Бағдарлама
тақырыбы
№9 Әр түрлі
ассортименттегі тігін бұйымдарын технологиялық талаптарға сәйкес
даярлау технологиясы.
Сабақтың тақырыбы: «Үшкіл
орамалдың заманауи нұсқасын дайындау»
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік: оқушыларға үшкіл орамал
түрлерінің алуан түрлілігін көрсету, үшкіл орамал тігу технологиясы
бойынша білім мен дағдыларын қалыптастыру;
Дамытушылық: оқушылардың кәсіби сөздік
қорын, танымдық үдерістерін: есте сақтау, шығармашылық ойлау, зейін
қабілеттерін, ұсақ қол моторикасын дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды еңбекқорлыққа,
табандылыққа, жұмысты тиянақты орындауға
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: психогимнастика және
дидактикалық ойын элементтері қосылған аралас
сабақ.
Жұмыстың
түрлері: топтық, ұжымдық,
жеке
Сабақтың
көрнекілігі: интерактивтік тақта,
үлестірмелі үлгілер, оқушылардың күнделіктері,
қайшы, ине, үлгілер, бас
орамал жасаудың технологиялық картасы.
Сабақтың
жабдықтауы: JACK, JUKI, 51кл тігін
машиналары, электрүтігі .
Пәнаралық
байланыс: арнайы технология, жабдықтау,
материалтану пәндері
Сабақтың
жоспары: 1. Ұйымдастыру
кезеңі 2. Үй тапсырмасын
тексеру 3. Қызығушылығын ояту.
Оқушылар үшкіл орамал тарихына шолу жасайды.
4.Жаңа тақырыпты
түсіндіру: - дайын бұйымға талдау (тігу
үлгісі) -дайын үлгімен жұмыс 5.
Сабақты бекіту 6. Сабақты қорытындылау
Сабақтың
барысы: І. Ұйымдастыру
кезеңі - Сәлемдесу. Кезекшімен
сұхбаттасып, оқушыларды түгендеу.
- Оқушылардың жұмыс орнының
ұйымдастырылуын тексеру.
Сабақты психологиялық
дайындықтан бастау. Тьютор педагог-психолог (психогимнастика
әдісі).
ІІ.Үй тапсырмасын
тексеру.
1)
Қол жұмыстар орындағанда
қандай керекті құралдар қажет? 2)
Уақытша -Тұрақты қол
тігістер? 3)
Іс машинасының инесі неден
тұрады? 4)
сыру
тігісі, бастыру тігісі, жапсырма
тігісі. 5)
қосарлы
тігіс, құлыптау
тігісі, айыру
тігісі. 6)
бүгілмелі
тігіс, жиектеу тігісі, жөрмелген
тігіс. 7)
Қақпақ неше бөлшектен
тұрады? 8)
Жапырақшалы қалтада қандай
бөлшек жетпейді? 9)
Рамкалы қалтада қандай бөлшек
жетпейді? 10) Жапсырмалы қалта қандай
пішінде болады?
11) Алжапқыштың қандай түрлерін
білесіндер?
ІІІ.Жаңа сабақ.
Қызығушылығын ояту. Оқушылар үшкіл орамал тарихына
шолу жасайды. - Оқушылар, өткен сабақта мен сіздерден үшкіл
орамалдың шығу тарихы туралы мәлімет дайындап келуді сұраған едім.
Үшкіл орамал дегеніміз не және оның қызметі
қандай?
1.Темиргазиева Мариям «Үшкіл
орамалдың пайда болу тарихы»
2.Махмудова Айдана «Үшкіл
орамалдың түрлері»
Үшкіл орамал қай кезде
пайдалынды?
