Ашық сабақ Адамның ішкі сұлулығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Адамның ішкі сұлулығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін өзі тану пәні бойынша "Адамның ішкі сұлулығы" туралы ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты адамның бойындағы ішкі сұлулық арқылы, оқушының жан-жағына деген көз-қарасын дамыту,тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді: _______________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі:№6 ЖББОМ

Күні: 17/10/2019

: 7

Мұғалімі:Жагипарова Г.М.

Сыныбы: 4

Оқушылардың саны: 12

Тақырыбы: Адамның ішкі сұлулығы

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Бәрін жақсы көру, ақкөңілділік, достық

Мақсаты: Оқушыларға адамның ішкі сұлулығының маңыздылығын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушылардыбәрін жақсы көре білуге үйрету.

  2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы достық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды ақкөңіл болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Т – ережесі:

  1. Тәртіп.

  2. Талап.

  3. Тыныштық.

  4. Тазалық.

  5. Татулық.
    Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды күйге келу.

«Мейірімді жүрек» жаттығуы

Бүгінгі сабағымызды мейірімге толы жүрекпен бір-бірімізге жүрек жарды тілек айтайық. 

Топқа бөліну гүлдер арқылы

Достық

Бақыт

Үй тапсырмасы.

1. №6 – сабақ. 4 – тапсырманы мәнерлеп оқу

Тамаша, балалар яғни мінез-құлық әркімнің өзін кқрсететін айнасы екенін ұмытпаңдар.

Сұрақтар:

Сыртқы сұлулық артық па, әлде ішкі сұлулық артық па? Неліктен?

Адамды әсем ететін сыртқы келбеті ме, әлде жақсы мінезі ме? Неліктен?

Адамды түр-әлпетіне қарап бағалаған дұрыс па, әлде адамшылығына қарап бағалаған дұрыс па? Неліктен?

Сырты сұлу сұлу ма, әлде іші сұлу сұлу ма? Неліктен?



Слайд










Жүрек



Түрлі-түсті гүлдер





3. Сабақтың дәйексөзі.

Нәрсенің сыртына қызықпа, асылы ішінде болар.

Ыбырай Алтынсарин.

Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері

  • Дәйексөздің мағынасын түсініп алыңдар.

Слайд

  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Даналық тағылымы

  • Отбасы демалыс күндерін жағажайда өткізді. Балалар суға түсіп, құм

нан қамал жасап ойнады. Кенеттен алыстан қарт ана қөрінді. Оның киімдері кір, жыртық, ақ шаштары желмен жалбырап кеткен. Ол өзімен-өзі күбірлеп, құмнан бір заттарды теріп алып, сөмкесіне салып жүр. Ата-аналар балаларын жандарына шақырып, кемпірге жақындауға тыйым салды. Ол жандарынан өтіп бара жатып, бір затты алу үшін еңкейген уақытта адамдарға қарап күлімсіреді, бірақ бірде-біреуі оның бұл ықыласына жауап қайтармады. Олар бірнеше апта өткен соң қарт ананың жағажайдан балалардың аяқтарын жарақаттап алмауы үшін үнемі шыны сынықтарын теріп жүретінін естіді.

Талқылау сұрақтары:

  • Балалар жағажайдан кімді көрді?

  • Ата-аналар балаларына ол жерге баруына неге тыйым салды?

  • Қарт ана оларға қалай қарады?

  • Бірнеше аптадай кейін олар нені естіді.

  • Балалар, қарт ана осы жерде оларға қандай құндылығы арқылы көмегін көрсетті?

Тамаша балалар жарайсыңдар

Ал енді оқулықтағы мәтінді оқиықшы.Дәлелдеу

Дәптермен жұмыс

Өзіңді сұлумын деп санайсың ба? Неліктен?





















Жұмыс дәптері

  1. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Бақыт тобы «Сәйкестендіру» әдісі бойынша

Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойып, нақыл сөздерді оқиды

Адам барлық жағынан да: түрі де, киімі де, жаны да, ойы да ... болуы керек.
Антон Чехов


Адамның асқан сұлулығы – оның ... .

Василий Сухомлинский


Адамның ойы да, бойы да ... .

Ғабит Мүсірепов


Сұлулық жақсы. Бірақ адамның ең алдымен, ... сұлу болу керек.

Сәкен Сейфуллин

Достық тобы «Сұлулық» сөзіне адам бойында кездесетін қасиеттерді жазады

С-ыпайылық

Ұ-

КішіпейіЛ

Уайымшыл

БатыЛ

ШыншЫл

Қарапайымдылық


Күншуақтарының ішінен өзіңнің бойыңдағы адамгершілік қасиеттерді теріп жаз және оларды ісжүзінде қалай көрсетіп жүргеніңді айтып бер.


А4,маркер











Күн және шуақтары

  1. Топпен ән айту.

Мен әдепті баламын

Өлеңін жазған Әбдірахман Асылбек

Әнін жазған Ибрагим Нүсіпбаев

Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,

Мінезімнен теріс қылық таппайды.

Ал, егер сен жалқау болсаң тілазар,

Ондай әдет жақсылыққа жатпайды.

Қайырмасы:

Айтқан тілді аламын,

Айтқан жерге барамын,

Мен әдепті,

Мен әдепті баламын.

Тілін алып кішінің де кәрінің,

Айтқанынан шығып жүрмін бәрінің.

Ата-ананың айтқанынан шығуды,

Әдептілік белгісі деп таныдым.

Қайырмасы.

Аудио жазба,

слайд

7. Үй тапсырмасы.

1. №7 – сабақ. 3 – тапсырманы орындау.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Баяу музыка қойылады. Мұғалімнің тілегі және сыйы




Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.





























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.10.2021
610
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі