Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ "Абай Ыбырай "
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: "Абай –Ыбырай оқулары"
Мақсаттары:
1.Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абайдың өмір баянымен әңгімелерімен әндерімен және қарасөздерімен таныстыру.Ыбырай Алтынсариннің ағартушы ретінде бізге жеткен әңгімелерімен,өлеңдерімен таныс болу.
2.Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ойлау,есте сақтау, сезіну қабілеттерін дамыту.
3.Абайдың шығармалары арқылы туған елге деген махаббатты,қазақтың ән өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу.Оқушыларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.Ыбырай атамыздың өлеңдері арқылы,білімге деген құштарлығын арттыру.
Көрнекілігі: Абай суреті, нақыл сөздері, өлеңдерінен үзінді, Абай туралы кітаптар көрмесі, М.Әуезов суреті.Ыбырай атамыздың суреттері,қанатты сөздері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Психологиялық дайындық.
Аспан жер әдісі арқылы бүгінгі сабаққа сәттілік тілеу;
Ережені қалай сақтау керек.
Тыныштық сақтау,
Бір-бірімізді тыңдау.
Ойымызды толық айту.
ІІ. Кіріспе бөлімі:
Сәлеметсіздер ме, құрметті келген қонақтар мен оқушылар! Бүгінгі біздің "Абай –Ыбырай оқулары" атты сыныптан тыс ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Келесі Абай Құнанбаевтың өміріне назар аударыңыздар.
Абай Құнанбаевтың өмірбаянынан үзінді
1-ші оқушы:Абай- ұлы ақын, Абай –дана, ойшыл, замана суреткері.Абай-аудармашы.Абай- сазгер, композитор.Абайдың шын аты-Ибрагим.
2-ші оқушы: Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев атамыз 1845жылы тамыздың оныншы жұлдызында қазіргі Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының бауырында, Қасқабұлақ деген жерде дүниеге келген.
3-ші оқушы: Абай Құнанбаев 1904 жылы, ұлу жылында 60 жасында Семей облысының Шыңғыс болысында дүниеден қайтқан.
4-ші оқушы: Абайдың әкесі Құнанбай аға сұлтан болып сайланған.Атасы Өскенбай дала халқының әділ биі болған. Арғы атасы –Ырғызбай- билеуші сұлтаны болған.
5-ші оқушы: Абайдың әжесі –Зере.Абайды осы Зере деген әжесі тәрбиелеген.Әжесі Ибрагимді еркелетіп "Абай" деп атап кеткен.
6-ші оқушы: Абайдың анасы Ұлжан- ақылды, мейірімді кісі болған.
7-ші оқушы: Абай 10-12 жасында мұсылманша оқып, хат таныған.12 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқуға түседі.Ол үздік оқушы атанады.
8-ші оқушы: Абай 14 жасында сықақ өлеңдер шығарған.
9-ші оқушы: 15 жасынана бастап, әкесіне көп көмегін тигізген. Ел-жұрт Абайды би етіп сайлады. 20 жасында Абай от тілді шешен болған.
10-ші оқушы: Абай – сазгер. «Айттым сәлем ,Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», әндері бар. Домбыра тартқан, 3 – 4 күйі бар. «Май түні», «Абай желдірмесі»
11-ші оқушы: 4 жылдық медреседе және 3 айлық орыс мектебінде оқиды. 15 жасында би етіп сайлайды.
1-ші бастаушы:
"Абай –ұлы ақын"Ақындардың ұстазы. Абай өзінің кіршіксіз ақ жүрегінен тебіренткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетіне маржандай төгілдірді
Абай өз өлеңдерінде жастарды өнер, білім алуға шақырды.Адал еңбек етуге,халқына пайда келтіруге үндеді. Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірбаянымен, әдеби, педагогикалық шығармашылығымен таныстыру. Оқушылардың жазушы, ұстаз туралы түсініктерін кеңейту.
Міне , балалар жылдар шежіресіне тоқтала отырып 3 топқа бөлініп алдық. Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Ыбырай Алтынсарин – ұлы тұлға». Тәрбие сағатына қызығушылықпен, ізденіспен қатысайық. . Ыбырай туралы мәлімет
Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының Торғай қаласында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының белгілі би Балқожаның
қолында тәрбиеленді. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық
тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды.
Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы, ғалым
В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ауылды аралап,
халыққа мектептің пайдасы туралы әңгіме жүргізеді. Жұрттың оқуға ынтасын арттыру үшін біраз балаларды өз үйінде оқытады. Халықтан жиналған қаражатқа мектеп үйін салғызады. Ыбырайдың арман еткен мектебі тек 1864 жылы ашылады. Осыған байланысты үлкен той болады. Мектеп жанынан интернат ашылады.Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөледі. Бұған ескішіл әдет-салттарға қарсыкүрестің бір жолы есебінде қарайды.1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы – оның ағартушылық аса зор еңбегі. Орынборда 1879 жылы Алтынсаринның тұңғыш оқу құралы «Қазақ хрестоматиясы» шықты. Бұл құралды орыс алфавиті негізінде жариялады.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясын»
балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырды.Олардың бірқатарын өзі жазды.