Үшкіл орамал – орамалдың бір түрі, бірақ орамал төрт бұрыш түрінде
пішілсе, үшкіл орамал – үшбұрыш түрінде пішіледі
. Үшкіл
орамал да, орамал
да ұлттық бас киім болып
саналады. Мүмкін «косынка» сөзі орыстың «косынить»,
деген сөзінен шыққан болар, яғни матаны үнемдеу мақсатында
ортасынан қақ бөлу деген мағынада. XVIII ғасырда Францияда әйелдер
көйлегінің мойын ойындысы біршама терең болғандықтан, салқын кезде
оларға ашық иықтары мен кеуделерін жауып тұруға мойынға таққан
үшкіл орамал көмектескен. ХХ-шы ғасырдың 50-ші жылдары көптеген
сәнқойлар Грейс Келлидің үлгісін қайталаған– үшкіл орамалды мойнына
орап, артқы жағынан байлап басына тағатын
болған. Жаклин Кеннеди де үшкіл орамалды осылай
таққан. Онассис ханым да қалың қара шаштарын Грецияның ыстық
күнінен қорғау үшін, басына 50 – ші жылдардың стилінде жібек орамал
таққан. Ал 70-ші жылдары желке тұсынан байланған үшкіл орамал –
бандана, сәннен қайта өз орнын таба бастады. Қалай десек те, қазір
де оны подиумнан жиі
көреміз.
Ретро.
Егер классикалық образды күннен қорғайтын
көзілдірікпен толықтырсақ, қарапайым салмақты әйел сол мезетте кино
жұлдызына айналары хақ.
Африка
стилі. Стилистер орамалды осы түрде байлауды осы
маусымның ең сәнді түрі деп санайды. Орамалды Африка тұрғындары
сияқты байлау үшін, шашыңызды түйесіз, желкеңізге түйесеңіз тіпті
жақсы. Үшкіл орамалды басыңызға байлаңыз да, оның
ұштарын басыңызды айналдыра орап,басыңыздың алдына түйіп байлап,
ұштарын жасырыңыз. Үшкіл орамалды шашыңыз мүлдем көрінбестей етіп,
африкалық «шалма» болатындай етіп
байлаңыз. Кең
жолақ. Бұл орамал байлау кез келген әйелге
үйлеседі.Үшкіл орамалды жолақ тәрізді орап, желке тұсынан
байлайсыз. Шашыңызды өткен ғасыр ортасының сәні стилінде желке
тұсына түйесіз. Пин-ап
стилі. Үшкіл орамалды жолақ тәрізді орайсыз.
Жолақтың ортасын басыңыздың желке тұсына келтіріп, үшкіл ормалдың
ұштарын алдынан немесе жанынан әдемілеп түйін немесе күлте тәрізді
етіп байлайсыз. Бандана.
Үшкіл орамалды бұрышынан алып, басыңызға
тағыңыз да, ұштарын ұштарын желке тұсыңыздан орап тартыңыз.Үшкіл
орамалдың бос ұштарын түйін астына жасырыңыз. Егер банданаға
романтикалық түр бергіңіз келсе, үшкіл орамалдың бос ұштарын артқы
жағынан өріп қоюңызға болады. Үшкіл орамал банк қызметкерлерінің,
аэрофлот әуе серіктерінің, парфюмерлік компаниялар қызметкерлерінің
фирмалық киімдерінің мойын орамал түріндегі қажетті элементі болып
табылады.
ІV.Өндірістік оқыту шебері.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сабақ тақырыбы – қазіргі
заманауи орамал нұсқаларының тігілуімен танысу. Бүгінгі сабақта біз
үшкіл орамалдың пішімін талдап, өнімнің кескінімен жұмыс жасауды
және тігу жұмыстарын үйренеміз. Бас орамал әртүрлі ұлттар
әйелдерінің ұлттық бас киімі. Бандама түріндегі үшкіл
орамал. Сәнді және өте ыңғайлы бас
киім. Үшкіл орамал екі бөлшектен тұрады: негізгі және қосымша.
