Ашық сабақ Абай Құнанбайұлы (7 «В» орыс сыныбындағы ашық сабақ жоспары)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Абай Құнанбайұлы (7 «В» орыс сыныбындағы ашық сабақ жоспары)

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділік: Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы бұрыннан алған білімдерін толықтыру және түсініктерін нығайту; Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын байыта отырып, ойлай білуге, өз ойын нақтылап жеткізе білу дағдысын дамыта отырып, жазу, оқу, аудару және қорыта білуге дағдыландыру, өзіндік ой түю, пікірін дәлелдей білу қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Ұлы ақын жайлы мәлімет бере отырып, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, білім мен өнерге деген құштарлыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі № 11 мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі.











Shape1



Тақырыбы:

Абай Құнанбайұлы

(7 «В» орыс сыныбындағы ашық сабақ жоспары)











Пән мұғалімі: Қилыбаева М. К.













Тараз қаласы 2014 жыл

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы (69 бет)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы

бұрыннан алған білімдерін толықтыру және түсініктерін нығайту;

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын байыта отырып, ойлай білуге,

өз ойын нақтылап жеткізе білу дағдысын дамыта отырып, жазу, оқу,

аудару және қорыта білуге дағдыландыру, өзіндік ой түю, пікірін

дәлелдей білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ұлы ақын жайлы мәлімет бере отырып, адамгершілікке,

ұлтжандылыққа, білім мен өнерге деген құштарлыққа тәрбиелеу.


Сабақтың типі: жаңа сабақты игерту сабағы

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар,түрлі-түсті қима қағаздар, электронды оқулық.

Сабақтың-әдіс-тәсілі: түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелеу,тыңдау,аудару,мәнерлеп

оқу,топтастыру әдісі, ойын элементтері.

Болжамдап отырған нәтиже: жаңа үйренген сөздерді қолдана отырып, айтар ойын

мемлекеттік тілде еркін жеткізе алатын тұлға қалыптасады.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,қазақ әдебиеті, география.

Сабақтың жоспары: (слайдта безендірілген)

Shape2 І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу, түгелдеу.

2.Оқушылардың назарын сабаққа аудару, топтап отырғызу

жұмысын жүргізу. 10 мин

3.Сабақтың құрлымымен таныстыру.

4.Тіл дамыту,қорытынды.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру,сұрау:

Shape3 1.10 мақал- мәтел жаттап келу

2.қорытынды. 10 мин

Shape4 ІІІ. Жаңа сабақ.

1.Жаңа сөздікпен жұмыс 5 мин

2. Мұғалімнің түсіндірмесі

Shape5 3.Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс

(І деңгей интерактивтік тақтамен, ІІ деңгей ауызша)

4.Сергіту сәті(видео) 15 мин

5.дәптермен жұмыс (өлең құрлысына талдау)

6.тест тапсырмасы (ауызша)

7.қорытындылау

ІV.Сабақты бекіту:

Shape6 1.Абайдың әні «Көзімнің қарасы» хормен орындау.

2.қорытынды. 3 мин

V.Бағалау:

Shape7 1.жинаған жетондарын есептей отырып бағалау.

2.Тілек-жаршы сөз.(мұғалімнің шәкірттеріне деген ризашылық

белгісі)

VІ.Үйге тапсырма: 2 мин

Абайдың әні «Көзімнің қарасы» жаттап келу.


Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу,түгелдеу.

2.Оқушылардың назарын сабаққа аудару,топтап отырғызу

жұмысын жүргізу.

(таратылып берілген суреттерге қарап,топқа бөліп отырғызу

жұмыстарын жүргізу)

3.Сабақтың құрылымымен таныстыру.

4. Тіл дамыту.«Сұрақ-жауап» әдісі арқылы жүзеге асыру.

  • Қазақ әдебиетін неше топқа бөліп қарастырамыз.

  • Қай әдебиет бірінші пайда болды?

  • Халық ауыз әдебиетінің нақты авторлары бар ма?

  • Жазба әдебиетінің нақты авторлары бар ма?

  • Халық ауыз әдебиетінің түрлеріне нелер жатады?

5.қорытынды.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау:


  • 10 мақал-мәтелді жатқа айту

  • қорытынды.Мақал-мәтелдердің түрлеріне тоқталып өту.

  • «Кім жылдам?» ойыны. (жалғасын тап)


Туған жердей жер болмас, ...

Өз елім- ...

Еңбек түбі- береке, ...

Батыр туса- ел ырысы, ...

Атаңның баласы болма, ...

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді. ...

ІІІ. Жаңа сабақ.

Абай Құнанбайұлы туралы біз 5-ші сыныптан бері білеміз.Олай болса «Ойлан,тап!» ойынын ойнайық.Тақтадағы суретке қарап Абай атамызды тауып көрейік.













