Тақырыбы: Заңды білген тұлғамын.
Мақсаты: Оқушыларға заңдарды білу және заңдар туралы түсінік беру. Ата заңның қалыптасу тарихының кезеңдері және оның ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдету. Ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік Заңдық ережелерді бойларына сіңіру және Ата заңымызды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Тәрбиелік : Оқушыларға Конституция ұғымы, тараулары, қабылдануы, қазіргі
кездегі қолданысы жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра білім
беру. Түрлі сұрақтар, суреттер арқылы баланы ойланта отырып, олардың
көзқарасын танытуға мүмкіндік жасау, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.Өзіндік көзқарасы бар ұлтжанды азамат тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Іс-шараның түрі: Пікір алмасу
Көрнекілігі: «Заңды білген тұлғамын» тақырыбы жазылған плакат, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, Қазақстан Республикасы Конституциясы кітабы, Мемлекеттік Ту, Елтаңба.
Іс-шараның барысы:
1-жүргізуші: Заңды тұлға дегеніміз адамның кез – келген жиынтығы емес, ұйымдық бірлігімен бөлшектенетін, яғни мақсаттарымен міндетпе, құқықтары айқын көрсетілген өз жарғысы және ережесе бор ұйымдық бірлік. Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субьъектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән. Азаматтық кодекстің 33- бабында оған мынадай тұжырым берілген: «Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшаулау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүиеге асыра алатын ұйым заңды тұлға деп таңылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады» Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынандай белгілері бойынша айқындайды: 1. ұйымдасқандық бірлігі; 2. мүліктік оқшаулығы; 3. Дербес мүліктік жауапкершілігі; 4. Азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы. Азаматтық құқықтың негізгі субъектілерінің бірі заңды тұлғалар болып саналады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 33 бабының 1тармағының 1бөліміне сәйкес меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. 2002 жылы 12 желтоқсанда қабылданған Азаматтық кодексте берілген түсініктен, заңды тұлға анықтамасының алдыңғы азаматтық заңнамаларында берілген түсініктерге қарағанда өзгермегенін байқаймыз. Заңды тұлға – мүліктік қатынастардың басқа субъектілері ұйымдастырған, құрған және құқықтары мен міндеттер берген субьект. Заңды тұлғаның құрылтайшылары (құрушылары) оны мүліктік қатынастардың субъектілері ретінде өзінен бөлу мақсатында құрады. Мүліктік азаматтық – құқықтық қатынастар үшін заңды тұлға институтының тәжірибелік маңыздылығы мынада: «заңды тұлға құрылтайшыларының өз кәсіпкерлік тәуекелін өздері үшін орынды болады деп есептейтін сомамен шектеу мүмкіндігі бар».
Сонымен жоғарыда айтылып кеткендей заңды тұлғаның жария анықтамасы ҚР АК-ның 33 бабының 1 тармағының 1 бөлімінде баянды етілген: «Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп аталады.
І бөлім – «Кім жылдам?»
ІІ бөлім – «Заңды білесің бе?»
ІІІ бөлім – «Жорға»
Ал, жарысушы топтар, енді ойынның «Кім жылдам» атты алғашқы бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде жүргізуші тарапынан сұрақтар қойылады, уақыт беріледі. Кім бірінші болып электр шамын жақса, сол топтың жауабы қабылданады.
Екі топқа да қойылатын сұрақтар:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы Қай жылы және қалай қабылданды?
1995 ж. 30 тамыз, Бүкілхалықтық Референдум;
2. Азаматтықты куәландыратын құжат? Куәлік, төлқұжат.
3. Заң дегеніміз не? Ең жоғарғы құқықтық күші бар нормативтік құжат.
4. ҚР-ның құқық қорғау органдарын ата?
Прокуратура, ішкі істер органы, ұлттық қауіпсіздік органы,
5. Құқық дегеніміз не? Белгілі бір мемлекетте қабылданған және қолданылып жүрген барлық құқықтық нормалардың жүйесі.
6. Мемлекеттің негізгі нышандарын ата? Ту, Елтаңба, Әнұран.
7. « Қылмыс» деген сөздің анықтамасын айтыңыз.
Заң жүзінде танылған, қоғамға қауіпті іс-әрекет.
8. ҚР-ның Конституциясына анықтама бер. ҚР-ның Конституциясы Демократиялық, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі нормативтік актісі.
9. Жасөспірімдер қылмыстық жауапқа қанша жастан бастап тартылады?
16 жастан, өте ауыр қылмыс істеген жағдайда 14 жастан;
10. Әрбір азаматтың Отан алдындағы қасиетті борышы не?
Отан қорғау, әскери борышты өтеу.
11. Егер адам 16 жасқа толмаса, оның азаматтығы немен расталады?
Туу туралы куәлік, ата-анасының төлқұжаты;
12. Киднэпинг, бипатрид деген сөздерді естулерің бар ма? Естісеңдер мағынасын айтып беріңдер. Киднэпинг-кісі ұрлау, балаларды ұрлау қылмысы. Бипатрид –қос азаматтығы бар адам.
«Заңды білесің бе?» деп аталатын келесі бөлімде әр топ қарсы топқа сұрақтар береді. Бұл сұраққа бірден жауап беруге болады немесе 30 секунд ойлануға мүмкіндік беріледі. Жауапты электр шамын жағу арқылы бересіңдер.
Топтардың сұрақтары:
-
Қылмыскердің кінәсін жеңілдететін жағдайлар және жауапкершілігін ауырлататын жағдайларды ажыратып бер.
- Қылмыс жас балаға, қарт адамға қарсы жасалса;
- Бір адам екінші адамды қарызымды бермедің деп ұрып, өлтіруі;
- Дүкеннің терезесін байқаусызда сындырып қойып, бірақ орнына әйнек салып береді;
- Жасаған қылмысы үшін қатты уайымдап, өзі полицияға барып айтты;
- Ұшақты басқа жаққа ұшуға қарудың күшімен мәжбүр етті.
-
Жеке адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын атап бер.? (Өмір сүру, ождан мен қадір-қасиетті сақтау, ар-ұят бостандықтары, қажетті қорғаныс құқығы, және т.б.)
Ойынның «Жорға» жарысының кезегі де келді. . Бұл бөлімде топ басшылары жарысады. 11 сұрақ беріледі. Кім сұраққа көп жауап берсе, сол топ басшысы жеңеді. Ал іске сәт!
«Өжет» тобының топ басшысына:
-
«Жеті жарғы» атты заңдар жинағы қай ханның тұсында болды? Тәуке хан
-
Республиканың ең жоғары өкілді органы? Парламент
-
«Адвокат» сөзінің қазақшасы? Қорғаушы
-
Мына мақалды аяқта «Ұрлық түбі...» Қорлық
-
Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан алды? 1991 ж. 16 желтоқсан
-
Біреудің меншігіндегі затын жасырын жолмен алу не деп аталады? Ұрлық
-
Ең жоғарғы құқықтық күші бар нормативтік құжат? Заң
-
Әркімнің өмір сүруге құқы бар деген сөздер қай баптан алынған? 15 бап
-
Парламент қанша және қандай палатадан тұрады? 2- сенат және мәжіліс
-
Конституцияның қай бабында мемлекеттік рәміздерді қастерлеу керек екені айтылған? 34 бап
-
Басқа бір адамның ожданы мен қадіріне тіл тигізу, масқаралау не деп аталады? Қорлау
«Әділет» тобының топ басшысының сұрақтары:
-
Қазақ халқының сот жүйесін кімдер басқарған? Билер
-
Әрбір адамның құқықтары мен бостандықтары қай орган арқылы қорғалады?
Сот
-
«Указ» сөзінің қазақшасы? Жарлық
-
Мына мақалды аяқта «Ұры байымайды...» Сұқ семірмейді
-
«Қазақстан-2030» Жолдауы қай жылы шықты? 1998ж
-
Біреудің меншігін ашықтан-ашық алып кету не деп аталады? Тонау
-
Әркімнің ар ождан бостандығы құқы бар деген сөздер Конституцияның қай бабынан? 22-бап
-
Конституция қанша бөлімнен тұрады? Тоғыз
-
Конституцияның қай бабында әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқы бар делінген? 13-бап
-
Жасалған қылмысы үшін қылмыскердің жазаға тартылуы не деп аталады? Жазалау
-
Заң жүзінде танылған, қоғамға қауіпті іс-әрекет не деп аталады? Қылмыс.
Қорытынды.
Көптеген адамдардың санасында құқық ұғымы жазалау, соттау, құқық бұзылуының ұғымдарымен байланысты түсіндіріледі. Бірақ құқық әділеттілік, теңдік, ізгілік екендігін, қоғамға негізделген тәртіп ережелері екенін естен шығармау керек. Дүние жүзі елдеріне ортақ заңдар бар. Біз ол заңға да бағынуға міндеттіміз. Ол былай аталады: «Адам құқықтары жайлы жалпыға бірдей декларациясы». Дүние жүзінің балаларын қорғауға арналған «Балалар конвенцияның 6-бабында былай делінген:
«Сіздің өмір сүруге құқығыңыз бар, ал мемлекет сіздің жан-жақты еркін дамуыңызға көмектесуге міндетті. Денсаулығына, өміріңе қамқорлық жасап, қорғауға міндетті».
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ. " Заңды білген тұлғамын"

шағым қалдыра аласыз