Қосымша бөлшектің төменгі қиығын торлаймыз да, резеңкенің еніне сай
қайырып, сырып тігеміз. Резеңке өткізіп, резеңкені машина тігісімен
бекітеміз. Негізгі бөлшектің қиықтарын торлап, 0,7 см қайтарып
бүгіп тігеміз.Содан соң негізгі бөлшекті қосымша бөлшекке тік
көктеу инешаншымдарымен қосып тігіп, біріктіреміз. Көктеу жіптерін
алып, қиықты негізгі бөлшектің бойымен торлаймыз. Дайын үшкіл
орамалды үтіктеп, стразалармен
әшекейлейміз.
№
|
Бөлінбейтін
операция
|
Орындалуы, техникалық
шарттары
|
Сурет
|
1.
|
Бөлшектерді талдау
|
Бөлшектердің, негізгі жіп
бағытын тексере білу.
|
|
2.
|
Қиықтарды
торлау
|
Негізгі бөлшектің және қосымша
бөлшектің қиықтарын торлау.
|
|
3.
|
Қиықтарды қайырып
көктеу
|
Торланған қиықтарды қайырып
көктеу.
|
|
4.
|
Сырып
тігу
|
Негізгі бөлшектің, қосымша
бөлшектің қайырлатын шеттерін 0,7см сырып
тігу.
|
|
5.
|
Резенке
кіргізу
|
Қосымша бөлшекке резенке
кіргізу.
|
|
6.
|
Көктеп
қосу
|
Негізгі бөлшекті қосымша
бөлшекпен көктеп қосу және қосымша бөлшек жағынан айналдырып
тігу.
|
|
7.
|
Торлау
|
Негізгі болшек жағынан
торлау.
|
|
8.
|
Үтіктеу
|
Дайын үшкіл орамалды
үтіктеу.
|
|
Еңбек және техникалық
қауіпсіздік ережелерін қайталау.
1. Қол жұмысының қауіпсіздік
ережесі.
2.Машина жұмысының қауіпсіздік
ережесі.
3. Үтікпен жұмыс істеудің
қауіпсіздік ережесі.
Практикалық жұмыстарды
орындау үшін уақытты белгілеу, нұсқаулық карта
тарату.
Машина және үтікпен жұмыс
жасау кезіндегі қауіпсіздік техникасы.
V.Сабақ
бекіту
Оқушылардың білімдерін
пәндік-технологиялық карталар көмегімен
бекіту. Бүгінгі сабақта сіздер қандай
бұйым дайындадыңыз?
Үшкіл орамал пішіні қандай
бөлшектерден тұрады?
Орамалдың негізгі
бөлшектерінің қиықтары қандай тігіспен
өңделеді?
Қосымша бөлшектің қай жеріне
резинке бекітіледі?
Негізгі орамалды қосымша
орамал бұйымына қосқан кезде қандай термин
қолданылады?
ЫЖӨ кезінде қандай термин
қолданылады?
VI. Сабақ
қорытындысы:
1. Өндірістік оқыту сабағын
қорытындылау
2. Студенттердің жақсы
орындаған жұмыстарын анықтау және көрсету.
3. Қателерін сипаттау және
олардың пайда болу себептерін анықтап
көрсету.
4.Құрал-жабдықтарды, жұмыс
уақытын, еңбек тәсілдерін тиімді пайдалануға талдау
жасау.
5. Бағаларын
жариялау.
6. Үй тапсырмасын
беру.
7. Жұмыс орнын
жинау.
Бүгінгі сабақта сіздер
барлығыңыз да үшкіл орамал қиықтарын өңдедіңдер. Міне, әрқайсысың
тамаша үшкіл орамал дайындап шықтыңдар.
Жарайсыңдар. Келесі сабақта біз халат
тігуді бастаймыз. Сондықтан кітапханадағы журналдардан немесе
интернеттен халат түрлерін қарап
келіңіздер.
Үй тапсырмасы
(халат):