Миға
шабуыл. Кітап суреттерін байланыстырып
сабақ не жайында екенін болжайды.
Сұрақтар:
-Абай Құнанбаев туралы не
білесің?
-Абайдың тәрбиесіне кімдер көбірек көңіл
бөлді?
-Отбасында әкенің орны қандай?
-«Абай жолы»роман эпопеясы
жайлы не білесіңдер? -М.Әуезов кім?
-Қандай шығармаларын
білесіңдер?
-Ендеше, бүгінгі тақырыбымыз қандай болмақ?
Бүгінгі тақырып: М.Әуезов «Абай жолы», «Қайтқанда»
үзінді.
Сабақтың мақсаты мен бағалау
критерийлері түсіндіріледі.
Қосымша материалдар
1.
Абай Құнанбайұлы өмірінен
қызықты деректер
-
Абай Құнанбайұлының шын есімі - Ибраһим. Әжесі Зере "Абай" деп
еркелеткендіктен, Абай атанып кеткен.
- Абай Құнанбайұлы - қазақ жазба әдебиетінің
негізін қалаушы.
- Абай Құнанбайұлы көптеген өлеңдеріне өзі
ән жазған. Олардың ішіндегі танымалы - "Көзімнің қарасы"
әні.
- Абай Құнанбайұлы 13 жасынан ел ісіне
араласа бастаған.
- Абай Құнанбайұлы алғашқы уақыттарда
өлеңдерін Көкбайдың атынан жариялап жүрген.
2.
Абай өскен
орта
Текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған
төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен,
ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты
үміт етеді. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа
толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді.Медреседе төрт
жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару
ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен
араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады.
Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ
билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші
жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке
араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы
көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан
пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына
пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен
насихаттамақ болады.
|