Материалдар / Ашық сабақ Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай 1 курс студенттер арасында өткізілген іс шара
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Маусым 2022
730
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық тәрбие сағаты

Күні: 20.09.2021 жыл

Өткізілетін орны: Кітапхана

Топ: 1-курс топ студенттері

Жауаптылар: кітапхана меңгерушісі Ж.Айтуғанова, педагог А.Кожабекова

Тақырыбы: Тәуелсіздік туы, желбіре! Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдауы тақырыбында ашық тәрбие сағаты

Мақсаты: Студенттерге бостандық, теңдік, тәуелсіздік ұғымдарын кеңінен түсіндіру, білімдерін кеңейту. Тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, егемендігі, дамуы туралы мәлімет беру, тәуелсіздікке қалай жеткендігін баяндау. Студенттерді өз тәуелсіз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, отаншылдыққа, елжандылыққа, Отанына адал қызмет етуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: интербелсенді тақта, қанатты сөздер.

Сабақтың барысы:

Қызығушылықты ояту.

- Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар және студенттер. Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды бастамас бұрын ой қозғау мақсатында сұрақ-жауап жүргізіп алайық.

Ой қозғау.

- Тәуелсіздік деген қандай ұғым? Тәуелсіздік дегенде ойларына не оралады?

- Біз биыл қандай мейрам тойлағалы жатырмыз?

- Биыл тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толып отыр? (30 жыл)

- Тәуелсіз ел деп қандай елді айтады? (Тәуелсіз ел ешкімге, ешқандай елге тәуелді, бағынышты болмайды. Өз жері, шекарасы, әскері, мемлекеттік рәміздері, ұлттық ақшасы, мемлекеттік тілі, өз Ата Заңы бар ел)

- Ендеше, студенттер, бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз тәуелсіздік мейрамына арналмақ. «Тәуелсіздік туы, желбіре» атты ашық тәрбие сағатымыздың мақсаты тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұматтар алу, осы тәуелсіздіктің қадірін білу.

1-жүргізуші:

- Армысыздар, құрметті ұстаздар, студенттер! Бүгінгі тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдауы тақырыбында ашық тәрбие сағаты кешімізге қош келдіңіздер!



2-жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

1-жүргізуші:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!

1) Баяндама. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдауы

2-жүргізуші:

- Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 30 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.

1-жүргізуші:

- Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

2-жүргізуші:

- Бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қан төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан ұрпаққа табыс етті.

1-жүргізуші:

- Тарих еске алып отырғанды ұнатады. Ал біздің тарихымыз құдайға шүкір жетерлік. Тарихтың әлбетте қуанышпен еске алатын тұстары да, өкінішпен қарайтын да кездері де болады.

1-студент:

- 200 жыл патшалы Ресейдің отары болдық.

2-студент:

- Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, қойша қырылған «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада өмір сүруі, не жойылып кету қаупі тұрған еді.

3-студент:

- Халқымыздың тарихындағы аса бір қиын кезең жоңғар хантойшыларының басқыншылық әрекеті еді. Қазақтардың руларға, жүздерге ыдырап бүлінуі кезеңін пайдаланып және жеріміздің байлығына қызыққан азулы жау бейбіт өмір сүріп отырған халықты қырғынға ұшыратты.

4-студент:

- Қанша азапқа түсіп, қуғын-сүргінге ұшыраса да, қазақтың үш жүзі қайта бірігіп, жоңғарларға күйрете соққы берді. Бұдан кейін патшалық Ресейдің еліміздегі шырайлы егістік жерлерді күштеп басып алуға арналған отарлау саясатына қарсы күрескен халқымыздың қаһарман ұлдары: Сырым мен Кенесарының, Исатай мен Махамбеттің, Сыпатай батырлардың есімдерін мақтан етуіміз керек.

«Мен, мен едім, мен едім,

Мен Нарында жүргенде

Еңіреп жүрген ер едім

Исатайдың барында

Екі тарлан бөрі едім,

Қай қазақтан кем едім,

Бір қазақпен тең едім.

Өздеріңдей хандардың

Қарны жуан билердің

Атандай даусын ақыртып,

Лауазымын көкке шақыртып,

Басын кессем деп едім

Еділдің бойы ен тоғай

Ел қондырсам деп едім

Жағалай жатқан сол елге

Мал толтырсамдеп едім»

5-студент:

- 70 жыл әміршіл-әкімшіл үкімет үстемдік етті. Тілімізден, дінімізден айырылдық.

6-студент:

- Тәуелсіздік үшін халқымыз 325 рет көтеріліске шықты.

7-студент:

- 1920-1922, 1928-1932 жылдары ұлтымыз қолдан жасалған аштықтан, зорлық-зомбылықтан елінен безіп, өз ұясын, руын, туған-туысқанын сақтап қалу үшін 44 елге тарыдай шашылып кетті.

8-студент:

- 1937-38-ші жылдар жаппай жазалау болды. Бұл жылдары біздің Қазақ зиялылары, арыстарымыз қудаланды. А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев асылдарымыз арада 50 жыл өткенде ақталып, қазір шығармаларын оқып жатырмыз.