«Әке мен Бала» әңгімесінен көрініс.
Осы қасиеттің бәрін біз мектептен аламыз. Күтілетін нәтиже: Бұл көріністен өзіндік пікірін қалыптастыруға дағдыландыру және сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Оқушылардың дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерінің көзін шығармалар оқиғалары негізінде аша отырып, мейірімділікке, талаптылыққа, еңбексүйгіштікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Бұл көріністен қандай ой түюге болады?
Ыбырай Алтынсариннің шығармаларының мазмұны қандай бағытқа жетелейді?
Оқушыларға беретін қандай тәрбиелік мәні бар?
Ыбырай Абай атамыз жайлы слайд
2-бастаушы:
Оның әрбір жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жақын леп еседі.Жүрегімізге қонымды Абай лебі, Абай үні,Абай тынысы- заман тынысы, халық үні.
Өлең сөздің патшасы сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Өздеріңіздің өлең жолдарыңызды айтып өтсеңіздер
Аяулым,Арайлым,Еңілік,Жансерік,Алихан,Димаш.Асанали,Айдана,Арлан,Рамазан,Оразхан,Фатима,Ризат.Айнара.
1-ші бастаушы:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
2-ші бастаушы:
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға.
1-ші бастаушы:
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
2-ші бастаушы:
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан.
2-ші бастаушы: Достар, Абай атамыз туралы не білеміз?
Оқушылар жауабы: Біз Абай атамыздың өмірбаянымен туған жерімен таныстық.
Екіншіден балам,қағаз ақ, одан адам оқып білім ала алмайды, үстіне қара сиядан өнер-білім алады.
Үшіншіден. жас кезде адамның сақалы,шашы қара болады. Жас күнде адамда ақыл, білім,қайрат көп болады.Қартайғанда шаш, сақал ағарады. Қайрат та азаяды.
.
3. Оқушыларды талаптылыққа, білімпаздыққа,еңбексүйгіштікке,әдептілікке тәрбиелеу.
Өмірде бір данышпан
Қалдырыпты өсиет
Кездескенде әр адам
«Қайырлы таң!» деу керек!
«Мозайка әдісі»
Балалар берілген карточкалар арқылы суретті құрап әңгімелеп береді.
І. Топқа бөлу
11 Топ
111 Топ
)
Музыкалық сәлем
«Желсіз түнде жарық ай»
Орындайтын 3А сыныбының оқушысы
Жумагелди Айдана
«Сыйқырлы айна» ойыны арқылы оқушылар бірдей заттарды айтып орын ауыстырады.
Сұрақ-жауап «Ашық микрафон» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береміз.
1 Абай Құнанбайұлы неше жасында Семейге оқуға жіберілді
( 10 жасында)
2 Абай Құнанбайұлы медреседе қай тілдерді игерді
(парсы,араб,түркі)
3 Қазақтың бас ақыны кім
(Абай)
4 Ы.Алтынсариннің табиғатқа арналған өлеңін айт
(Өзен)
5 Аз жұмысты қиынсынсаң көп жұмысқа тап боларсың қай әңгімеден алынған?
(Әке мен Бала)
6 Абайдың шын есімі
(Ибрахим)
7 Абайдың әжесінің аты
(Зере)
8 «Өнер білім бар жұрттар» кімнің өлеңі
(Ы.Алтынсариннің)
9 «Күз» атты өлең кімдікі
(Абай)
10 Ыбырай Алтынсарин қай өлеңі арқылы балаларды оқуға шақырады
«Кел балалар оқылық»
VІІ. «Мектеп» макетін құрастыру ( 3 - қосымша)
Ең алдымен мектеп салу үшін бірінші іргетасын қалаймыз.
Іргетас мықты болса , берілетін білім де мықты болады.
Негізі ( қабырғасы) -шәкірттер. Мектептен сусындайтын , білім алатын – шәкірттер.
Есік , терезесі - қазақ елін аудармалары арқылы әлемге паш етті
Шатыры – білім шыңына балаймыз.
«Мектеп – ұстаз – бала» бір – бірімен тығыз байланысты.
Қорытынды Рефлексия
«Қара жәшік» әдісі арқылы түсінбеген сұрақтарымызды жазып салатын боламыз
Алтынсарин – қазақтың жарық шамы,
Ойлағаны аяулы халық қамы.
Жап-жасыл жайқалатын жапырағы,
Алтынсарин – елімнің алтын бағы.
Алтынсарин- мазмұнды өмір әні,
Үлгі болып алдыңнан жолығады.
Шырт ұйқыдан оятқан бабамызды
Алтынсарин – даланың қоңырауы.