәжірибесінен ерекше орын алатыны анық. Жаңа заман жаңа адамын талап ететін болса, ол адамның өмір сүру тәсілі өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыра білуінен бастау алады. Ол жас кезеңдеріне сәйкес өзгеріп, қалыптасып, жаңарып отырады. Сондықтан баланы өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыра білуге баулу өз бетімен өмір сүруге даярлаудың алғышарты болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Шығармашылық ізденістер. Бастауыш мектеп. 1996. - №2
-
Қ.М.Нағымжанова, Н.М.Нұрғазиева «Бастауыш білім берудегі жаңа технологиялары»
-
12 жылдық білім. 2005ж №7
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ " Қ " дыбысы мен әріпі.

шағым қалдыра аласыз