9-студент:

- 1941-45-ші жылдары тұтқиылдан неміс фашистері тыныш елімізге соғыс ашты. «Ер есіміс-ел есінде» демекші біздің ауылымызда да ардагерлеріміз бар. Бұл аталарымыз болашақ біздің өміріміз үшін соғысқа барды. Бейбіт өмірді алып берді.

10-студент:

- 1986 жылы Желтоқсан қозғалысымен тарихқа енді. Жас өмірін тәуелсіздік үшін қиып кеткен аға-апаларымыз: Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхамеджанова т.б. жазықсыз сотталып, қыршын өлді.

11-студент:

- Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99-ы сотталды. Алматы қаласы бойынша 2401 адам қамауға алынып оқудан 309 студент шығарылған, 99-ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген. Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.

Қасқалдақ ұшып көлінен

Шүрегей келіп қонған күн

Қыранды қуып көгінен

Қарғалар билік алған күн

«Нашақор» деп, «ұлтшыл» деп,

Қазақққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн

Қақаған қыстың ызғары

Сүйектен өтіп кеткен күн

Қара көз қазақ қыздарын

ОМОН-дар бастан тепкен күн.

Қариялар итке таланып,

Ер басын күрке шапқан күн

Аппақ қар қанға боянып

Қып-қызыл мұз боп жатқан күн.

Қайғы езіп елдің еңсесін

Жан шыдау жанын батқан күн

Енді қайтып келмесін

Сол бір қарғыс атқан күн.

10-студент:

- 1989 жылы 6-шілдеде Қазақ ССР жоғары кеңесі Президиумының Комиссиясы құрылды. Мүшесіне 12 адам кірді. Комиссия қыруар іс жүргізді. 25 томнан тұратын 2 мыңдай құжат тексерілді. Ақыр аяғында желтоқсан оқиғасы ақталды.

Жас арудын жанарында – Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында –Желтоқсан,

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында-Желтоқсан

Жауыздықты жасқаған да Желтоқсан,

Жана гұмыр бастаған да – Желтоқсан,

Жазықсыздын көз жасына жуынып,

Абактыға тастаған да – Желтоқсан.

Намысымның шырағы да Желтоқсан,

Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан,

Жетістіктің ұраны да – Желтоқсан,

Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.

Желтоқсанның жан түршігер күндері,

Жалдап әскер аяушылық білмеді.

Бұрымынан сүйреп ару қыздары,

Ал, ұлдарды тоғытқан жер түрме еді.

Әр қазақтын есінеде сақталады,

Желтоқсандық өрендері ақталады.

Ел намысын қорғаған сарбаздарым,

Ерліктерің мәңгілік мақталады.



2-жүргізуші:

- 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның жоғарғы кеңесі Қазақстанды Тәуелсіз Республика деп жариялады.

1-жүргізуші:

- Қазақ елінде тәуелсіздік таңы атты. Қазақ елі егемен ел болды. Бұл күн талай-талай қилы заманды басынан кешіріп келген Қазақ халқы үшін ақ жарылқаған күн еді.

Енді міне біз тәуелсіз ел болдық

Басқалармен терезесі тең болдық

Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай

Отан үшін болуға да құрбандық.

Студент:

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар,

Таныды тепе-тең деп тереземді.

Студент:

Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,

Алдымызда барлық үміт ақталсын

Тату – тәтті бірлік болып қашанда

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.

2) Видеоролик «Тәуелсіздік тұғыры»

2-жүргізуші:

- Тәуелсіздік- ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік-ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші-ең қадірлі күш. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел. Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды.



Ту тігілді халқымның бүгін бағына

Жас өрендер желбіретіп нық ұста

Ғасырларға жалғастырып елдікті

Дақ түсірме ата баба рухына

Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағаты өнегесі еңбегі

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі.

11-студент:

- 1991 жылы 10 қазанда қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров ғарышка самғады.

12-студент:

- 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы, елтаңбасы және әнұраны бекітілді.

Өзіндікі, туын да,

От пен ауа, суын да

Жаса Қазақстаным!

Белді, бекем, буын да.

13-студент:

- 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата Заны қабылданды. 5 қарашада төл теңгеміз алғаш реет айналымға түсті.

Көк туым, көтерілді бағым жанып,

Елтаңбам төрде әлемге танылды анық.

Шырқадым әнұранды бар дауыспен,

Арманым Ата заңым қабылданып.

1-жүргізуші:

-Ең алдымен ел егемендігінің көрінісі, құндылығының бірі болып саналатын мемлекеттік тілді, қазақ тілін меңгеру – баршамыздың міндетіміз. Тіл – ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным құралы. Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, болмысы. Адамдық мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетіміз – ана тіліміз.

Тілім барда, қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрім бар ата жолы салтым бар.

Кең даламдай жиналмаған шалғайы,

Аңқау ашық мінезім бар аңқылдақ.

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім, тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып - ақ алыңдар.

Ана тілім жүрегісің анамның,

Жүрек ана мен өзіңнен таралдым.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!