В.И.Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебі
Қазақстан халықтарының тілдер мерекесіне

Пән мұғалімі : Жорабаева Ақшагүл Оразбайқызы
В.И.Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебі
Тақырыбы: «Алпамыс батыр» жыры
(Тілдер апталығындағы қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ)

Өтетін күні: 21.09.2017ж.
Сыныбы: 6 «Ә»
2017-2018 оқу жылы
Сабақтың
тақырыбы: Алпамыс батыр жыры
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жырдың мазмұнын ашу, композициялық құрылысын, көркемдік
ерекшелігін талдау. Жырдың мазмұны мен идеясын игерте отырып,
«Алпамыс батыр» жырындағы Алпамыс бейнесін сыни тұрғыда талдау
арқылы жан - жақты ашу, меңгерту. Ол бейненің халықтың алып
қуатының, қажымас қайратының, сарқылмас күшінің көркі екендігін
дәлелдеу.
Дамытушылық: Алпамыс бейнесіне тән қасиеттерді саралай талдата
отырып, оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту, олардың көркем
сөйлеу мен көркем жазу шығармашылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, батырлыққа тән қасиеттерге
баулу. Өз Отанын, туған елін сүйіп, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: зерттеу, талдау, ой қозғау, мәнерлеп оқу,
салыстыру, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, батырдың бейнесі, деректі
фильм, сөзжұмбақ
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
1. Сәлемдесу.
2. Оқушыларды 1,2,3 сандар арқылы топқа бөлу.
Ітоп Алпамыс ІІ топ Гүлбаршын ІІІ топ Байшұбар
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. « Ой қозғау» стратегиясы
Ердің бағын
ашпаса,
Ер мұратқа жетер ме?!
Ерінің сағын сындырса,
Ел мұратқа жетер ме?! - деп Әйтеке би айтқандай, елін, жерін жаудан
қорғап, еліне бостандық, бірлік сыйлаған батырлардың бірі -
Алпамыс.
Ендеше, “Алпамыс батыр” жырының тақырыбы қандай? /ерлік, батырлық,
отанын қорғау/
Идеясы: Өз елін жаудан қорғау арқылы Алпамыстың батыр бейнесін
ашу.
Қызығушылығын ояту деректі фильмді
көрсету.Интерактивті
тақта слайд
Кім? Не? Қашан? Қайда? Қалай?
«Жуан, жіңішке сұрақтар»
1.Жырдың негізгі кейіпкерлерін атаңдар. Алпамыс, Гүлбаршын, Байбөрі, Ұлтан, Кейқуат, Қаракөзайым, Тайшық т.б.
2.Жиделі Байсын елінде тұратын байдың аты кім еді? Байбөрі
3. Жырдағы Ұлтанның бейнесін кім сипаттап бере алады?
4.Арада тоқсан күн өтіп, Байбөрінің көзі ұйқыға кеткен уақытта, кім аян береді. Ол не дейді? Шашты Әзіз.
5.Сарыбай неге елден көшіп кетті?
6 Не себепті Ұлтанды бала етіп асырап алды?
7.Жырдағы Тайшық ханның «Құрсаулы қара нар»
дегені кім еді? Алпамыс батыр
8. Мыстан кемпірдің бейнесін жырда қалай қалай бейнелеген
?
9.Алпамыстың ерлігін қалай суреттейді?
Жырдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Түсіну
Неліктен? Не себепті?
1.Алпамыс батыр жырының эпостық жыр деп аталуы неліктен?
2.Алпамысты неліктен батыр деп атаймыз?
3.Екі байдың құдалығының бұзылу себебі неде?
Себебін сыни тұрғыдан ойланып жауап береді.
Қолдану
Мәтінмен, кестемен жұмыс
1-топ.Жырдағы салт-дәстүр, ырым-жоралғыларды атаң ?
Әулиеге түнеу, түс жору, ежеғабыл салты, әмеңгерлік, мұрагерлік туралы, барымта.
2-топ.Семантикалық карта
3-топ.Екі жақты күнделік
Теріп жазады, кесте толтырады
Талдау
Венн диаграммасы
1-топ. Алпамыс батыр
2-топ. Қобыланды батыр
3-топ. Ортақ. Толықтырады.
Кейіпкерлер әлемі
1-топ.Алпамыстың жаулары
2-топ.Алпамыстың достары
3-топ.Жырдағы әйелдер бейнесі. Шұбар ат
Әр топ кейіпкерлерге сипаттама береді
Постер қорғайды
Бағалау
Қалай ойлайсың?Сын тұрғыдан ойлау
1.«Алпамыс батыр» жырындағы кейіпкерлерден кімге ұқсағыларың келеді?
Олардың батырлық істері сендерге қандай ой салады?
2.Қазіргі заманның батырлары деп кімдерді айтамыз?
3.Алпамыстың бейнесін жасай отырып, халық не айтпақшы болған?
4.Гүлбаршынға қарап бұрынғы қазақ әйелдері қандай болған деп ойлайсың? Қазіргі әйелдер қандай?
Сыни тұрғыдан ойланып жауап береді.
1. Жырдан үзінділер келтіру.
І топ. Жырға композициялық талдау.
Басталуы:
Байбөрінің қайғысы
Дамуы:
Алпамыстың, онан соң Қарлығаштың дүниеге
келуi.
Шиеленісуі:Алпамыстың сүйген жары Гүлбаршынды iздеп
барып, Гүлбаршынды алып елiне
келуi.
Шарықтау
шегі:Елiн шапқан
қалмақ ханы Тайшыққа қарсы жорыққа
аттануы
Шешімі:Жетi
жылдан соң елiне Ұлтанның көзiн жойып, азып - тозған елiн мақсат -
мұратына жеткiзуi.
ІІ топ Жау - Ұлтан, Тайшық хан.
«Ұлтан - жау жоқ деме жар астында»
Қандай?
Ұлтан шын мәніндегі құл да емес. Ол – Алпамыстың немере ағасынан
туылған бала, Құлтайдан туған бала. Ұлтан өсе келе, Алпамыс секілді
ел қамқоршысы емес, өз дәрежесінің үстем болуын көздейтін
зорлықшыл, мейірімсіз жан.
Оқулықтан
тауып мәнерлеп оқу.
Бір түрлі болды нұсқасы...
Кеудесі болды кепедей,
Мұрны болды төбедей.
Күрек тісі кетпендей,
Кеңірдегінің тесігі
Жүгімен түйе өткендей.
ІІІ
топ. Сөздікпен
жұмыс
Тірсек - Жан - жануардың артқы аяғы мен адам аяғының бүгіліп -
жазылуына қажетті сіңір; қылтаның жоғарғы тұсы.
Телі - Тентек, Есер, содыр - сотқар.
Әулиеге түнеді - қадірлі, қасиетті, жақсы тілеу тілеп, әулиеге
табынды.
Әзірет - дінбасы, молда, ғұлама.
Аса - дәрежелі адамдар /хан, би, қожа т. б./ қолына ұстайтын ерекше
таяқ.
Машайық - ақылды адам, абыз.
Сәруар - қожа, ие, пір.
Берен - өжет, өткір.
Қабынды - желігу, желпіну.
2.
Кейіпкерлер әлемі
Жағымды - жағымсыз
Достары - жаулары
Сұлулық - сұрқия
Қазір әр топ
кейіпкер талдағанда мақал - мәтелмен бастайды, Қандай? сұрағына
жауап беріп, жырдан үзінді тауып оқиды.
І топ: Дос – Алпамыс, Байбөрі.
«Алпамыс - досқа берік, жауға мейірімсіз»
Қандай?
Батырға тән ерекше қасиеттер: текті, жаудан сескенбейтін,
қорықпайтын, қалың дұшпанға қарсы шабатын, намыс пен арды жоғары
қоя білетін, еліне қамқор, отқа салса күймейтін, оқ өтпейтін, қылыш
кеспейтін батыр.
Ауызына қарадым –
Сұлуды таңдап сүйгендей,
Келбетіне қарадым –
Қамқаны таңдап кигендей,
Қабағы қалың сол бала,
Тіпті шұнақ сол бала,
Шұбар ат мініп келеді,
Сол шұбардың дүбірі
Құлағыма келеді.
Мен білмеймін, тап сонан
Қандай адам өледі?!
Жылағанда көзіме
Қанды жасым тола ма?!
Тауға біткен бәйшешек
Қуарса бір күн сола ма?!
Жейделі байсын жерінен,
Қоңырат деген елінен
Алпамыс атты жас берен
Атқа мінген бола ма?!
Алдынан шығып сол ердің
Жылқысын берсем бола ма?!
Жылқысының кегіне –
Қызымды берсем бола ма?!
Ер баласы ер еді –
Кегін алмай қояр ма?!
ІІ топ: Сұлулық – Гулбаршын, Аналық, Қарлығаш, Қаракөз.
«Гүлбаршын – жақсы әйел - жігітке біткен бақ»
Қандай?
Сұлу қыз ғана емес халықтың салт дәстүрге, сертке берік, адамдық ар
- намыс жолынан айнымайтын адал әйел. Нағыз қазақ қызы. Әйел
атаулының ең ұнамды сипаттары болып табылатын көрікті, ақылды, өр
мінезді әйел.
Гүлбаршын сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй деді:
«Етегім бе, жеңім бе,
Өлең менің теңім бе,
Айналайын, құдай - ау,
Осы менің бегім бе?
Құдай салсын аузыма
Бегім келсін қасыма.
Айналайын құдай – ау!
Жалғызымның даусы ма?
Абырой берсін сөзіме,
Көрінеді осы адам
От жалын болып көзіме.
Айналайын құдай – ау,
Осы тұрған диуана
Жалғызымның өзі ме?!»
ІІІ топ: Жау - Ұлтан, Тайшық хан.

Құлағы болды қалқандай,
Мұрынына қарасаң,
Сығымданған талқандай.
Көзі терең зындандай,
Басқан ізін қарасаң,
Көрінеді оттың орнындай.
Аузы үлкен ошақтай,
Азу тісі пышақтай.
Иегі бар сеңгірдей,
Бір батыр болды сол күнде - ай!
Байбөрі мен Құлтайға
Алжыған қақбас дер еді,
Ер жеткен соң күніне - ай!
Малда, жанда нең бар деп,
Намаздыгер болғанша
Жолатпай қойды үйіне - ай!
Есіткен адам зар жылар,
Жыландай заһар тіліне - ай!
3.
Қорытынды.
- Алпамыс батыр жырының эпостық жыр деп аталуы неліктен?
Батырлар жыры немесе қаһармандық эпос - халық өмірінің тұтас бір
дәуірін жан - жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың
сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеуметтік
қайшылықтар мен тартыстарды бейнелейді. Сондай батырлық жырлардың
бірі - " Алпамыс батыр" жыры.
- Жырдың тақырыбы мен халық арманының қандай байланысы бар?
Алпамыстың отқа салса күймейтін, оқ өтпейтін, қылыш кеспейтін болып
көрінуі халықтың ешқашан жойылмайтын, жақсылықтан үмітін үзбейтін
дәл осындай ел перзенті болса дейтін аңсарынан туған.
- Жырдың тәрбиелік мәні бар ма?
Батырлар жырының тәрбиелік мәні бар. Жырда батыр қай кезде де
бұзылған жағдайды қалпына келтіруші тұлға. Ол жауды жеңіп,
әділеттілікті асқақтатып, алғашқы мамыражай дәуірді қайта орнатады.
Оқиға өзінің басталған жерінде аяқталады. Жай ғана емес, тоймен
аяқталады. Себебі, халық ұғымында жамандықты жақсылық, жауыздықты
қайырымдылық, зорлықты әділдік жеңу — батырдың ерлігімен болатын
іс.
Кері байланыс:
Оқушыларға таратылады, балалар жауап жазады және
оқиды.
Не білемін?
Не білдім? Не білгім
келеді?
Үйге
тапсырма: "Батыр туса -
ел ырысы" шығарма жазу
Оқушылардың
білімін бағалау.
Алдағы күннің Алпамысы мен Гүлпаршыны!
Сенің бойыңда батырдың бес қаруындай
Білегіңде күш
Бойыңда білім
Жүрегіңде жылу
Тамырыңда ар-намыс
Табиғатыңда
тектілік болғай!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ :Алпамыс батыр жыры

шағым қалдыра аласыз