Ендеше, Абай атамыз туралы бұрыннан білетінімізді топтастырайық.

«Топтастыру» әдісі

Shape8

Shape9

Shape12 Shape11 Shape10

Абай



Shape13 Shape14 Shape16 Shape17 Shape15



1.Жаңа сөздікпен жұмыс жасау.

ғалам- мир

ұлы- великий

медресе –мусульманская духовная школа

өз бетінше –самостоятельно

мәдениет-культура

ынталы –прилежный

кейін-потом

жасынан –с детства

Орындалатын тапсырма: 1) хормен қайталау

2) 2-3 сөзге сөз тіркесін жасау,сөйлем құрастыру.

3) қорытынды.

2. Мұғалім түсіндірме сөзі:





Сұрақтар:

  • Қазақстан неше аймаққа бөлінеді?

  • Төрт аймаққа бөлінеді.Олар:Оңтүстік Қазақстан,Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Орталық Қазақстан.

Міне Абай атамыз ШҚО(бұрынғы Семей),Абай ауданы, Қасқабұлақ деген жерде 1845 жылы дүниеге келді. Ол- ақын, ойшыл, жазба әдебиетінің негізін салушы, аудармашы, ағартушы-ұстаз, би, қоғам қайраткері.

Әжесі Зере мен шешесі Ұлжанның әңгіме, ертегі-жыр тыңдап өсті.Әкесі Құнанбай да шешен, терең ойлы, әділ ел басқарып, жұртына жақсылық жасаған. Ғабитхан молдадан сауат ашады.Әкесі Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға жібереді.

1Shape18 3 жасынан бастап ел басқару ісіне араласады.Халқының отаршыл Ресейдің қол астындағы ауыр тағдырын көріп өседі.















Абайдың шығармалары



3.Оқулықпен жұмыс.

Тапсырма:1) 69 бет.мәтінді дауыстап,мәнерлеп оқу,аудару.

2) сұрақ-жауап (2 топ өзара пікірлесу)


Деңгейлік тапсырмалар


І деңгейлік тапсырма (интерактивтік тақтамен жұмыс)

1. Абай Құнанбаев 1845...........................

2. Ол қазақ халқының...............................

3. Ол сазгер,...............................................

4. Ақын өлеңдері..........................................

5. Ол Пушкиннің, Лермонтовтың............


ІІ деңгейлік тапсырма (ауызша)

1. Великий поэт учился в религиозной школе.

2. Его воспитывали бабушка Зере и его мама Улжан.

3.Он основоположник казахской письменной литературы.

4. Он написал такие произведения, как «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Татьянаның хаты».

5. Его слова назидания были написаны 1890 – 1898 годах.





Сергіту сәті.


- Қазір біз Абай Құнанбаевтың туған жеріне саяхатқа шығамыз.

( видеоклипты көрсету)



4.Дәптермен жұмыс: Өлеңді құрылысына қарай талдау.



5 3

Қараңғы түнде// тау қалғып, 8

Ұйқыға кетер// балбырап. 8

Даланы жым-жырт,//дел-салғып, 8

Түн басады// салбырап. 7

1 шумақ, 4 тармақ , 8 бунақ, 8 буынды.


5.«Бес жолды өлең» әдісі (тақтамен жұмыс)


1. Зат есім. Кім? Не? Абай

2.Сын есім. Қандай? зерек, ынталы, дана

3.Етістік Не істеді? өлеңдер, қара сөздер, поэмалар жазған

4. Сөз тіркесі Дана Абай, ұлы ақын,қоғам қайраткері, т.б.

5. Синоним ИбраҺим, ақын, сазгер


6.Қорытынды. Тест сұрақтарына жауап беру.

1. Абайдың шын аты кім?

2. Абай Құнанбаев нешінші жылы және қайда дүниеге келген?

3. Абай кім?

4. Абай Семейде қандай оқу орнында оқыды?

5. Абайдың сазгерлігін дәлелдейтін шығармалары?

6. Неше жасында өлең жаза бастаған?

7. Ақынның әжесінің және анасының аты кім?

8. Ақын қандай ақындардың шығармаларын аударған?

19. Абай Құнанбаев қай жылы қайтыс болған?

ІV.Сабақты бекіту: 1.Абайдың әні «Көзімнің қарасы» хормен орындау.

2.қорытынды

V.Бағалау: 1.жинаған жетондарын есептей отырып бағалау.

2.Тілек-жаршы сөз.(мұғалімнің шәкірттеріне деген ризашылық

белгісі)

VІ.Үйге тапсырма:

Абайдың әні «Көзімнің қарасы» жаттап келу.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.12.2018
1248
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі