Материалдар / Ашық сабақ: «Адамгершілік асыл қасиет»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: «Адамгершілік асыл қасиет»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Емхана мен Дәріханада» сюжеттік рөлдік ойынын ойнай білуді үйретіп, қалыптастыру. Өз –өзіне қызмет жасай білуге үйрету. Әр түрлі заттарды қолдана отырып ойын ортасын жасау, қалыптастыру. Өз ойлары бойынша ойнауға, шығармашылық белсенділіктерін арттыруға жағдай жасау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Мамыр 2022
336
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады








«Емхана мен Дәріханада»

(сюжеттік-рольдік ойыны)

Мақсаты: «Емхана мен Дәріханада» сюжеттік рөлдік ойынын ойнай білуді үйретіп, қалыптастыру. Өз –өзіне қызмет жасай білуге үйрету. Әр түрлі заттарды қолдана отырып ойын ортасын жасау, қалыптастыру. Өз ойлары бойынша ойнауға, шығармашылық белсенділіктерін арттыруға жағдай жасау.

Түзету білімділік: Байланыстырып сөйлеуді жетілдіру, алған әсерлерін жеткізе алуға дағдыландыру.Балаларға анық сөйлеп,мұқият тыңдап,дыбыстарды анық шығаруға үйрету.

Тұзету дамытушылық: Қарым – қатынас алуға жетілдіру, ойын ережесін түсініп, бағынуға, тыңдай білуге жаттықтыру. Балалардың байланыстырып сөйлеу, рөлдік диалог құра білу,қиялын,ойлау қабілетін, тыңдау қабілетін дамыту.

Түзету тәрбиелік: Дәрігерлердің еңбегін құрметтеуге, балалалардың өзара достық қарым-қатынасын тәрбиелеу.Балалардың өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: тақта,кеспе қағаздар,суреттер,дәрігерлер жиынтығы,ақ халаттар.

Тәрбиеші: Салеметсіздерме, балалар? Балалар бізге көп қонақтар келген екен амандасайық.
Балалар: Сәлеметсіздер ме?

Тәрбиеші: Қане, ортаға шығып, шаттық шеңберін жасайық!


Шаттық шеңбер:
Аспанымыз ашық болсын,
Еліміз тыныш болсын.
Деніміз сау болсын,
Достарымыз аман болсын!


Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!

Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілі.

-Қыстың қандай айы?

-Ақпан айы.

-Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?

-Суық болады.

-Бүгін далада ауа-райы қандай?

-Суық.

-Ендеше суықта далаға қалай шығу керек?

-Жылы киініп шығу керек.

-Ал жылы киінбесек не болады?

-Ол кезде біз ауырамыз.

-Ауырғанда қайда барамыз?

-Емханаға барамыз.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!

Тәрбиеші: Балалар, енді тақтаға назар аударайық. Тақтадағы суреттер бойынша әңгіме құрастырайық. (Тақтадағы суреттер бойынша сұрақ-жауап өткізіледі.)

Ендеше балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Емхана мен Дәріханада».

Енді балалар сабақ барысында кездесетін жаңа сөздермен танысамыз.

Сөздік жұмысы: педиатр,медбике,дәріхана,термометр,рецепт,маска, фанендоскоп.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Қазір балалар бізге Шұғыла мен Зарина дәрігерлер жөнінде жаттаған тақпақтарын айтып береді.

Шұғыла:

Тауға да ұрып, тасқа да ұрып сау басын,
Пенде шіркін кеш ойлайды тәубасын,
Дәрігерді жаратқан ғой тәңірім,
Адамдарға рахымы мол болғасын!


Зарина:

Он лечит взрослых и детей
От гриппа, насморка и жара.
Спасает жизни всех людей,
И молодых, и старых.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!

Қазір балалар біз сіздермен «Емхана мен Дәріханада» сюжетті-рольдік ойын ойнаймыз.

Керекті құрал-жабдықтар: дәрігерлер жиынтығы, ақ халат, дәрігер, медициналық карталар, тіркеу орны.

Рөлдерде:

1. Тіркеуші – Ақниет.

2. Педиатр –дәрігер – Зарина.





4. Дәріханашы – фармацевт – Ақниет.

5. Анасы мен қызы – Шұғыла мен Әдемі.

Тіркеуші: Сәлеметсіз бе?

Анасы: сәлеметсіз бе? Бізге педиатрға баруға жолдама мен карточка беріңізші.

Тіркеуші: Қызыңыздың фамилиясы қалай?

Анасы : Кулекешова.

Тіркеуші: Есіміңіз кім?(атыңыз кім)

Қызы: Әдемі.

Тіркеуші: Міне карточкаңызды алыңыз.

Анасы: рахмет, сау болыңыз.

(Есік қағылады)

Анасы мен қызы: Сәлеметсіздер ме?

Педиатр: Сәлеметсіздер ме?

Анасы: қызым ауырып қалды, тексеріңізші.

Педиатр: Қызыңыздың ауырғанына неше күн болды?

Анасы: 2 күн болды.

Педиатр: Қазір температураңызды өлшейміз. (Өлшейді). Температураңыз өте жоғары екен, енді тыңдап көрейік, (тыңдайды) жақсы, ал енді тамағыңызды тексеріп көрейік, аузыңызды ашыңыз. (Тамағын тексереді).

Педиатр: Тамағыңыз қызарып тұр, ангина. Қазір дәрілер жазып беремін, даріханадан барып аласыздар.

Анасы: Рахмет, сау болыңыз.

«Дәріхана»

Анасы мен қызы: Сәлеметсіз бе?

Дәріханашы: Сәлеметсіздер ме?

Анасы: Сізде мына дәрілер бар ма?(қолындағы қағазды дәріханашыға ұсынады)

Дәріханашы: Иә, бар.

Анасы мен қызы: Қанша тұрады?





Дәріханашы: Температураның дәрісі 200 теңге, ал ангинаның дәрісі 100 теңге тұрады.

Анасы: екеуін де беріңізші.

Дәріханашы: Міне алыңыз. Ангинаның дәрісін күніне 5 рет, температураның дәрісін қызуы көтерілген жағдайда бересіз.

Анасы: рахмет, сау болыңыз.

Дәріханашы: сау болыңыз.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!

Енді балалар тақтаға назар аударайық! Тақтада мақал-мәтелдер жазылып тұр,сендерге тапсырма осы мақал-мәтелдердің жалғасын табуымыз керек.

-Дені саудың -,,,,,,,,,,,,,,,

- жаны сау.

-Аурудың жақсысы жоқ,,,,,,,,,,,,,,,,,,

-дәрінің тәттісі жоқ.

-Тазалық-,,,,,,,,,,,,,,,,,,

-денсаулық кепілі.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!

Балалар енді біз сабағымызды қорытындылайық.

  • Сонымен біз бүгінгі сабағымызда не істедік?

  • Сұраққа жауап бердік,рольдік ойын ойнадық,тақпақ айттық.

  • Балалар бүгін біз қандай тақырыпта ойын ойнадық?

  • «Емхана мен Дәріханада»ойыны.

  • Осы ойын арқылы біз қандай мамандықтармен таныстық?

  • Дәрігер-педиатр, дәріханашы.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!

Халқымызда мынадай керемет мақал бар «ауырып ем іздегенше,ауырмайтын жол ізде».

Сондықтан балалар қыста жылы киініп жүрейік,ауырмайық.

Осымен біздің сабағымыз аяқталды.

Бүгінгі сабаққа бәрің жақсы қатынастыңдар.

Жарайсыңдар балалар!

Сау болыңдар!
























Аспанымыз ашық болсын,


Еліміз тыныш болсын.


Деніміз сау болсын,


Достарымыз аман болсын!




Шұғыла:

Тауға да ұрып, тасқа да ұрып сау басын,
Пенде шіркін кеш ойлайды тәубасын,
Дәрігерді жаратқан ғой тәңірім,
Адамдарға рахымы мол болғасын!



Зарина:

Он лечит взрослых и детей
От гриппа, насморка и жара.
Спасает жизни всех людей,
И молодых, и старых.













-Суық болады.



-Бүгін далада ауа-райы қандай?



-Суық.



-Ендеше суықта далаға қалай шығу керек?



-Жылы киініп шығу керек.



-Ал жылы киінбесек не болады?



-Ол кезде біз ауырамыз.



-Ауырғанда қайда барамыз?



-Емханаға барамыз.





















Сөздік жұмыс: педиатр(бала дәрігері) медбике, дәріхана, ине, термометр(ыстық өлшейтін құрал), рецепт, маска.




















Сәлеметсіз бе?



Бізге педиатрға баруға жолдама мен карточка беріңізші.







Қызыңыздың фамилиясы қалай?



Кулекешова.



Есіміңіз кім?(атыңыз кім)



Әдемі.



Міне карточкаңызды алыңыз.



Рахмет, сау болыңыз.



Сәлеметсіздер ме?



Сәлеметсіздер ме?









Қызым ауырып қалды, тексеріңізші.



Қызыңыздың ауырғанына неше күн болды?





2 күн болды.













Қазір температураңыз-ды өлшейміз.



Температураңыз өте жоғары екен, енді тыңдап көрейік.



Жақсы, ал енді тамағыңызды тексеріп көрейік, аузыңызды ашыңыз.









Тамағыңыз қызарып тұр, ангина.



Қазір дәрілер жазып беремін, даріханадан барып аласыздар.





Рахмет, сау болыңыз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!