Ашық сабақ "Акпараттың алуан түрі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Акпараттың алуан түрі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика пән мұғаліміне
Материалдың қысқаша нұсқасы

5 сынып. 3 сабақ. Мерзімі: 19.09.2013 жыл

Сабақтың тақырыбы:  Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері. Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі.

Сабақтың  мақсаты Ақпараттардың алуан түрлерімен және оларды өңдеу тәсілдерімен таныстыру.

Сабақ міндеттері:

   Білімділік: Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі ұғымдарын қалыптастыру.

  Дамытушылық Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.

  Тәрбиелік: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:    аралас сабақ

Оқыту  әдістері:   сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың құрал-жабдықтары:  компьютерлер, SIN.kz бағдарламасы, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары:   жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:    

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Өтілгенді пысықтау

  3. Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстыру кезеңі

  4. Жаңа ұғымдарды бекіту кезеңі

  5. Жаңа ұғымдармен қолдану кезеңі

  6. Бақылау кезеңі

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

  1. Өтілгенді пысықтау

  • Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?

  • Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?

  • Байланыс тілі деп нені айтады?

  • Қандай тілдерді білесіңдер?

  • Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?

  • Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтір

  1. Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстыру кезеңі

Мәтіндік ақпарат

Оқулықтағы мәтін,дәптердің шығарма,ауа райын болжау,радио арқылы хабар

Сандық

Көбейту кестесі,арифметикалық мысал,хоккей оцындағы есеп.

Графикалық апарат

Суреттер,схемалар,сызбалар,фотосуреттер.

Музыкалық апарат

Дыбыстар,музыка,сөз.

Бейне апарат

Түрлі түсті графика,дыбыс,фильмдер,екі және үш өлшемді жылжымалы обьектілер.

Ақпарат оны тіркейтін құрылғыға дыбыс, электромагитті сәуле, физикалық әрекет түрінде келіп түседі. Бұл әрекеттер сигнал деп аталады.

Сигнал дегеніміз - оның көмегімен адам немесе, құрылғы апарат қабылдайтын процесс. Сигнал ақпарат тасуыш. Ақпарат жіберу дегеніміз - сигналдар жіберу.

Сигналдар аналогтық (үздіксіз), дискретті (үзілісті) болуы мүмкін. Аналогтық сигналдарға мысалдары: температура, ток, кернеу, яғни уақыт аралығында үздіксіз өзгеретін процесс. Сигналды дискретті түрде ұсынғанда ол сан қатары, алфабит әріптері, музыкалық нота оған мысал бола алады. Уақыт аралығын неғұрлым көбірек алған сайын, кернеудіү уақыт аралығында өзгеру процесін соғұрлым дәлірек сипаттаймыз. Керісінше дискретті процесті аналогтық процеске айнаддыруға болады. Адам сезім мүшелері арқылы сигналдарды аналогтық түрде қабылдайды, ал есептеуіш техникалары негізінде дискретті түрдегі сигналдармен жұмыс істейді.

Ақпарат адам үшін жаңа, белгісіз болу керек. Хабар бізе ақпарат алу деген бізге жаңа түсінікті болуы керек. Сол салада біліміміз жеткілікті болуы керек. Егер ақпарат біз үшін толық. объективті, жаңа, пайдалы, әрі нақты болса ол біз үшін бағалы болады. Хабардың акпаратгың көлемі деп - хабардың ұзындыгын, яғни символдар санын білдіреді. Ендеше техникада кез-келген сақталатын, берілетін ақпарат көлемі ондағы берілетін ақпарат көлемі ондағы ең кіші өлшем бір екілік разрядқа немес 1 битке тең болады. Ақпаратты өлшеу бірлігі бір битке тең. Одан кейін 1 байт. Хабардың ақпараттың көлемі-бит немесе байтта өлшенетін оның ұзындығы.

1 бай=8 бит;

1 кбайт(килобайт)=1024 байт;

1 мбайт(мегабайт) =1024кбайт;

1 гбайт(гигабайт) =1024 мбайт.

  1. Жаңа ұғымдарды бекіту кезеңі

Оқулықтағы бақылау сұрақтары мен таппсырмаларын орындау.

1.2.9: Жауабы: 22 символ, 22 байт, 176 бит.

1.2.10. Шешуі:

Бір беттің ақпараттық көлемі 39*67=2613 символ~2613 байт

Кітаптың ақпараттық көлемі 2613*290=757770 байт = 757770 : 1024 =740Кбайт

740:1024 = 0,722 Мбайт

0,722 < 1,44 Жауабы: кітапты бір дискетке сыйғызуға болады.


1.2.11.Оқу жылдамдыгы мен сөйлеу жылдамдыгын анықтау үшін оқушыларга екі-екіден жұмыс істеу ұсынылады.

Шешу үлгісі: Минутына 1140 символ Секундына 1140:6019символ 19 бсшт

19x8 =152 бит 19:1024 =0,0185 Кбайт

Жауабы: секундына 19 байт, 152 бит, 0,185 Кбайт

V. Жаңа ұғымдарды қолдану кезеңі

  • Оқулықтағы «Өзінді тексер» сұрақтарына жауап беру.

  • Оқулықта берілген тәжірибелік тапсырманы орындау.

VI.Бақылау кезеңі

  • Алынған хабарды қай кезде ақпарат деп есептеуге, қай кезде есептемеуге
    болады?

  • Ақпараттың қандай қасиеттері бар?

  • Ақпараттың көлемін екілік түрде өлшеу бірліктерінің туындыларын атаңдар.

  • Кітапта 290 бет бар, бір бетте 39 жол, ал әр жолда 67 символ бар. Бұл кітапты
    сыйымдылығы 1,44 Мбайт дискіге сыйғызуға болама?

Үйге  тапсырма: «Информатика - 5 сынып» Е.А. Вьюшкова, Н.В. Параскун, §4, 23-29 беттер


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2021
394
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі