Материалдар / Ашық сабақ: Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету, 5 класс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету, 5 класс

Материал туралы қысқаша түсінік
"Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету" тақырыбындағы 5 класс оқушыларына арналған практикалық ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2021
834
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Білімді қалыптастыру, оқушыларды біліммен хабардар етіп қана қоймай, олардың денсаулығын нығайту. Туризм саласы бойынша білімдерін қалыптастыру. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы алған білімдерін бағалау.

Оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздерімен бірге талдап, өздік бағалау әдістерін ұйымдастыру.

Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, талдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, оқу материалының ең бастысын, мазмұнын ажырату, классификациялау.

Тәрбиелік: Жан-жақты, үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақ әдісі: Практикалық топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: слайд, видео, дәрі-дәрмек қобдишасы, шина

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

    1. Оқушылармен амандасу

    2. Сергіту сәті

    3. Үй тапсырмасы


Оқушылардың зейінін сабаққа бейімдеу: «Өрмеші торы» (оқушылар жіпті бір-біріне өздерінің ерекше есімдерін атай отырып беру арқылы өрмекші торын құрайды)

Үй тапсырмасы: Дәрі-дәрмек қобдишасын жинақтау (оқушыларға дәрі-дәрмек қобдишасына қажетті дәрілер мен құралдар таратылады, олар берілген дәрілер мен құралдардың қандай жағдайда қолданылатынын айта отырып, қобдишаны толтырады.

ІІ.Негізгі бөлім

Мұғалім сөзі (жаңа сабақ)

Туризмдегі алғашқы медициналық көмектің күнделікті өмірдегі көрсетілетін алғашқы медициналық көмектен еш айырмашылығы жоқ. Алайда өзіне тән қиыншылықтары бар. Өйткені туризм негізінен далалық жағдайда ұйымдастырылатындықтан қауіп-қатер де әр түрлі деңгейдегі кедергілерден өту барысында, елді-мекендерден алыс аймақтарда туындауы мүмкін. Мұндай жағдайда кез-келген турист асып-саспай қажетті жедел шешімді қабылдай білу қажет. Өйткені салқынқандылық - туризмдегі басты міндет болып табылады.

Сондықтан жорық ұйымдастырушы жетекші ең алдымен қатысушының денсаулығына байланысты жеке мәліметтеріне қанық болуы қажет. Кез-келген қатысушының жорық барысында медициналық тексеруден өткізілуі өте маңызды. Қауіп қатер орналасып шатыр құрғаннан бастап кез-келген жағдайда, және кез-келген уақытта орын алуы мүмкін. Мысалы қарапайым отын дайындаудың да өз ережесі бар. Отын дайындау барысында балтамен дұрыс ұстай отырып жұмыстану қажет.

Алғашқы көмек — адам өміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын қарапайым шаралар. Апаттың қатарына әр түрлі жарақаттар, сынықбуынның шығуы, уланусуға батукүюүсуэлектр тоғы соғу, т.б. жатады. Алғашқы көмектің негізгі шаралары: апатқа түскен адамды апат әсерінен құтқару (өрттен, судан шығару); апаттың зиянды әсерін тоқтату (адамды жылыту, иіс тисе таза ауа жұтқызу); қан тоқтату, жараны байлау, сынған аяқтың немесе қолдың қозғалысын тежеу; жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж жасау, апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне жеткізу немесе жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлер тобын шақыру. Ендеші бүгінгі сабақта біздер туристік жорық барысындағы бізге қажет болатын алғашқы дәрігерге дейінгі көмек түрлерімен танысатын боламыз.

Ыстық тию. Белгілері: әлсіреу, жүрек айниды, құсқысы келеді, тері бозарып, жабысқақтық пайда болады, тыныс алуы жиілей түседі және тамыр соғысы жиелейді, әлсіз. Бас ауырады, айналады, естен тануы мүмкін, сіңірі тартылады. Сенің әрекеттерің: -Зардап шегушіні салқын, жақсы желдетілген жерге, желдің өтіне жатқыз. Үйде желдеткішті қолдан. - Басы мен жүрек төңірегін суық сумен салқындат; суық тартуды шат төңірегіне, қолтық астына және мойынға қой. - Аяғын сәл көтеріңкіре. Тар киімнің түймелерін ағыт. - Алдын ала тұз салып су бер (1 литрге 1 шай қасық тұз). - Егер зардап шегуші есінен танып, тыныс алуы тоқтаса, "ауызды ауызға" әдісімен жасанды дем алдыр.

Кененің шағуы. Белгілері: қал сияқты қара дақ. Шаққан жері білінбейді, ауырмайды (немесе қызыл көпіршік, - қанды сорған кене). Сенің әрекетің: кенемен терінің төңірегіне сұйық май тамызып, сәлден соң оны қысқыштың ұшымен теріден баяу қозғалыспен алып таста. Егер қысқыш жоқ болса, кененің басы терімен түйіскен жерге жай жіп ілгекпен байланады. Жіптің ұшын тартқанда оның ілгегі кенені ақырындап тартып шығарады. Шыққан жерін йодтың ерітіндісімен, зеленке немесе спиртпен сүрт. Теріні тілуге және күйдіруге болмайды. Қалаға келгеннен кейін емханаға қарал.

