Мақсаты:Балаларды жылдың күз мезгілімен , табиғаттағы күзгі ерекшеліктермен таныстыру. Табиғаттың сұлулығын түсініп, табиғат аясындағы қарапайым мінез-құлық ережелерін сақтап,табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Күз мезгілінің суреттері.
Билингвалды компоненттер: Күз-осень, жапырақ-листья, жаңбыр-дождь,құстар-птицы.
Шаттық шеңбері:Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағын кең ашқан.
Тілегіміз тыныштық,
Ашық болсын кең аспан.
Мықты болсын іргеміз,
Бәрімізде біргеміз!
Балалар орындарынан тұрып шаттық шеңберін қимыл- қозғалыс арқылы жасайды.
Тәрбиеші: -Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:- Күз мезгілі.
-Күздің неше айы бар?
-Күз мезгілінде үш ай бар. Олар қыркүйек, қазан,қараша.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. ( Күз мезгілінің ерекшеліктері бейнеленген сурет бойынша балаларға сұрақтар қою)
-Балалар күзде жапырақтардың түсі қандай болады?
-Жапырақтар сарғаяды,гүлдер солады.
-Құстар қай жаққа ұшады?
-Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Тәрбиеші:Күзде күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғаяды,құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Тәрбиеші: Ендеше көздеріңді жұмып тұрып, менің айтқанымды қайталаңдар.
Релаксация:
Кәне, кәне айтайық,
Әжеге барып қайтайық!
(Балалар көздерін жұмып тұрып тәрбиешінің айтқанын қайталайды)
Көздерін ашып қалғанда,әженің ауылына келіп қалады.
Алдарында әже, бау-бақша. Бау-бақшада әже тұрады.( Балалар таң қалады)
Сәлеметсізбе, әже! Біз балабақшадан келіп тұрмыз,жәй келгеніміз жоқ, арнайы сізге көмектесуге, сондай-ақ жемістер мен көкөністер туралы көп мағлұматтар алуға келдік.
Әже жеміс талдарымен таныстырып шығады. Жемістер , көкөністердің пайдасы туралы, олардан әртүрлі тағамдар дайындауға болатыны туралы түсінік беріп өтеді
-Мынау суреттегі қандай жеміс?( алма)
-Түсі, пішіні қандай?
-Мынау не?(алмұрт)
-Түсі пішіні қандай?
-Жемістер қайда өседі?
-Ағашта, бақта өседі.
-Ал мынау суретте қандай көкөністер?
-Ал мынау не?(сәбіз)
-Ал мынау не?(қырыққабат)
-Ал мынау не?(пияз)
-Көкөністер қайда өседі?
-Бақшада.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар.(Балалар жемістермен көкөністермен танысып,олардың пайдасы туралы көп түсінік алдық. Сондай-ақ олардың түсі,пішіні туралы үйрендік)
Дидактикалық ойын:, ,,Талда өсе ме, бақшада өсе ме?,,
Ойын шарты:Ағашта жемістер мен көкөністердің суреті араласа ілініп тұрады, ортаға бір бала шығып жемістердің арасынан көкөністерді тауып бөлек жерге жинауы тиіс.

Сергіту сәті: Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Қайтадан көздерін жұмып, сиқырлы сөзді айтады.
Релаксация:(Сиқырлы әуен ойналады)
Қане,кане айтайық,
Балабақшаға қайтайық.
(Балалар көздерін жұмып тұрып, сиқырлы сөзді қайталайды) Балалар әжелерімен қоштасып, топтарына қайта оралады.
Қорытынды:
-Балалар біз бүгін қонаққа қайда бардық?
-Әженің ауылына бардық.
-Әженің бақшасында қандай жемістермен таныстық?
-Алма, алмұрт.
-Жемістер қайда өседі?
-Ағашта,бақта.
-Ал көкөністер қайда өседі екен?
-Бақшада, жерде.
