Конспект
Тақырыбы: Әдептілік-әдемілік.
Мақсаты:1. Балаларды әдептілікке, инабаттылыққа, сыпайылыққа баулу;
2.Нақыл сөздер, тақпақтар жаттау арқылы тіл мәдениетін
қалыптастыру;
3.Әдептілік ережелерін күнделікті өмірде қолдана білуге
дағдыландыру.
Қажетті көрнекіліктер, құрал-жабдықтар: тақырыптық суреттер, слайд-
суреттер, жер шары,қуыршақ
Қостілдік компонент: сәлеметсіз бе?-здравствуйте!,извините-кешіріңіз,
спасибо-рахмет,до свидания-сау болыңыз.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
өзін-өзі тану тәсілдері |
|
Мотивациялық-қозғаушылық |
Жылулық шеңбері. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Баршаңызды құрметтеп Бас иеміз біз. |
Шеңберде тұрып қолдарымен көрсете мәнерлеп айтады. |
|
|
Ұйымдастыру- іздестіру. |
-Балалар, бүгін біз сендермен «Әдептілік-әдемілік» еліне саяхатқа шығамыз. Ол үшін барлығымыз бірге әдепті сөздерді еске түсірейік, сонда ғана бұл әлемнің есігі ашылады. -Ал, балалар, көзімізді жұмамыз да қолымызды созып,«әдептілік» еліне қарай ұшамыз. (Самолеттің ұшқан дыбысы естіледі) -Міне, біз бүгін жаңа әлемдеміз. (Үстелге глобус қойылады.) -Бұл әлем қалай аталады? -Ол әлемде қандай адамдар тұрады екен? -Ондай болса, жер шарын айналып,бірінші тапсырманы орындайық. Анаң сенің базардан Алма сатып әкелді. Ең үлкенін жақсысын Саған таңдап әперді. Не деп барып жеу керек? (Ә.Дүйсенбиев) -Ал енді, бір-біріңе қарсы тұрып, мейіріммен «рахмет» деп айтайық.. -Әрі қарай саяхатты жалғастырайық. Жер шарын айналып,2-ші тапсырманы орындайық. (есік қағылады) -Балалар, бізге Дымбілмес келіпті. Біз онымен амандасайық. -Сәлеметсің бе, Дымбілмес?! (ол амандаспайды, барлық нәрселерді қопарады) -Балалар, Дымбілмес нені ұмытып кетті? -Онда біз оған үйретейік. -Сәлеметсің бе ,Дымбілмес?! Дымбілмес: -Сәлеметсің бе? деп, әр баланың қасына келеді де қол созады. Сен енді төрлет, «әдептілік» әлемінің құрметті қонағы бол.(ол балардың жанына отырады) -Ал, амандасудың басқа түрлерін кім біледі? -Жақсы,рахмет сендерге. Бірге жаттайық: 1.Әдепті елдің баласы Алыстан сәлем береді. 2.Сәлем-сөздің атасы. -Әрі қарай «Әдептілік» әлемін шарлайық.(жер шарын бір бала айналдырады) 2-ші слайд бойнша, қай баланы әдепті,тәртіпті деуге болады? Неге? -Ал қай бала тәртіпсіз? Сергіту сәті. Күндей болып күлейік. Гүлдей болып өсейік. Құстай болып ұшайық. Көбелектей қонайық. -Балалар, осы әдемі сөздерді орысша айтайықшы. 1. сәлеметсіз бе-здравствуйте 2. кешіріңіз-извините 3. рахмет-спасибо 4. до свидания-сау болыңыз -Дымбілмес, біз қай әлемде жүрміз? -Дымбілмес: «Әдепсіздік» -Балалар, бұл дұрыс жауап па ? Ондай болса, әлемді бірге айналайық! 3-ші слайд бойынша-тақырыптық суреттер көсетіледі. Қуыршаққа біртіндеп «әдепті бала» медальондары тағылады. 1.Үлкендерді сыйлайды, Кіші қамын ойлайды. Сүймейді жат әдетті, Қандай бала бұл? 2.