Материалдар / Ашық сабақ Адами қарым-қатынастар әлемі 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Адами қарым-қатынастар әлемі 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін-өзі тану педагогтарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Наурыз 2021
426
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ


ІII тарау

Адам және әлем

Тақырып: Адами қарым-қатынастар әлемі


Мектеп: Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназия

Күні: 19.02.2021 ж.

Сабақ реті: 21

Мұғалімі: Сапарбай С.П.

Сынып: 5 «б»

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер:қарапайымдылық, адалдық, әділдік


Мақсаты: «Адами қарым-қатынастар әлемі» тақырыбы туралы түсінік бере отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

Білімділік:оқушыларға ізгі қарым-қатынастың мәнін түсіндіре отырып, кішіпейілдік қасиеті туралы түсінік беру

Дамытушылық:оқушыларды айнала қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасауға үйрете отырып, ізеттілік қасиетіне баулу

Тәрбиелік:оқушыларды үйлесімді өмір сүруге, әдептілікке тәрбиелеу


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.

5 Т – ережесі:

Тәртіп. Талап. Тыныштық. Тазалық. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Мен сіздерді өздеріңіз жайлы бірнеше жағымды сөздер еститін ғажайыптар әлеміне саяхатқа шақырғым келеді.

Ыңғайлы отырып, көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Үш рет терең тыныс алып және босаңсып, ыңғайлы отырыңыздыр.

Біз қазір жұлдызды аспанды елестетейік.Сіз білесіз бе? Біздің әрқайсымыздың бір жұлдызымыз бар. Бұл жұлдыз бізді басқа адамдардан ерекшелейді. Кейбір жұлдыздар бізді бір-бірден түстері арқылы кейбіреуі үлкендігі арқылы ажыратылады. Ал енді сол жұлдызды өзімізден тауып көрейік. Мүмкін бұл жұлдыз сіздің басыңызда орналасқан шығар. Мүмкін жүрегіңізде ме? Егер сіз өз жұлдызыңды тартымды деп ойласаңыз, оны қолыңызмен ұстап, жайлап алдыңа қойыңыз. Өте жақсы! Сіз өз жұлдызыңызды таптыңыз ба? Соған өте мұқият қараңыз!. Ол қандай түсті? Көлемі қандай? Жұлдызыңыздың жарықтығы қандай? Оның жарқырауы сізге ұнай ма?

Ол бір құпияны біледі. Ақырын өз жұлдызыңызды қасыңызға алып құлағыңызға тақап, ол сізгене айтқысы келеді екен? Сіз оның айтқандарының бәрін мұқият тыңдап болғаннан соң ақырын жүрегіңізге жақын ұстаңыз, жұлдызыңыз айтқан сөздерін тағы да бір есіңе алыңыз.

Сіз енді білесіз бе неліктен сіз көрікті және қайталанбас адам екеніңізді. Сіз енді өз жұлдызыңызды жаныңның терең жеріне жіберңіз. Ақырын өзіңізге «Мен көрікті және қайталанбас адаммын» деп айттыңыз.


Ресурстар:

Мультимедиялық тақта, оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер,

аққағаз, гүл, жүрек, көбелек суреттері

2. Дәйексөз

«Кішіпейілдік – кісінің көркі»

Дәйексөзді бірінші кезекте ұл балалар қайталап оқиды. Содан соң қыз балалар қайталап айтады.

3. Әңгімелеу

«Сәлем»

Талдау сұрақтары:

Әкесінің баласына ескерту жасауының себебі неде?

Сәлемдесу кезінде адамның бойында қандай қасиеттер кӛрініс береді?

«Сәлем - сөздің анасы» дегенді қалай түсінесіңдер?

Өзің адамдарменқалайсәлемдесіпжүрсің?


Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.

4. Шығармашылықжұмыс:

1-тапсырма: Мәтінді оқыңдар. «Әдепті адам қандай болуы тиіс?» тақырыбында ереже құрастырыңдар.

2-тапсырма: Дәптердегі суреттерге мұқият қараңдар. Осы суреттер бойынша шағын әңгіме құрастырыңдар.


Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді.

5. Топпен ән айту

«Бала тілегі»


Әнді ерекше көңілмен айтып, сергиді

6. Дәптермен жұмыс: дәптердетапсырмаларды өз беттерінше орындайды.

Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды

7. Үй тапсырмасы: «Алмаш»


Күнделіктеріне жазады.

8. Сабақтың қорытынды сәті

Кішіпейілділік – бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі. Бұл – өзін-өзі мақтаудан аулақ ұстайтын, сыйластық шегінен шықпайтын, жасаған жақсылығын жария етпейтін адам. Кішіпейіл адам әрдайым басқа адамдардың сүйіспеншілігіне, құрметіне ие болады. Қарым-қатынас жасау барысында ойың, ниетің, іс-әрекетің, мінез-құлқың жақсылыққа толы болсын.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!