Материалдар / Ашық сабақ Абай Құнанбайұлы "Ғылым таппай мақтанба" өлеңі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Абай Құнанбайұлы "Ғылым таппай мақтанба" өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге, ашық сабақ өткізгенде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қырқүйек 2020
452
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сабақ: Әлемдегі ірі кітапханалар.

Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай, мақтанба» өлеңі.

Мектеп: «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Чапаев негізгі мектебі» ММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жунусова Г.К.

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:0

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.Т4. Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби мәтіндердің мазмұнын түсіну

5.А5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.

Сабақтың мақсаттары

Оқушының барлығы орындай алады:

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқып, мазмұнын түсінеді, берілген сұрақтарға жауап береді.

Оқушының көбі орындай алады:

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқып, қойылған сұрақтарға лайықты жауап береді, шағын диалогке қатысады.

Оқушының кейбіреуі орындай алады:

Өлеңдегі негізгі идеяға қатысты өз көзқарастарын білдіреді және оны дәлелдей алады, шағын диалогке түседі.

Бағалау критерийлері

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің мазмұнын түсінеді, сұрақтарға лайықты жауап береді. Өлеңдегі негізгі идеяға қатысты өз көзқарастарын білдіреді және оны дәлелдей алады, шағын диалогке қатысады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңі бойынша қойылған сұрақтарға лайықты жауап береді, шағын диалогке түседі.

Пәнге қатысты сөзік қор мен терминдер:

Бекер мал шашпақ, терең ой, қашық бол, асық бол, бес асыл іс.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

адал еңбек, білімді адам, кітап оқу, бос уақыт.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Не себепті білім аламыз?

Еңбек етуді қалай түсінеміз?

Жаман қасиеттерге нелер жатады? Неге?

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану

Құндылықтар

Адам бойындағы жақсы қасиеттерді бағалау, кітап оқуға, білім- ғылымға деген құштарлық және оны бағалау

Алдыңғы оқу

Ірі кітапханалар.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы





10минут

1. Ширату жаттығулары.

Тақтаға Абайдың суреті ілінеді.

- Осы суреттерде кім бейнеленген?

-Абай Құнанбайұлы туралы не білесіңдер?

-Абайдың қандай өлеңдерін білеміз?

-Кітапханадан Абайдың қандай шығармаларын алып, оқыдыңдар?

Мультфильм.

Тақырыпты, мақсатты болжау.

Топқа бөлу. «Талаптылар», «Еңбекқорлар», «Ойшылдар» үш топқа бөлу.

Абайдың суреті





https://www.youtube.com/watch?v=zkPCRhqFkbA «Сиқырлы кітаптар». Абай Құнанбаевтың шығармалары

Сабақтың ортасы


3 минут





15 минут






















8 минут


















Сабақтың соңы

4 минут

1.Сөздікпен жұмыс.

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде кездесетін жаңа сөздер және сөз тіркестерімен таныстырып, мағынасын түсіндіру, аудармасын айту.

Құмар- Еріншек- Қанағат-

Өсек- Өтірік- Терең ой-

Мақтаншақ- Дұшпан- Қайғы-

Талап- Рақым-

3. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін тыңдату.(аудио)

ТЖ.1- тапсырма.«Автордың ойы» стратегиясы арқылы өлеңді талдау.

1-топ. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіне дейінгі ақынның ойы.

2-топ. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі ақынның ойы.

3-топ. Автор өлеңінен кейінгі оқушылардың ойы.

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңіне дейінгі ақынның ойы.

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі ақынның ойын анықтау.

Оқушылардың авторға өз ойын, көзқарасын білдіруі.





Бағалау критерийі

Дескриптор

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің мазмұнын түсініп,сұрақтарға жауап береді. Шағын диалогке түседі.

1.Оқушылар өлеңге дейінгі ақынның ойын анықтайды.

2. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі ақынның ойын анықтайды.

3. Оқушылар авторға өз ойын, көзқарасын білдіреді.

КБ. «Ойды аяқта»

1.Бүгін мен не білдім...

2.Мен үйрендім...

3.Қолымнан келді...

4.Қиындық тудырды...


ТЖ. 2- тапсырма. «Пікірлер сызығы»

1. Абай ғалым болу мен адам болу бір- бірімен байланысты дейді, ал сіздер қалай ойлайсыздар?

2. «Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба...» -дегендегі орнын табу дегенді қалай түсінесіңдер?


Бағалау критерийі

Дескриптор

Сұрақтар бойынша өлеңдегі негізгі ойды қазіргі біліммен, өмірмен байланыстырып, сұрақтарға лайықты жауап береді. Өз пікірлерін дәлелдеп, шағын диалогке түседі.

1. Берілген сұрақ бойынша шағын диалогке түседі

2. Өлеңді қазіргі өмірмен байланыстырады

3. Өз пікірлерін дәлелдейді.

КБ. Мұғалімнің ауызша бағалауы.

Сұрақты талдау барысында оқушылар сұрақ мазмұнын түсіне алды ма, сұрақтарға лайықты жауап беруде сөйлемдерін дұрыс құрастырды ма, сұрақты өмірмен байланыстырып, дәлелдей алды ма?

Рефлексия. «Миыңның суретін сал»

Оқушылар мидың суретіне осы сабақта меңгерген сөздер мен сөз тіркестерін, алған білімдерін жазады.








mnogo-mp3.commusic/абай - ғылым таппай мақтанба/





ватман, маркер









































Мидың суреті

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Құндылықтармен

байланыс.

АКТ-мен байланыс.

«Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба»» тақырыбы бойынша алға қойылған мақсаттарды табысты іске асыру үшін оқушылардың жеке мүмкіндіктерін және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып сараланған тапсырмалар әзірледім.

«Пікірлер сызығы»

1. Абай ғалым болу мен адам болу бір- бірімен байланысты дейді, ал сіздер қалай ойлайсыздар?

2. «Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба...» -дегендегі орнын табу дегенді қалай түсінесіңдер?

1. Берілген сұрақ бойынша шағын диалогке түседі

2. Өлеңді қазіргі өмірмен байланыстырады

3. Өз пікірлерін дәлелдейді

Барлық оқушылар жеке, жұп, топ болып, диалогке түседі, сұрақтарға лайықты жауап береді, өз пікірлерін дәлелдей алады. Тапсырма арқылы саралау барлығына ортақ оқу нәтижелеріне жету үшін оқу материалдарын кең көлемде пайдалануға мүмкіндік береді.

Саралау оқушылар өз көзқарастарын дәлеледеуге және сөйлем құрылымын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсынуға мүмкіндік береді.

Тапсырмалар оңайдан күрделіге көшеді.


«Ғылым таппай мақтанба» тақырыбы бойынша сабағымда бағалауды оқушының жетістіктерін сабақ мақсаты мен мазмұнына сәйкес, нақты анықталған критерийлер бойынша бағаладым.

Бaғалау критерийлері: тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсынады. Осы критерийлерге жету үшін келесі әдістерді қолдандым.

Қалыптастырушы бағалау әр тапсырмадан кейін кері байланыс арқылы жүргізіліп отырылды:

«Автор ойы» әдiсi бойынша балалардың тақырыптың қаншалықты меңгергенiн, түсiнiктерiн анықтай аламын. Балалардың қызығушылығын анықтай аламын.

1.Бүгін мен не білдім...

2.Мен үйрендім...

3.Қолымнан келді...

4.Қиындық тудырды...

«Ойды аяқта» әдiсi бойынша балалардың тақырыптың қаншалықты меңгергенiн, түсiнiктерiн анықтай аламын. Балалардың қызығушылығын анықтай аламын.

КБ. Мұғалімнің ауызша бағалауы.

Сұрақты талдау барысында оқушылар сұрақ мазмұнын түсіне алды ма, сұрақтарға лайықты жауап беруде сөйлемдерін дұрыс құрастырды ма, сұрақты өмірмен байланыстырып, дәлелдей алды ма?

Сабақтың соңында «Миыңның суретін сал» әдісі арқылы рефлексия өткіздім. Оқушылар мидың суретіне осы сабақта меңгерген сөздер мен сөз тіркестерін, алған білімдерін жазады.

.

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану

Құндылықтармен байланыс

Адам бойындағы жақсы қасиеттерді бағалауды үйрете отырып, сол қасиеттерді бойына сіңіртемін, кітап оқуға, білім- ғылымға деген құштарлықтарын арттыру.

АКТ-мен байланыс.

Аудиожазбаны тыңдата, мультфильмді көрсете отырып, жаңа сабақты меңгерту.

Рефлексия. Оқушылардың білімді меңгергенін тексеру мақсатында «Миыңның суретін сал» әдісін қолдандым.Оқушылар мидың суретіне сабақ кезінде меңгерген білімдерін білдіретін сөздермен толтырады.






















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!