Ашық сабақ "Ә дыбысы мен әрпі" мектепалды даярлық

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Ә дыбысы мен әрпі" мектепалды даярлық

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабағымның тақырыбы: "Ә дыбысы мен әрпі".Сабақтың мақсаты: оқушыларды Ә ә дыбысымен таныстыру, ә дыбысының орнын анықтату, сауатты оқуға және жазуға дағдыландыру, сөздерге дыбыстық және буындық талдау жасай білуге үйрету. Әдемі, көркем, таза жазуға үйрету. Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, салыстыру. Жас мамандарға сабақ жоспарын құруға үлгі ретінде көмегі болар деген ойдамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ә дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
оқушыларды Ә ә дыбысымен таныстыру, ә дыбысының орнын 
анықтату, сауатты оқуға және жазуға дағдыландыру, сөздерге 
дыбыстық және буындық талдау жасай білуге үйрету. Әдемі, көркем, таза жазуға үйрету
.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі:
Ә дыбысының таңбасы, суреттер, кеспе әріптер, текшелер, буындар.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Аспан түрді түндігін,
Жерге сәуле жайылды.
Неткен ашық күн бүгін.
Қайырлы күн, қайырлы!
Өткенді еске түсіру.
Әжесіне қонаққа бара жатқан немересін аңдардан құтқарып көмек беру.
1. Аюдың тапсырмасы. «Кім жылдам?» ойыны қай қатар өткен дыбыстарға сөз құрайды тез, әрі көп сөз құрау.
1 - ші қатарға ж дыбысына сөз құрау.
2 - ші қатарға ғ дыбысына сөз құрау.
2. Түлкінің тапсырмасы. «Дыбысқа саяхат» ойыны жоғалған дыбыстарды атау, сөзді оқу, сөйлем құрау.
а...шы, са...ат, .....ата, ор....м ,
3. Қасқырдың тапсырмасы. Кеспе әріптермен жұмыс.
І – нұсқа: Ағаш (2 буын, 4 әріп, 4 дыбыс)
ІІ – нұсқа: Ін (1 буын, 2 әріп, 2 дыбыс)
4.
Сергіту сәті: «Қарлығаштар» (музыка әуенімен би ырғақтарын жасау)
5. Қоянның тапсырмасы. 
-І дыбысына байланысты 5 сөзді ата. 
- І дыбысы қандай дыбыс?
-Неліктен дауысты дыбыс дейміз?
-Қай буындарда кездеседі? Мысалдар келтір.
«Келесі буынды тап?» ойыны
Жаңа сабақ.
1.Суретке қарап
: - Әже деген кім? - Сен әжеңе кім боласың? -Әкеңнің анасы, анаңның анасы саған қандай әже болады?
2. Кеспе әріптерден әже сөзін құрастыру, оны буындап оқу, дыбыстық талдау жасау.
Дәптермен жұмыс.
Ә дыбысының бас және кіші әрпін көрсетіп таныстыру, баспа және жазба түрлерін салыстыру.
Әріпті ауада, тақтада, дәптерде жазу.
Сергіту сәті:
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.

«Қай әріпті жоғалттым?» ойыны
... ке,... демі, с... нді,... н, д... рі
Сабақты қорытындылау.
- Не үйрендің; не білдің?
Әженің тапсырмалары:
а) Шашылған дыбыстардан сөз құра
(т, ш, е, ә) әтеш
(к,ә,е) әке
- Әжелерің сендерді қалай жақсы көреді?
- Әжелеріне ә дыбысы бар қандай жақсы сөздер айтар едіңдер?
Аман болсын басыңыз,
Ағармасын шашыңыз.
Шөбере сүйіп әлі де,
Жүзге жетсін жасыңыз.
Мадақтау







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2017
5674
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі