Материалдар / Ашық сабақ Адам бақыты 7сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Адам бақыты 7сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал өзін - өзі тану пәні мұғалімдеріне арналған 7сыныптың ашық сабақ конспектісі.Сабақ барысында әдістеме қолданған. Оқушыларды жалпыадамзатық құндылықтарға бағыттайтын оның ішінде адам бақытына арналғантақырып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2018
740
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: «Базылбек Ахметов атындағы орта мектеп» ММ

Мерзімі: 17.10.2018 ж № 7 сабақ

Тақырып: Адам бақыты (1)

Құндылық: Ішкі тыныштық

Қасиеттер: Жанашарлық , қайырымдылық, жауапкершілік.

Мұғалім: Мергазина Н.М. Сынып – 7сынып Оқушы саны: 11

Мақсаты: Оқушылардың Ішкі тыныштық құндылығы арқылы бақыт туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

1.Адам бақытын дұрыс әрекет құндылығының негізінде ұғындыру

2.Оқушылардағы қайырымдылық, жанашырлық қасиеттерін дамыту.

3.Оқушылардың жауапкершіліктерін сезіне білуге тәрбиелеу.

Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)1. http://oilar.kz2. www.on.kz., Ust.kz

7сынып өзін – өзі тану пәні оқулығы., Оқушы дәптері.,

7 сынып

өзін – өзі тану пәніне арналған мұғалімге әдістемелік көмек

1.Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. 5 Т – ережесін еске түсіру

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.

-Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Топқа бөліп отырғызу.

Жағымды көңіл – күйге келу. «Нұрға бөлену». Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын» Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

Керекті құрал-жабдықтар: Топқа бөлетін карточкалар.

Интерактивті тақта,

калонка,

бейне жазба, А -4 қағаздары, қалам, әртүрлі бояулар


2. Үй тапсырмасы.

33 бет., 4 тапсырма , сөзтізбекті шешу

Сөзтізбекті дұрыс шешкен кезде «Еңбекпен бақыт егіз» деген мақал шығады


  1. Сабақтың дәйексөзі:

Кім көп еңбек етсе, бақыт соған қонады.

Леонардо да Винчи

(Ұлдарға және қыздарға хормен оқытып жұмыс дәптеріне жазғызу)

-Көп еңбек еткен адамға неге бақыт қонады? Мысал келтір


4 Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Бақытты адамның көйлегі

Ертеде бір патша өзі патшалық құрған елді көркейту үшін күні түні жанын аямай жұмыс істепті.Ол жақсы өмір сүріп , бақытқа жету үшін не істеу керектігін ойлап көз ілмейді екен. Бір күні уәзірлерін айналасына жинап,мұңын шағып ақыл сұрапты.Уәзірлердің ішіндегі үлкендеуі және ең тәжірибелісі сақалын тарамдап патшаға бұрылып:

-Құрметті патшам!Әр дерттің бір шипасы болады. Әрине,патшамыздың жан тыныштығы,ұйқысының бұзылмауы үшін бірдеңе ойлап табармыз.Ол үшін бір шара бар.Бақытты бір адамды тауып,оның үстіндегі көйлегін сізге кигізсек,жаныңыз рақат табатын болады,- дейді. Патша уәзірдің сөзін жөн санап,адамдарына сол жердегі ең бақытты адамды тауып,оның көйлегін алып келуге бұйрық береді.

Адамдар жолға шығып тау,қырларды асып,бір қалаға келеді.Есік есікті кезіп,бақытты адамды іздейді.Кімді тапса да ,оның әйтеуір бір дерті,не қасіреті болады. Ешқайсысың бақытты адам деп айтуға келмепті.патшаның адамдары бір бірімен ақылдасып: “Біз бұл үлкен қалада бақытты адам иаба алмайтын сияқтымыз.Қаласаңдар,ауыл жаққа барайық.Қалаға қарағанда ол жақта бақытты адамдар көп боладығой” ,-дейді.

Уәзірлер талай тауларды асып,бір ауылға барады.Ескі ескі жатақтарды кезеді.ол жерден басқа ауылдарға барады.кімді кездестірсе де бай болсын,кедей болсын барлық адамдардан сұрап ,бақытты адамды іздейді.Әйтсе де тапқан адамдарының барлығының қасіреті,жүрегінде қайғысы болады.Уәзірлер бұл жағдайда қатты қиналады.бастары салбырап,патшаның жанына қайтуға шешім қабылдайды.Кетіп бара жатып,өзеннің жағасындағы қалың шөптің арасында бір отар мал бағып жатқан қойшыны кездестіреді.қарсы жақтан құшағында баласы,қолында жейтін тамағы бар қойшының әйелі келеді.Қойшы тамғын сүйсініпжеп,әйелімен әңгімелесіп,сүйікті баласымен ойнай бастайды.патшаның адамдары таңырқай қарап,қойшыдан қандай қасіреті бар екенін сұрайды.Қойшы күлімсіреп: “Қымбатты мырзалар!Менің еш нәрсем жоқ,сонда да бақыттымын,өміріме ризамын “-, дейді.Қойшының бұл сөзіне қуанған уәзірлер оған патшаның әмірін түсіндіріп,киген көйлегін бір кесе алтынға айырбастайтындықтарын айтады.

Сонда қойшы қиналыңқырап: “Мырзалар! Өтініштеріңізді орындасым орындасам, мен де қуанышты болар едім. Мен көйлек кимеймін. Менің денемді күндіз күн сәулесі қыздырып, кешке қарай салқын самал желпінтеді. Сіздерге беретін көйлегім жоқ менің. Сеніңіздер маған!”- дейді.

Уәзірлер көйлек табудан үміттері үзіліп, патшаның жанына келеді. Бақытты адамның көйлегін іздегендерін , көйлекті адамдардың төрт құбылысы тең болса да, әйтеуір оларда бір бақытсыздық бар екендігін айтады. Ал соңында бір бақытты адамды тапқандарын, бірақ оның көйлегінің болмағанын түсіндіреді. Түні бойы жұлдыздарға қарап тәтті ойға шомған патша келер күннен бақыт күтіп таң алдында ғана көз іледі.

  1. Патшаның мазасын алған ой қандай еді?

  2. Қойшының бақыты неде болды?

  3. Бақытты болу дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?”


5 Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар 2 топқа бөлінеді.

Тапсырма: 1. Топқа тақырыпқа сай ат кою

2.«Бақыт деген не?» өз ойларын көрсетуі тиіс

(суретпен, өлеңмен, көрініспен т.б. бейелеуге болады).

1 – топ:

2 – топ:

(Оқушылар жұмыс орындап отырғанда баяу мызыка қойылады)


  1. Топпен ән айту. «Бақыт құшағында»

Сөзі: Т. Молдағалиевтікі Әні: Ш. Қалдаяқовтікі

Көзіңнен бір ұшқын,Ұшты ма білмедім.

Әйтеуір нұр құштым,Әйтеуір гүлдедім.

Көктемнің бұлбұлыКеудеме қонады.

Құшаққа қыр гүліТолғандай болады.

Қайырмасы:Кел, билейік, кетпе менің қасымнан,

Қызғалдағым таң нұрымен ашылған.

Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды,

Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған.

Әнбісің төгілген,Жырымсың армандай.

Бір бақыт көрінген, Жақындап қалғандай.

Жанардың ұшқыны, Жүректе жанады.

Қолыңның ыстығы , Қолымда қалады.

Қайырмасы

Мен бүгін бұлақпын, Ілгері жүгірген.

Бір нәзік шуақпын, Жаныңа үңілген.

Сүйемін мен күнді, Көңілді, жалынды.

Сен биле еркімді, Әлдиле жанымды.


6 Үй тапсырмасы.1. №8 – сабақ.

Оқулықтағы «Адам қалай ойлайды?» Джеймс Аллен

мәтіні 30 бет


  1. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 5-6 рет) немесе 1..................2 [3].

Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.


































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!