Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Адамның асқорту жүйесінің құрлысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге сабақ жоспары ретінде қолдануға болады. деңгейлеп саралап оқытуға ыңғайлап жасалған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Қоректену

Мектеп: Түймекент орта мектебі

Күні: 14.10.2020

Мұғалімнің аты-жөні: Жақсанова Шынар

Сынып: 8 «Б»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Адамның асқорту жүйесінің құрлысы.

Оқу мақсаттары

Адамның ас қорыту жүйесінің құрылысы мен қызметтері арасындағы өзара байланысты анықтау

Сабақтың мақсаты

Асқорыту мүшелері құрылысының қызметімен байланысын түсіндіру.


Бағалау критерийлері

ас қорыту жүйесі мүшелерін дұрыс ретімен көрсетеді;

ас қорыту мүшелері мен қызметінің байланыстыра алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

асқорыту мүшелерін атайды, олардың адам ағзасындағы орналасуын сабақтас тіркестерді пайдаланып сипаттайды және ас қорыту жүйесін көрсететін сызбаны дұрыс құрастырады туралы ауызша сипаттап түсіндіре алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Ауыз қуысы, өңеш, ұлтабар, асқазан, ұлтабар, аш ішек, тоқ ішек, тік ішек, асқорыту бездері, бауыр, сілекей бездері, ұйқы безі.

Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.



Пәнаралық байланыс

Ас қорыту жолында жүретін үдерістер арқылы химия пәнімен байланысады

Алдыңғы білім

Оқушылар 5-6 сынып материалынан қоректену - тірі ағзалардың негізгі қасиеттерінің бірі екенін біледі. 7 сыныптан «Қоректену» бөлімінен өсімдіктер, жануарлар және саңырауқұлақтардың қоректенуін сипаттай алады. 7 сыныптан органикалық заттардың болуына тағам өнімдерін тестілей алады.


Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар







Тақырыптың өзектілігін ашу үшін «Неліктен асты қорыту қажет?» сұрағы қойылады. Оқушылардың жауаптарын астың құрамындағы органикалық заттардың қан арқылы дене жасушаларына өтуі үшін қоректік заттарды қарапайым түрге дейін ыдырату маңызды деген қорытындыға қарай бағыттаған жөн. Ас қорытылмаса оның жасушаға сіңірілуі мүмкін болмай қалады. Жасуша өзіне қажетті затты ала алмаса ағзаға тамақтану туралы сигнал беріледі де адамның қарны аша береді. Астың жасушаға өтетін түрге айналуы үшін асқорыту мүшелері қажет деген қорытынды шығарылуы тиіс. Сонымен бүгінгі сабақ не туралы екен деп сұрау арқылы сабақтың тақырыбы ашылады. Бұл мүшелер туралы нені білу қажет деп ойлайсыздар деген сұрақты талқылай отырып сабақтың мақсаттарын оқушылармен бірге анықтауға болады. Бағалау критерийлері таныстырылады.


2-3 слайд















Оқушыларға асқорту мүшелерін биология зертханасындағы адамның ішкі құрлысы жақсы көрінетін муляждың көмегімен жаңа сабақ түсіндіріледі.

Оқушыларға слайд арқылы

жұтқыншақ пен өңеш

асқазан

бауыр

өт қалтасы

ұйқы безі

аш ішек

тоқ ішек

тік ішек бейнесі көрсетіледі сол арқылы асқорыту жүйесінің құрылысын талдайды.

Оқушыларға асқорту жүйесін кестеге толтыру ұсынылады. Бірінші бағанға асқорту мүшелерін ретімен орналастыру қажет. Екінші бағанға асқорту бездерін жазуға тиіс.

Екінші тапсырмада асқорту мүшелерінің суреті берілген, әр мүше номермен белгіленген. Осы мүшелердің атауларын жазу қажет.

Үшінші тапсырмада биологиялық диктант ұсынылған. Диктанттағы көпнүктенің орнына қажетті сөздерді жазып толықтыру қажет.









5-13 слайдтар













14-слайд





15-слайд





16-слайд



Тақырыптан алған білімдерін бекіту үшін оқушыларға асқорыту жүйесінің барлық бөлімдерін және қызметі жазылған карточкалардың көмегімен әр мүшенің қызметін сәйкестендіре орналастыру сұралады.

Саралау тапсырмасы ретінде кейбір оқушыларға адам денесінің моделінде асқорыту мүшелерін көрсетіп, әрқайсысының қызметін атау тапсырмасы ұсынылады.










Кері байланыс

Бүгінгі сабақтың:

  • ең тәтті тұсы...

  • ең ащы тұсы...

  • келесі сабақтағы тапсырыс ...


18-слайд

Дифференциалды оқыту?

Қабілеті жоғары оқушыларға:

Сабақ бойында күрделі сұрақтарға жауап беру.

Қабілеті орташа оқушыларға:

Өз ойын мұғалімнен сұрап, талдау жасай алады

Жұмыс барысы бойынша қолдау көрсету

Мұғалімнің қолдауы көрсетіледі.

Деңгейлік тапсырмалар ұсынуға болады.


Бағалау

Кіріспе бөлімінің сұрақтары, түрткі сұрақтарға жауапты мұғалімнің бағалауы. Ынталандыру, қолдау көрсету.

Топтық талқылау жұмысына оқушылардың өзара баға беруі

Бекіту тапсырмасының нәтижесі бойынша








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.10.2020
398
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12