Жылулық шеңбері.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Алтын күз"
Ашық сабақ "Алтын күз"
Мақсаты:Балаларды жылдың күз мезгілімен , табиғаттағы күзгі ерекшеліктермен таныстыру. Табиғаттың сұлулығын түсініп, табиғат аясындағы қарапайым мінез-құлық ережелерін сақтап,табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Күз мезгілінің суреттері.
Билингвалды компоненттер: Күз-осень, жапырақ-листья, жаңбыр-дождь,құстар-птицы.
Шаттық шеңбері:Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағын кең ашқан.
Тілегіміз тыныштық,
Ашық болсын кең аспан.
Мықты болсын іргеміз,
Бәрімізде біргеміз!
Балалар орындарынан тұрып шаттық шеңберін қимыл- қозғалыс арқылы жасайды.
Тәрбиеші: -Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:- Күз мезгілі.
-Күздің неше айы бар?
-Күз мезгілінде үш ай бар. Олар қыркүйек, қазан,қараша.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. ( Күз мезгілінің ерекшеліктері бейнеленген сурет бойынша балаларға сұрақтар қою)
-Балалар күзде жапырақтардың түсі қандай болады?
-Жапырақтар сарғаяды,гүлдер солады.
-Құстар қай жаққа ұшады?
-Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Тәрбиеші:Күзде күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғаяды,құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Тәрбиеші: Ендеше көздеріңді жұмып тұрып, менің айтқанымды қайталаңдар.
Релаксация:
Кәне, кәне айтайық,
Әжеге барып қайтайық!
(Балалар көздерін жұмып тұрып тәрбиешінің айтқанын қайталайды)
Көздерін ашып қалғанда,әженің ауылына келіп қалады.
Алдарында әже, бау-бақша. Бау-бақшада әже тұрады.( Балалар таң қалады)
Сәлеметсізбе, әже! Біз балабақшадан келіп тұрмыз,жәй келгеніміз жоқ, арнайы сізге көмектесуге, сондай-ақ жемістер мен көкөністер туралы көп мағлұматтар алуға келдік.
Әже жеміс талдарымен таныстырып шығады. Жемістер , көкөністердің пайдасы туралы, олардан әртүрлі тағамдар дайындауға болатыны туралы түсінік беріп өтеді
-Мынау суреттегі қандай жеміс?( алма)
-Түсі, пішіні қандай?
-Мынау не?(алмұрт)
-Түсі пішіні қандай?
-Жемістер қайда өседі?
-Ағашта, бақта өседі.
-Ал мынау суретте қандай көкөністер?
-Ал мынау не?(сәбіз)
-Ал мынау не?(қырыққабат)
-Ал мынау не?(пияз)
-Көкөністер қайда өседі?
-Бақшада.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар.(Балалар жемістермен көкөністермен танысып,олардың пайдасы туралы көп түсінік алдық. Сондай-ақ олардың түсі,пішіні туралы үйрендік)
Дидактикалық ойын:, ,,Талда өсе ме, бақшада өсе ме?,,
Ойын шарты:Ағашта жемістер мен көкөністердің суреті араласа ілініп тұрады, ортаға бір бала шығып жемістердің арасынан көкөністерді тауып бөлек жерге жинауы тиіс.
Билингвалды компоненттер: Күз-осень, жапырақ-листья, жаңбыр-дождь,құстар-птицы.
Сергіту сәті: Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Қайтадан көздерін жұмып, сиқырлы сөзді айтады.
Релаксация:(Сиқырлы әуен ойналады)
Қане,кане айтайық,
Балабақшаға қайтайық.
(Балалар көздерін жұмып тұрып, сиқырлы сөзді қайталайды) Балалар әжелерімен қоштасып, топтарына қайта оралады.
Қорытынды:
-Балалар біз бүгін қонаққа қайда бардық?
-Әженің ауылына бардық.
-Әженің бақшасында қандай жемістермен таныстық?
-Алма, алмұрт.
-Жемістер қайда өседі?
-Ағашта,бақта.
-Ал көкөністер қайда өседі екен?
-Бақшада, жерде.
Жылулық шеңбері.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық.
шағым қалдыра аласыз