Қарағанды
облысы Осакаров ауданы «Осакаровка кенті №1 орта
мектебі»КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Садвакасова Кулайым Айтбаевна
Сабақтың тақырыбы: «Астана»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға К.Ахметованың
«Астана» өленінің мағынасын түсіндіру, меңгерту.
Білімділігі: оқушыларды еліміздің астанасы
Астана қаласымен және тарихымен таныстыру. Оқушының дүниетанымын
Отанға, туған елге деген сүйіспеншілігін
қалыптастыру.
Дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын,
тілін және ойлау, көру сезіну, есте сақтау қабілеттерін
дамыту.
Түрі:
Паноромалық сабақ
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,
сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: компьютер,
видеопроектор, слайд, суреттер, сызбалар.
Сабақтың
барысы:
1. Ұйымдастыру
кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа
аудару.
2.
Психологиялық дайындық.
«Жүректен-жүрекке»жылы
сөздер
Өзімді-өзім жақтаймын,
Денсаулықты
сақтаймын,
Жүректе жылуы
соншама,
Тілейміз саулық баршаға.Олай
болса жақсы көңіл күймен сабағымызды бастамас бұрын топқа
бөлінейік. 1-топ бәйтерек, 2-топ ақорда,3-топ алма, 4-топ
алатау.
3.Үй тапсырмасын
тексеру.
3.1. 1
слайд. (Үй тапсырмасына байланысты
суреттер көрсетіледі)
-Балалар, өткен сабағымыздың
тақырыбы қандай еді?
- «Кімнің мекені жақсы
екен»
-Ия, балалар, осы мәтінді
оқи отырып, қандай ой түйіндедік?
-Қане кім
мазмұның әңгімелеп береді
3.2 Ыстық
орындық (ойыны) Үй жұмысынан
сұрақ-жауап
3.3-Балалар осы тақырыпқа байланысты қандай мақал
білесіңдер?
Оқушы:-Туған жердей жер
болмас,
Туған елдей ел
болмас.
Оқушы:-Бақа көлінде
патша,
Балық суында
патша
Жігіт елінде
патша.
-Дүниедегі ең жақсы мекен,
әркімнің өз мекені, туған жері екен.
3.4 Үй
жұмысын пысықтау.
«Туған
жер » мәтінді тізбектей оқытып кез келген жерден тоқтатып, тоқтаған
сөзді дәптеріне жаздыру , бірнеше сөздер жазып, сол сөздер арқылы
мәтің құрап оқыту.Мәтінге ат қою. (Отан, өлке, ыстық, суы мол,
байлыққа кеңелген, әсем ,)
4.Жаңа
сабақ.
Ой қозғау.
2
слайд.(Ребус
көрсетіледі)
-Балалар, мына экранға назар
аударайық. Мұнда ребус берілген. Осы ребусты шешейік.
-1-ші
ребусты шешу арқылы, «Астана» деген сөз шықты.
-Ал, енді, 2-ші ребусты
шешейік.
-2-ші
ребусты шешу арқылы Алматы сөзі шықты.
-Ал, енді балалар екі
ребусты шешкенімізде Қазақстандағы қандай әсем қалалардың аты
шықты?
Астана -
Алматы
-Балалар, біздің елордамыз
қалай аталады екен?
-Балалар, оза оқыту
технологиясы бойынша үйге сендерге Астана
туралы тапсырмалар берген болатынмын. Ол қандай тапсырма
еді?
-Астана туралы сурет салу,
өлең, тақпақтар жаттап келу.
-Олай болса, қане кім қандай суреттер салып келді
екен. (суреттерді жинап алу)
-Ал енді Астана туралы
өлең,тақпақтарымызды айтайық.
Оқушы:-Астанама
қарашы,
Елімнің жас
қаласы.
Неткен ұлы, неткен
кең,
Қазағымның
даласы!
Оқушы:-Алтын күннің
астында,
Желбірейді
туымыз.
Қазақ деген
халықтың,
Ұлы менен
қызымыз.
Оқушы:-Ардақталды
Астанам,
Мәртебелі бас
қалам.
Көркейе бер күн
сайын,
Алға қарай, бас
қадам.
-Тапсырманы жақсы орындап
келіпсіңдер.
-Ендеше балалар, бүгінгі
біздің тақырыбымыздың аты да Астана.
Бұл өлеңді жазған К.
Ахметова
3
слайд
-Балалар, «Астана» өленінің
авторы Күләш Ахметова апамыз.
1946ж.4 сәуір Қырғызстан қаласы
Талас ауданы,Киров ауылында
дүниеге келген
К.Ахметова
Қазақтың Жамбыл медициналық
көрнекті училищесін және
ақыны Қазақ Мемлекеттік
Университетін бітірген.
«Жалын» баспасында бөлім
меңгерушісі
әрі редактор болып қызмет
істеген.
Биыл Күләш апамыз 65 жаста.
Оқулықпен
жұмыс.
6
слайд. (Бейне экраннан өлең
оқылады)
-Өлеңнің мағынасына назар
аударып отырыңдар.
-Ал, балалар өлең не туралы
екен?
-Енді өздерің өлеңді іштей
оқып шығыңдар.
-Балалар
өлең шумақтарына талдау жасайық.
(Оқушыларға оқытып,өлең
шумақтарының мағынасын түсіндіру)
6. Дәптермен
жұмыс
-Балалар, дәптерлеріңді
ашып, бүгінгі күнді, сабақтың тақырыбын жазыңдар.
-Бүгінгі күнді.
-Сабағымыздың
тақырыбы?
-Астана
-Енді мына сөздерді
дәптерлеріңе жазып алыңдар.
