Материалдар / Ашық сабақ Әдебиеттік оқу 4-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Әдебиеттік оқу 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
4-сыныпқа арналған әдебиеттік оқудан сабақ жоспары. Халықтық педагогика элементтерін пайдалана отырып, оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеудің жолдары көрсетілген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қазан 2020
484
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әдебиеттік оқу

Күні:

Сынып: 4 «Г»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Түлік туралы сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Жалпы мақсаты: Малды құрметтеу, түлік туралы жан-жақты мағлұмат беру, малды жасына қарай топтау
Сілтеме: Интерактивті тақта, оқулық, оқыту әдістемесі, жоспар


Сабақтың мақсаттары

 Оқушыларға өлеңнің мазмұнын түсіндіру, идеясын ашу. Төрт түлік туралы түсінігін кеңейту; түлік туралы жан-жақты мағлұмат беру; малдың жасына қарай аталуын білу; Өлеңді нақышына келтіріп оқыту, рөлге бөліп оқуды үйрету, ой-өрісін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Жетістік критерийлері

Күтілетін нәтиже:
- тіл байлығы артып, сөздік қорлары молаяды;
- шығармашылық қиялы жүйеленеді;
- ойлау қабілеттері дамиды;
- жаңа тақырыпты өз бетімен ұғынады;
- сұрақтарға нақты жауап береді;
- өз ойларын еркін айтуға үйренеді:

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, қазақ тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба, таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Ойын,оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым

Сабақтың барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин












1 мин

Жағымды ахуал туғызу:

-Балалар шеңберде тұрып бірі-бірімен амандасады. –Тағы да қазақ халқына тән қандай амандасу түрлерін білесіңдер?

-Дұрыс айтасыңдар ал, неге мал-жаның аман ба ддеп амандасқан?

-Жақссы ендеше қазір қолдарыңдағы жануардың суреттеріне байланысты ән қойылады. Ән қай жануар туралы болса сол балалар билеп орындарына жайғасады

Топтық жұмыс

Ребус шешу арқылы әркім топ басшысының кім болатынын және қандай кейіпкер болатынын анықтайды.

-1топ: Шопан ата

2 топ:-Сексек ата

3 топ: Қамбар ата

4топ: Ойсылқара

5 топ.Зәңгібаба

-Ребустарыңда қандай сөз шықыты?

Сонымен біздің ребустарда түліктің пір атаулары шыққан екен. Ендеше балалар Пір деген сөзді қалай түсінесіңдер?

(Пір - деген өте қасиетті сөз. Пір деп белгілі бір саланың маманын, жетілген адамын айтады. Пірлік жол көрсететіндей, ауру сырқауы, жолдас адасқаны, жаны күйзелгенде қолтығынан демейтін дәрежелі адам болған.)

Ендеше топ басшыларыңды сайлап алыңдар, сол топ басшыларын пір атауларымен атайық.

- Ал, енді топ басшылары орынымыздан тұрып өз тәждеріңді тауып ала қойыңдар.

-Сонымен балалар қой, сиыр, жылқы, түйе, ешкі бұлар қандай жануарлар тобына жатады?

- Үй жануарлары екен ендеше біз оларды қазақта не деп атаймыз?

Ал, Балалар олар неге төрт түлік деп аталады?

(төрт түлік мал жылқы ,сиыр,түйе, және ұсақ малдар Ұсақ малдар есебінде ешкі мен қой қосылып бір түлік болып саналады.Сондықтан «төрт түлік »деп аталады.


Шаттық шеңбері, түлік суреттері










Суреттер

Сабақтың ортасы











3 мин















3 мин








4 мин







5 мин







1 мин

Сергіту сәті:



4 мин

-Оқушылар қалай ойлайсыңдар? Бүгін сабағымыз не жайлы болмақ?- Дұрыс , бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – Асқар Тоқмағамбетовтың «Түлік туралы сабақ» өлеңі.

  • Жақсы ал енді өлеңмен таныспас бұрын автор туралы ақпаратты дайындап келген оқушымыз айтып берсе.

Асқар Тоқмағамбетов (1905-1983) 19 қыркүйегінде қазіргі Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданында дүниеге келді. Кедей шаруа отбасында туған.Алғаш Ташкент политехникалық техникумында білім алған. Көрнекті лирик ақын, әрі жазушы. Оның «Батыр Әлия», «Ажалды жеңген алыптар», т.б. өлеңдер жинағы бар Ұлы Отан соғысына қатысқан. Алғашқы өлеңдер жинағы «Еңбек жыры» деген атпен 1928 жылы шыққан.1983 жылы дүниеден озды,

  • Өте жақсы Жарайсың. Балалар, қазір өлеңде бізге жаңа сөз кездеседі екен. Өлең бізге түсінікті болу үшін , ол сөздің қандай мағына беретінін білу үшін экранға назар аударсақ.

-Кейіпкерімізі не істеп отыр? («Қошқар мен теке» бейне жазбасы көрсетіледі)

- Балалар әр кейіпкерге мінездеме беріп көрейікші

-Әрине ол көп сөйлеп отыр екен.Балалар яғни көп сөйлейтін, сөзі таусылмайтын адамды сөзуар адам дейді екен.

-Жаңа сөзіміз түсінікті болса.

Оқулықпен жұмыс

Оқулығымызды ашып өлеңді әр топ тізбектеп оқиық.

- Ал енді рөлге бөліп, мәнерлеп оқысақ (Автор, Болат, Марат, Мұрат)

- Оқулықтың соңындағы тапсырмаларды оқыңдар.

1. Болат пен Марат неге таласты?

Жеке жұмыс

2. Жануарлардың түрлерін жазайық.

Ол үшін экранға назар аударайық

-Қойдың неше түрі бар? (бірден тексереді)

- Сиырдың неше түрі бар?

-Жылқының неше түрі бар? Ал, енді көршілерімізді тексеріп жіберейік

- Мен сенедерге ізденіп келуге бергенмін. Ал, жауап берейік.

3. сұрақ үлгіге қарап Болаттың сұрақтарына жауап берейік

-Қой атаулары:

-Сиыр атаулары:

-Жылқы атаулары: Кесте бойынша әр топ атауларын жапсырады.Сол бойынша тақтаға іліп қорғайды.

Музыкалық әуен бойынша сергіту сәтін жүргізу.


Жұптық жұмыс, Дәптермен жұмыс

-Әр жұпқа 1 мақал,1 тиым сөз беріледі соның жалғасын тауып, дәптерлеріне жазады



























АКТ











АКТ

Суреттер







Мәтін жазылған парақшалар



Сабақтың соңы

2 мин















Кері байланыс

1 мин

  • Әр топ басшысы барып топтарға сұрақ қояды

  • «Бес сұрақ» аясында


«Табақтарту» әдісі бойынша жүргізу

Балалар қазатың Табақ тарту рәсімі – халқымыздың ертеден келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі. Тартылған табақ қонаққа деген сый, құрмет пен сыйластықтың белгісі болып табылады. Сыйлы онақтарға бас беріп құрметтеген екен

Ең бірінші топ басшылары топтағы топ мүшелерін бағалаймыз, яғни белсене қатысқан оқушыларға

Тіл береміз, сәл белсенділік таныта алмаған оқушыларға қазы, сабаққа тым белсенді қатыспаған оқушыларға қабырға таратасыңдар, Кейін әр оқушы өзінің тартуының артына мына сұрақтар бойынша жауап жазамыз.

-Бүгінгі сабақтан не үйрендің?

-Не қызықты болды?

-Қандай тапсырма қиындық туғызды?











Суреттер


Үй тапсырмасы

Деңгейлік тапсырма

1-деңгей: Мәнерлеп оқу,түлі пайдасын жазу

2-деңгей; Әңгіме жазу

3-деңгей 1 жол өлең құрастыру


Бағалау

1 мин

-Табақтағы тартулар бойынша оқушыларды бағалау

Табақ, суреттер









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!