Құрметтейді атасын, Ардақтайды апасын. Көкесін жақсы көреді, Үнемі сәлем береді. Қандай бала ол? 3.Су құйдым да құманмен Қолына мен әкемнің. Содан кейін оған мен Орамалды әпердім. Қандай бала екен ол? -Міне, Дымбілмес, енді сен білдің бе бұл әлемде қандай адамдар бар екенін? Дымбілмес: иә, енді білдім. -Ондай болса, сен бізге әдепті, сыпайы сөздерді айтып берші. Дидактикалық ойын: «Орнын ауыстырып айту» -Адамдар бір-бірімен қалай амандасады? Дымбілмес:-Сау бол! -Егер сен байқаусыз біреудің аяғын басып кетсең,не деуің керек? Дымбілмес:-Рахмет! -Ал, саған досың мерекеге сыйлық сыйласа, сен оған не деуің керек? Дымбілмес:-Кешіріңіз! -Дымбілмес, енді есіңе сақта осы сөздерді, ұмытпа. -Дымбілмес: жарайды,енді ұмытпаймын.Менің де сендерге әкелген сыйлығым бар.Ол бөлме гүлі.Бұл гүл тек әдепті сөздермен өседі екен.Сондықтан сендер әдемі сөздермен гүлге су құйып шығыңдар. Сендер де осы гүл сияқты әдемі әдепті бала болып өсіп,барлық адамдарға қуаныш сыйлаңдар. -«Әдептілік-әдемілік» дейді қазақ халқы. Шеңберге тұрайық та «Біз өмірдің гүліміз» орындайық. Дымбілмес барлық балалармен қоштасады. Балалар, енді «әдептілік» әлемінен балабақшаға қайтайық.(көзімізді жұмамыз, қолымызды созып ұшамыз. (Менің қолымда «Әдепті бала» атанған қуыршақ бар) |
Әдепті сөздерді атайды. Көздерін жұмады. Бір бала глобусты айналдырады. «Әдептілік әлемі» тәртіпті,әдепті Жер шарын айналады. «рахмет» деп жеу керек «рахмет» дейді Балалар айналып жүреді. Амандасуды Балалар жеке амандасады. Қайырлы таң! Қайырлы күн! Қайырлы кеш? Балалар слайд бойынша көрсетеді, суретті әңгімелейді. Слайдттан көрсетеді. Слайд бойынша көрсетеді. Бірге айтады,қимыл-қозғалыс жасайды. Орысша атайды. Жоқ. «Әдептілік» Шарды бір бала айналдырады. Әдепті бала. Әдепті бала. Әдепті бала. Жоқ . «Сәлеметсіз бе?» Жоқ. «Кешіріңіз!» Жоқ. «Рахмет» Балалар бір-бірден шығып әдепті сөздер айтады,гүлге су құяды. Хормен қайталайды. Қолымен ұстап, қоштасады. Ұшақтың дыбысымен ұшады. |
Қол ұстасып жүреді. Мейірлене «рахмет» деп қайталайды. Дымбілмес әр баланың қолын ұстап, еңкейе амандасады. Жақсы іс пен жаман істі айырады. Баға береді. Қисынсыз жауапты таниды. Әдептілік сипатын түсінеді. Ойлау қабілеттері дамиды. Табиғат пен адамның сұлулығына мән беріледі. Әдепті сөздермен жақсы бала болып өсуге тілек білдіріледі. Бірігіп ән орындайды. Ұшуды елестетеді. |
|
Рефлесивті-түзетушілік |
-Балалар, біз қандай әлемге саяхат жасадық? -Бізде қонақта кім болды? -Балалар,біздің қуыршақ қандай атаққа ие болды? Бірге айтайықшы: «Әдептілік-әдемілік» -Рахмет сендерге ,балалар. -Сау болыңдар! |
«Әдептілік» Дымбілмес Әдепті бала. Сау болыңыз! |
|
Нені білу керек: әдепті сөздерді білу керек.
Нені игереді: әдептілік тақырыбына байланысты мақал-мәтелдерді игереді.
Нені біледі: әдептілік ережелерін біледі.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ: "Әдептілік-әдемілік"

шағым қалдыра аласыз