Жыланның шағуы. Сенің әрекетің: - Кешіктірмей аузыңмен уды сорып таста. Егер аузыңда жара жоқ болса, бұл әрекет 10-15 минут бойы жүргізіледі. - Зардап шегушіні тыныштандырып, жатқызып қой. - Қолды шаққан кезде бүгіп, байлап қой. - Аяқты шаққан кезде оны екінші аяғына бинтпен таңып таста. - Зардап шегушіге сусынды көп ішкіз (шай, минерал немесе жай су). -Ауруды басатын кез-келген дәрілердің 1-2 таблеткасын ішкіз. - Зардап шегушіні жатқан бойында емдеу мекемесіне жеткіз.

Назар аудар! Шаққан жердің жоғарғы жағына бұрау қоюға, шаққан жерді күйдіруге, кесуге болмайды!

Сүйек сынған кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсетудің негізгісі үш зақымданған сүйектің әдісті орындау қажет жағының тыныштығын қамтамасыз ету, яғни иммобилизация болып табылады, сол үшін табельдік шина қолданылады немесе қолда бар заттар: таяқ, тақтай т.б. заттар қолданылады.

Тыныштық болу үшін шина немесе қолда бар жоқ болса, аяқ-қолдың бас жағын денеге таңып, қолтықтың астына мақтаның тығыз түйнегін қоя отыра таңады (қолды тігінен бүгеді) немесе байламға, белбеуге іліп қояды.

Аяқты оқшауландыру үшін оны сау аяққа байлайды. Шинаны (немесе қолда бар затты) сынықтың екі жағының да қозғалысын болдырмайтындай етіп (сынықтың үстіңгі және астыңғы жағы) қою қажет. Сүйектің шығыңқы жерінде шинаның астына жұмсақ мақта немесе жайлы мата қояды.

Шинаны (қолда бар материалды) мақтамен жауып, дәкімен орайды (матамен, киім кесіндісімен), бұлай ету сынған жердің қатты қысылмауы үшін жасалады, содан соң оны қайтадан зақымдалған аяққа орайды.

Қандай да бір қосалқы материал жоқ кезде иммобилизацияны зақым- данған аяқ-қолды дененің сау мүшелеріне: қолды денеге төменгі жақты сау аяққа байлау арқылы жүргізген дұрыс.

(Жаңа сабақ барысы бойынша видеоролик көрсетіледі)


Тапсырма – 1: «IMPROVISATION» Оқушылар жаңа сабақ бойынша практикалық тұрғыда оқыс жағдайда көрсетілетін алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті топтарға бөлініп орындайды. Ол үшін карточка таңдайды, карточкада жарақаттың атауы көрсетіледі. Және сол атауға байланысты реквизиттер беріледі. Оқушылар осы берілген жарақат атауы мен реквизиттер арқылы белгіленген уақытта көрініс көрсете отырып, алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті жасауы қажет.

Карточкада берілетін жарақан түрлері:

  • Қолдың жарақаттанып, қан кетуі; (реквизиттер: дәрі-дәрмек қобдишасы, обвязка, каска, шеге, маркер, телефон, кағаз және қалам)

  • Жыланның шағуы; (Реквизиттер: фотоаппарат, ойыншық жылан, дәрі-дәрмек қобдишасы, телефон, қағаз және қалам)

  • Аяқ сүйегінің сынуы. (рюкзак, бас киім, куртка, ағаштар, дәрі-дәрмек қобдишасы, телефон, қағаз және қалам)


Тапсырма – 2: «IDENTIFICATION»

Оқушылар берілген парақтағы сөздерді суреттермен сәйкестендіреді.


ЫСТЫҚ ӨТУ




ҮСІК ШАЛУ





ЕСТЕН ТАНУ





\ ЖӘНДІК ШАҒУ






КҮЙІК





КҮЙІК





ҚОЛДЫҢ СЫНУЫ




АШЫҚ СЫНЫҚ




Тапсырма – 3: «СИҚЫРЛЫ ҰЯШЫҚТАР»

Тақтада 1-9 аралығындағы ұяшықтар беріледі. Әрбір ұяшықта бос торкөз бен сұрақ және әріптер берілген.Оқушылар ұяшықты таңдап, сұраққа жауап бере отырып, берілген әріп арқылы торкөзді толтыруы қажет.









Жаңа сабақты бекіту

  1. Алғашқы медециналық көмекті қалай түсінесіздер?

  2. Қатысушы қандай жағдайда жарақаттануы мүмкін?

  3. Жарақаттанушыны тасымалдаудың қандай түрлері бар?

  4. Әрбір турист жорық барысында не білуі тиіс?

  5. Қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек?


Үй тапсырмасы: Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету түрлерін практикалық түрде ата-аналарының көмегімен жасап үйрену.


















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!