Материалдар / Ашық сабақ Александрия кітапханасы 6 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Александрия кітапханасы 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәні бойынша қажетті материал,дайын сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2020
3178
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Республикалық ғылыми- педагогикалық кітапхана
Ертедегі
Александрия
кітапханасы


Page 2

«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге»
деп ұлы Абай айтқандай, кітап пен білімге
құштарлық қай заманда да жеке адамның ғана
емес, тұтас қоғамдық өркениеттің, мемлекеттік
саясаттың басты ұстанымы болып келген, болып
қала беретіні және ақиқат. Оныңдәлеліретінде
адамзатмәдениетіменбіргежасасыпкележатқан
кітапханаларшежіресінеой жүгіртсеңізжетеді.


Page 3

Алғашқы кітапханалар қоғамдағы діни мекемелердің
қатарынан тіркелсе, алғашқы кітапханашылар –
азаматтарға рухани игіліктерді, жазба мұраларды, тіпті
ғаламдық картинаны сақтап жеткізуші абыздар
болыпты.


Page 4

Кітапханашы –өзіндік тұлға.Кітапханашы –көне
кәсіптің бірі.Тарихқа шегінсек, төрт жарым мыңнан
аса жыл бұрын бұл кәсіп сазды каталогтар пайда
болған кезеңдердегі шумер мәдениетімен бірге дүниеге
келген. Ал кітапханашылық қызмет біздің дәуірімізге
дейінгі сазды тақталарды жинап, жазбаларды есепке
алудан бастау алған көрінеді.


Page 5

Ежелгі дәуірлердегі кітапханашылар –тек ер
азаматтардан құралған екен.


Page 6

1917 жылға дейін әйел-қыздар қауымына мемлекеттік
қызмет есік ашпады. Сондықтан тарихтағы қазан
төңкерісінен кейін ғана нәзік жандылар өкілдері
кітапханалық қызметке қабылдана
бастайды.Осылай, озық деген Еуропа елдерінің
өзінде де ХIХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ
ғасырдың басында кітапханашылар құрамы жаңарды.
Анығында, әйелдердің тең құқығын талап еткен
қозғалыстан кейін АҚШ- та кітапханашы ханымдар
қатары көбейді.
Нәтижесінде, кітапхана тарихы кітапханада қызмет
көрсеткен танымал тұлғалардыңесімдерін де сақтап
қалды.Бір ерекшелігі, бүгінгі таңда кітапханашы ер-
азаматтар саны некен-саяқ.


Page 7

Ескі замандардың өзінде кітап
ерекше бағаланған екен. Адамзат
баласы кітапхананың пайдасын
бірден түсінді, сол себепті де, ең
алғашқы кітапхана осыдан сегіз
мың жыл бұрын пайда болды.
Ежелгі Месопотамия тұрғындары
жазуды саздан жасалынған
тақтайшаларға жазған. Сондай
мыңдаған тақтайшалар ежелгі
сарайларда сақталып келді және
тақырыптары бойынша
сұрыпталды. Ежелгі египеттіктер
жазуды әуелі шиыршықталып,
сосын түтік сияқты оралған
папирус қағаздарға жазды.


Page 8

Біздің эрамызға дейінгі 332 жылы Александр
Македонский негізін қалаған, тарихтан біз білетін ең
ежелгі кітапхананың бірі -Египеттегі атақты
Александрия кітапханасындаосындай мыңдаған
қағаздар сақталып келген.


Page 9

Әлем руханиятының тарихына академия, музей,
кітапхана деген ұғымды қалыптастырып, адамзат
өркениетінің аңсары мен нысанасына айналған
Александрия қаласының негізі Ескендір
Зұлқарнайынның –Александр Македонскийдің
әмірімен 332- 331 жылдары қыс айында қаланды.


Page 10

Бас сәулетшісі родостық Дейнекрат,құрылысты
жүргізген навкратистік Клеоменстағайындалды.
Алғашқы Бас кітапханашы –Аристотельдің шәкірті,
Афинаның бұрынғы билеушісі фалестік Деметрий.


Page 11

Александр Македонский өзінің шығысқа бет алған
жорығының құрметіне Ніл дариясының Жерорта
теңізіне құяр сағасына салынған, батыс пен шығысты,
құрлық пен мұхитты жалғастырып тұрған бұл шахарға
яғни, Александрияға астана дәрежесін береді.


Page 12

Александрия біртіндеп тек атымен танымал болып қой-
май, тіпті антикалық дәуір мәдениеті де александриялық
мәдениет деп аталып, аз уақыттың ішінде бүкіл азамат-
тық өркениет пен дүниежүзілік сауданың ғылым мен
өнердің алып орталығына айналады. Македонскийдің
жорығынан түскен олжаның барлығы тікелей осы
қаланың мұқтажына жұмсалды.


Page 13

Соның нәтижесінде әлемнің жеті кереметінің бірі –
Александрия шамшырағы, патша сарайы, театр мен
стадион, кітапхана, музей дүниеге келді.


Page 14

Кітапхананың негізін қалап, дамытқан, қайта
жаңғыртқан Македонскийдің қолбасшыларының бірі
Птолемей Сотер (Құтқарушы)мен оның ұлы
Филадельф. Олар Александрияны дүниенің рухани
астанасы еткісі келді.


Page 15

Олар аты әйгілі ғалымдар мен ақындардың,
философтардың, дәрігерлердің, сәулетшілердің
барлығын осында алдыртып, ғылыми мектеп
ұйымдастырды.


