Оқу
бағдарламасына сәйкес күтілетін нәтижелер
|
1.1.5.2
сөйлеу барысында дауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті
сақтау, ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізу;
1.2.1.2*
оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу)
қолдану;
1.2.5.1*
мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша
сұрақ қою, сұраққа жауап беру;
1.3.6.1
жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын
сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем
жазу
|
Сабақтың басы
|
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
-
Сәлемдесу.
Мейірімді
жүрекпен,
Ақ пейілді
тілекпен.
Амандасып
алайық,
Бір
жадырап қалайық!
-
Оқушыларды түгендеу.
Психологиялық ахуал орнату.
-Отан- елдің анасы,
Отан-
жердің анасы.
Бақытты
ғой дәл мендей,
Тәуелсіз
елдің баласы.
-Өлең не туралы?
-Тәуелсіздік
-Тәуелсіздікке неше жыл?
-30 жыл
-Олай болса, бүгінгі біздің білімдегі
жетістігіміз осы мерекеге арналады.
Жұмбақ
жасыру. Слайдпен
жұмыс
1.Сарғайып
отсыз піседі.
Үзіліп
жерге түседі. (Өрік)
2.Таудан
сарқырап ағады,
Салаға
барып құяды. (Өзен)
-Өрік,
өзен сөздері қандай дыбыстан басталып тұр?
-Ө
дыбысынан
-Олай
болса, біз бүгін Ө ө дыбысы және әрпімен
танысамыз.
Сабақтың күтілетін нәтижесімен
таныстыру:
–
Балалар, -«Ө ө» дыбысының таңбасы – оның әрпімен,
өдыбысы бар сөздермен танысасыңдар, өлеңдер оқисыңдар, сюжетті
сурет бойынша әңгіме
құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа
үйретілетін дыбысы бар сөзді
бөліп аласыңдар.
Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Ө» дыбысының айтылу
ерекшелігін білесіңдер. Оны
дауысты, дауыссызға
ажыратасыңдар. Қосымша тапсырмаларды орындау арқылы жаңа дыбысты
меңгересіңдер. «Ө ө» әрпін көркем жазып
үйренесіңдер.
Дыбыстық талдау дағдыларын
дамыту
жұмысы.
-Ө ө
дыбысының әріп таңбасы
- Ө әріпі
қандай әріпке ұқсайды?
-О әрпіне,
екеуіде дөңгелек пішінді. Айырмашылығы Ө әрпінің белінде сызықшасы
бар екен.
-Ө әрпінен
басталатын сөздерді атап өтейікші
-Өрмекші,
өрік, өзен, өшіргіш.
-Әріп
туралы жұмбақ жасырамын.
Әлде
толған ай ма екен,
Әлде үрген
шар ма екен.
Белінде
бар белдігі
Мұндай
әріп бар ма екен?
-Дұрыс
айтасыңыз, Ө әрпі екен
- Ө
дегенім өрік,
Өрікті ал
теріп,
Өзің ғана
жеме,
Өркенге
бер бөліп.
-Өлең не
туралы. Өрік жемісі туралы. Өрік ағашта өсетін жеміс. Ө-рік, Ө
дыбысы- бірінші буында. Ө –еш кедергісіз созылып
айтылады.
-Өрік
сөзіне дыбыстық талдау жасалады.
-Ө дыбысы
бар сөздерді оқып, жаттығайық. Өр-кеш, өр-нек, кө-лік, кө-мір,
өр-мек-ші, ө-шір-гіш.
-Ө дауысты
дыбыс
|
Оқушылар амандасады.
Сұрақтарға жауап береді.
Жұмбақ шешеді
Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.
Сөзге дыбыстық талдау
жасайды
|
Қолдау
|
|