7
слайд. (Сөздік
көрсетіледі)
-саф ауа-таза, мөлдір
ауа
-ұлылық-күштілігі
-шоғырлану-бірігу (түсіндіріп жіберу)
-Ал енді балалар мына сызбаға
қарайық
8
слайд. (сызбаны экраннан
шығару)
а )Сарыарқа ә)
Алатау б) Алматы
Есіл
Алматы Астана
Астана
Бәйтерек
1) – Сарыарқа қазақтың жазық
даласы.
-Сарыарқада Есіл өзені
бар.
-Есіл өзінің жағасында не
орналасқан? Қандай қала?
-Астана
сөзін естігенімізде біздің ойымызға, көз алдымызға не
келеді?
2) –2-ші
сызбада Алатау, Алматы сөздері берілген
-Алатау тауының баурайында
қандай қала бар?
-Алматы қаласындағы қандай
әсем жерлерді білесіңдер?
3) –3-ші сызбаға қарайықшы
Алматы Астана деп неге қатар аталады?
-Алматы, Астана туралы мен
сендерге түсіндіріп өтейін.
-Басын қар басқан Алатаудың
етегінде орналасқан табиғатының сұлулығы жағынан сирек кездесетін
Алматы қаласы ҚР-ның орталығы болуға лайық еді.
-Алайда, 1997 жылдың 20-шы
қазанында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ақмола» қаласын
ҚР-ның астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды.
-1998 жылдың 6-шы мамырында
Елбасының Жарлығымен ҚР-ның астанасы - Астана қаласы болып
аталды.
-Ал 20-шы мамырда ҚР
Астанасының мәртебесі туралы ҚР-ның заңы қабылданды.
-Осы жылы, яғни биыл 10-шы
маусымда Тәуелсіз Қазақстан жаңа астанасының салтанатты рәсімі
болып өтті.
-Міне содан бері
жылдан-жылға көркейіп бүкіл дүние жүзі таныған мемлекетіміздің
мәйегі, дербестігіміздің дәйегі болған Елордамызды әрдайым мақтан
тұтайық!
7.
Суретпен жұмыс (Астананың көрікті жерлерінің
суретке қарап әңгімелеу)
9
слайд. (Бәйтеректің
суреті)
-Балалар ненің суретін көріп
тұрсыңдар?
-Бәйтерек туралы кім өлең,
тақпақ біледі?
Оқушы:-Ару қалам,
Астанам!
Бой көтерген жас
қалам.
Бәйтеректің биік
шыңы,
Ерекше қой
басқадан.
Оқушы:-Арайлы таң
Астанам,
Тек өзіңмен
мақтанам.
«Бәйтерек» пен
«Ақорда»
Жас та болса, бас
қалам.
-Мен енді сендерге
«Бәйтерек» туралы түсіндіріп өтейін.
10
слайд. (экраннан Астананың әсем
жерлері көрсетіледі)
-Астана Есілдің жағасында
орналасқан
-ҚР Президентінің
резиденциясы
-Парламент үйі
-Үкімет үйі
-Нұр-Астана
мешіті
8.Сабақты
бекіту
-Сабағымызда Астана Алматы
деп жатырмыз.
-Ал,
енді, балалар Венн диаграмасы арқылы осы екі қаланың ұқсастығын
айырмашылығын, ортақ қасиетін табайық. (тақтаға плакат іліп,
оқушылардың өздеріне орындату)
-Ал балалар Астана қаласының
әсем жерлерін айтайықшы.
-Қандай әсем жерлері
бар?
-Бәйтерек
-Нұр-Астана
мешіті
-Есіл өзені
-Қазіргі Астана
- Ал, енді, осы сияқты
Алматы қаласының да әсем жерлерін жазайық.
-Медеу мұз айдыны
-Апорт алмасы
-Алатау тауы
-Бұрынғы Астана
-Дұрыс, балалар.
-Енді осы екі, қаланың ортақ
қасиеті не екен?
-Екеуі де әсем
қала
-Екі қаланың да тарихы бір
қала
11
слайд. Астана
Алматы
9.Сабақты
қорыту
-Балалар сабағымыздың
басында сендердің Астана туралы салып келген суреттеріңді жинап
алған болатынмын.
-Сол суреттерден көрме ұйымдастырайық.
(Оқушылардың салып келген суреттерін іліп, мақтап-мадақтай
отырып көрме құрастыру)
-Бүгін Отанымыздың бас
қаласы Астана туралы толық білдік
-Өткен сабағымызда айтқандай
өзіміздің туған жеріміз Қазақстаннан артық жер жоқ.
Топтық
жұмыс.
Олай болса 1-ші топ Астана
қандай қала екенің топтастырындар.
2-ші топ
Алматы қаласын әңгімелеп беріндер.
3-ші топ Астанадағы
бәйтеректін суретін салып әңгімелеу.
4-ші топ Астана қаласының
көрікті жерлері туралы әңгімелеу
10.Бағалау
-Бүгінгі сабаққа үй
тапсырмасын тиянақты орындап келген және жаңа сабаққа
жақсы қатысқан оқушыларды
бағалаймын.
11.Үйге
тапсырма
-Астана
өлеңін мәнерлеп, түсініп оқып келу.
-Астана туралы эссе жазып
келу.
-Ал енді балалар сабағымыз
аяқталды.
-Қонақтармен
қоштасайық
- (орындарынан
тұрып)
-Үлкенге де
сіздер
Кішіге де сіздер
Сіздерді
Құрметтейміз
біздер!
-Сау болыңыздар!
«Осакаровка кенті №1 орта мектебі» КММ
Ашық сабақ
Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Астана. К.Ахметова
Бастауыш сынып мұғалімі:
Садвакасова.К.А.