Page 16

Ғұламалардың еш алаңсыз ғылыммен айналысуына
барлық жағдай жасалды. Олар сол ғимаратта тұрды, сол
жерде зерттеу жұмыстарын жүргізді, сондағы оқу
залдарында шәкірттеріне дәріс оқыды
.


Page 17

Филадельфтің патшалығы тұсында кітапханада 4000
мың том қолжазба мен 90 мың түпнұсқа сақталды. Қыш
кітаптар мен папирус жазуларының музейі болды.
Милидиден бұрынғы 47 жылы қыш кітаптар мен
қолжазбалардың саны 700 мыңға жетіпті.


Page 18

Түпнұсқа мен көшірмені айыратын, қолжазбаларды
реставрация жасайтын арнайы шеберхана болған.
Бұл тұстағы ғұламалар ақсүйектерден де жоғары
бағаланып патша дәрежелес өмір сүрген.


Page 19

Александрияның даңқын Афинадан да асыру үшін сол
замандағы ең озық жазу мен өнер саласына қатысты
барлық жәдігерлер әкелінеді. Онда Аристотельдің
кітапханасынан бастап гректің Эсхил, Софокл, Еврипид
сияқты трагик ақындарының қолжазбаларына шейін
сақталды.


Page 20

Александрияға келген әрбір көпес кітап сыйлауға
міндетті болды. Ал қаланың айлағына аялдаған
кемелердегі қолжазбалар дереу тәркіленіп, иелеріне
оның көшірмелері ғана қайтарылып отырды.


Page 21

Әлемнің сегізінші ғаламаты –Александрия (Ескендір)
кітапханасында қызмет көрсетуге ғұламалар ғана
қабілетті еді.Біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасырда
Александрия кітапханасында қызмет атқарған айтулы
тұлға –Клавдий Птолемей.Кітапханашы әрі ғалым
аспан денелері қозғалысын зерттеген.


Page 22

Александрия кітапханасында ең үлкен лауазым иесі –
кітапханашы деп аталды. ОныЗенедот, Аполлон
Родосский, Эратосфан, Аристофан, Евклид,
Архимед, Аристарх, Каллимах есімді ірі ғалымдар
басқарған. Солар ғана осы атаққа лайық деп саналды.


Page 23

Ақын әрі ғалым Каллимах б.э. дейінгі 310- 240
жылдары Александрияға келіп, оқытушы болып қызмет
етеді. Көп ұзамай, оған ІІ Птолемейдің назары түсіп,
Александрия кітапханасына жоғары дәрежелі орынға
тағайындайды.Осы шаңырақта Каллимах 20 жылдан аса
еңбек етіп, кітапхананың арқасында тарих, грамматика
салалары бойынша 800- ден аса ғылыми еңбегі жарық
көрді. Сөйтіп, поэзиядағы «александриялық» бағыттың
негізін қалады.


Page 24

Калиммахтың жетекшілігімен кітапхана каталогі жаса-
лынып, сол жүйе негізінде кітап қоры толықтырылып
тұрған.Каллимах жасаған кітаптардың каталогы ақыл-
ойдың асқан даналығы ретінде бағаланды. Автордың
алғашқы каталогы 120 томнан тұрады. Бұл тұңғыш
библиографиялық еңбектердің бірі болғандықтан,
Каллимах библиографияның атасы атанды.


Page 25

Александрия кітапханасында Эратосфен–б.э. дейінгі
III ғасырда эллинистикалық әлемдегі көрнекті ғалым әрі
жазушы жұмыс істеген. Ол Афинада 20 жылдай өмір
сүріп, кейін Александрияға қоныс аударады.
Каллимахтың шәкірті ретінде ғылымға бет бұрып,
кітапханада 40 жылдан аса филология, хронология,
математика және астрономия ғылымдарын зерттейді.


Page 26

Әйгілі Александрия кітапханасында жас Гипатия да
әкесімен бірге жұмыс істепті. Атақ-абыройымен есімі
жер шарына танылған Гипатиямен кездесіп, философия,
астрономия, математика туралы ой-тұжырымдарын
тыңдау үшін Рим Империясынан, Кіші Азиядан және
Жерорта теңізі жағалауынан арнайы делегация
сапарлатып тұрған.


Page 27

Александрия кітапханасы талқандалып, отқа оранған
кездерде Гипатияөрттен аман қалған ұлы ойшылдар
қолжазбаларын қайта қалпына келтіріп, кітапхананы
сақтап қалды. Осылай, оның игі істері, анығында
кітапқа деген адал қызметі ғалымның атын мәңгілікке
кітапханашы етіп қалдырды.


Page 28

Египетке грек мәдениетінің ықпалын дәлелдейтін
Александрия кітапханасы антика дүниесінің ірі кітап
қоры болып есептелді. Б.з.д. І ғасырда оның
құрылымында 700 мың томнан тұратын папирустар
болған деседі.


Page 29

Патша Птолемей осы қорды көбейту үшін қаржысы
мен жігерін аямаған. Кітапхананың қорын көбейту
мақсатында Афина мен Родос әмбебаптарынан арнайы
кітаптарды сатып алып отырған.


Page 30

Сол заманғы оқымыстылар жүз мыңнан жеті жүз мың
томға дейін кітап қоры болғанын жазады. Кітапхана
қорының негізін ежелгі грек әдебиеті мен ғылымынан
тұратын шығармалар құрағанмен, мұнда шығыс
халықтары тілдеріндегі кітаптар да көп болған.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!