Ашық сабақ «Алюминийдің маңызды табиғи қосылыстары және олардың Қазақстандағы кен орындары»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ «Алюминийдің маңызды табиғи қосылыстары және олардың Қазақстандағы кен орындары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал ұстаздарға, оқушыларға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы


7 Е.Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп











Ашық сабақ тақырыбы:


«Алюминийдің маңызды табиғи қосылыстары және олардың Қазақстандағы кен орындары»
















Химия пәні мұғалімі: Аманжанқызы Шолпан

9 «б» сынып оқушылары



2016-2017 оқу жылы


Тақырыбы: Алюминий және оның маңызды табиғи қосылыстары 
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Алюминий элементінің периодтық жүйедегі орны, табиғатта кездесуі, алынуы және оның қосылыстарының физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы туралы білім беру;
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын, дүниетанымын кеңейтіп, алюминий және оның қосылыстарының екідайлы қасиеттеріне жаттығулар орындау және оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы білімді дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларға алюминийдің тұрмыста қолданылуын түсіндіріп, оны тиімді қолдануға, берілген тапсырманы тиянақты орындауға, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдістері: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, жоба қорғау, деңгейлік тапсырмалар, зертханалық тәжірибе, ББҮ кестесі, «Кубизм» әдісі, «Иә немесе жоқ» ойыны, «Артықты тап» ойыны.
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, үлестірмелі парақшалар, периодтық кесте, бейне материалдар, интерактив тақта, зертханалық құралдар мен реактивтер.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа дайындығын қадағалау.
Үй тапсырмасын сұрау: Сынып оқушыларын «Кубизм» әдісімен сұрақтар қою арқылы 4 топқа бөлу.


Кальций тобы:
1. Кальцийдің валенттігі мен тотығу дәрежесі қандай?(ІІ, 0,+2)
2. Кальций қандай топта орналасқан?(ІІА)
3. Кальцийге қандай физикалық қасиеттер тән?(күміс тәрізді ақ түсті, жеңіл металл)
4. Кальций неге керосинде сақтайды? (Белсенді сілтілік жер - металы)


Кальций оксиді тобы:
1. Сөндірілмеген әктің формуласы қандай? (СаО)
2. Кальций оксиді қандай қасиет көрсетеді?(негіздік оксид)
3. Кальций оксидін алудың тиімді жолын ата.(әктасты өртеу арқылы)
4. Әкті сөндіру реакциясын жаз. (СаО+Н О Са(ОН) )

Кальций гидроксиді тобы:
1. Кальций гидроксиді қандай заттармен әрекеттеседі?(қышқылмен, қышқылдық оксидпен)
2. Сөндірілген әктің формуласы қандай?( Са(ОН) )
3. Көмірқышқыл газын анықтауда кальцийдің қай қосылысы қолданылады? ( Са(ОН) )
4. Кальций гидроксиді фенолфталейнді қандай түске бояйды?(таңқурай түске)

Кальций тұздары тобы:
1. Кермектік деген не?(судың құрамында кальций мен магний тұздарының көбеюі)
2. Кермектіктің қандай түрлері бар?(уақытша(карбонатты) және тұрақты(карбонатсыз))
3. Ғаныштың формуласы қандай? СаSO *2 Н О)
4. Құрылыс материалы ретінде қолданылатын кальций қосылысын ата.( СаSO *2 Н О, Са(ОН) , СаСО , СаSO *0, 5 Н О)

Жаңа сабақты түсіндіру:
(Миға шабуыл)
Дүниежүзілік өнеркәсіпте темір құймаларынан кейінгі ІІ орын алатын, Ресейде «глиний» деп аталған, оңай фольга болып жазылатын, екідайлы қасиет көрсететін, ұшақ пен кеме жасауда кеңінен қолданылатын, күмістей ақ түсті жеңіл металл.
А) алтын В) алюминий С) мыс
Жауабы: алюминий
Алюминийге жалпы сипаттама беру(оқушылар мұғалімнің көмегімен орындайды):
А) Периодтық жүйедегі орнын сипаттау.
Салыстырмалы атомдық массасы, реттік нөмірі - Аг - 27; Z(AI)- 13
Период - 3 - период, кіші
Топ - ІІІ топ, негізгі топша ( А тобы)
Атом құрамы --------
Электрондық формуласы:----------
Валенттігі:------------
Тотығу дәрежесі:----------

Ашылу тарихын баяндау.
Алюминий латынның «алюмен», «квасцы» -«ашудас» деген мағынадағы сөзінен алынған. Ерте кезде жылтырауық бояу заттарын алатын қоспаны осылай атаған. Алғаш рет таза алюминийді 1827 жылы 22 қазанда хлорлы алюминийге металл калийді қосып, қыздыру арқылы неміс ғалымы Ф. Велер алған.
Табиғи қосылыстарына тоқталу.
Қосылыс атауы: Формуласы
Ортаклаз, далалық шпат: K O*3AI O *6SiO
Ақ саз: AI O *2SiO *2Н О
Слюда: K O*3AI O*6SiO*2Н О
Нефелин: Na O*KO*AIO
Боксит: AI O*2Н О
Корунд: AI O

Алюминийдің алынуы. Бокситтен алынады: 2АІ О → 4АІ+3О

Алюминийдің физикалық және химиялық қасиеттері:
Алюминий күмістей ақ түсті, жеңіл металл. Жылу мен электр тогын жақсы өткізеді, суықтай және ыстықтай өңдеуге икемді.

«Иә немесе жоқ» ойыны ойналады(жеке жұмыс)
1. Алюминий екідайлы элемент (иә)
2. Алюминий нефелиннен алынады(жоқ)
3. Концентрлі азот қышқылымен әрекеттеспейді (иә)
4. D - элементке жатады(жоқ)
5. ІІІ валентті(иә)
6. Алюминий белсенділігі төмен металдарды тұздарынан ығыстырады(иә)
7. Алюминотермия әдісімен темір алынады(иә)

Алюминий қосылыстарына сипаттама беру:
Негізгі сипаттама:
▪ Al O - Аталуы, физикалық қасиеті: Алюминий оксиді, боксит, глинозем, корунд, ақ түсті қатты зат, суда ерімейді.
Алынуы: 4АІ+3О → 2AlO
2Al(OH) → AlO+ 3HO
Химиялық қасиеті(екідайлы): AlO+6HCl→2AlCl+3HO
AlO+2NaOH→2NaAlO+HO

▪ Al(OH) - Алюминий гидроксиді, ақ түсті іркілдек ұйыған айран тәрізді зат.
Алынуы: AlCl+3NaOH→ Al(OH)+3NaСl
Химиялық қасиеті(екідайлы): Al(OH)+3HCl→AlCl+3HO
Al(OН)+NaOH→NaAlO+2HO

6 Зертханалық тәжірибе орындау:
Алюминий сульфатының ерітіндісінен сынауыққа құйып алып, үстіне тұнба пайда болғанша натрий гидроксидінің ерітіндісін құйыңдар. Алынған тұнбаны екіге бөліңдер:
а) бірінші сынауықтағы тұнбаға сілті ерітіндісінің артық мөлшерін құйыңдар.
ә) екінші сынауықтағы тұнбаға тұз қышқылының ерітіндісін құйыңдар
Бақылағандарыңды түсіндіріңдер, химиялық реакциялардың теңдеулерін жазыңдар.
AI2 (SO4)3 +6NaOH → 2AI(OH)3 +3Na2 SO4
Al(OН)3 +NaOH→NaAlO2 +2H2O
Al(OH)3 +3HCl→AlCl3 +3H2O

Оқулықпен жұмыс орындалады(жұптық жұмыс):
№1тапсырма(тотығу - тотықсыздану реакциясын жазу)
№2 тапсырма. Массасы 20 г темір(III) оксидімен 50 г алюминий әрекеттескенде алюмотермия әдісімен қанша гр темір шығады?
Жауабы: 14г

Деңгейлік тапсырмалар орындау
1 - деңгей
Алюминийдің периодтық жүйедегі орнына сипаттама бер.

Жауаптары:
1 - деңгей
3 - период, кіші;
ІІІ топ, негізгі топша(Атобы);
Аг - 27; Z(AI)- 13
Атом құрамы:
27АІ(13р, 14п) 13е
13
+13АІ ) 2) 8) 3
Электрондық формуласы:
1s²2s²2p6 3s²3p¹
*1s²2s²2p6 3s¹3p²
Валенттігі: ІІІ(тұрақты)
Тотығу дәрежесі: 0; +3

2 - деңгей
Al(OH)3 +2HCl→
Al+HCl→


Al(OH)3 +2HCl→ Al(OH) СІ2 +2Н2О
2Al+6HCl→2АІСІ3 +3Н2

3 - деңгей
Массасы 5, 4г алюминий темір(ІІІ) оксидімен әрекеттескенде қанша грамм алюминий оксиді түзіледі?
Зат мөлшері 0, 2 моль алюминий тұз қышқылымен әрекеттескенде бөлінетін сутегінің көлемін тап.
(Жауабы: 10, 2г), (Жауабы: 6, 72л)

«Алюминий - болашақтың металы» тақырыбында жоба қорғау(топтық жұмыс)
Кальций тобы: Алюминий - электротехникада
Кальций оксиді тобы: Алюминий - тұрмыста
Кальций гидроксиді тобы: Алюминий - бағалы тастар құрамында
Кальций тұздары тобы: Алюминий құймалары

«Артықты тап» ойыны ойналады(жеке жұмыс).
1) Глинозем, боксит, корунд, силумин
2) NaOH, HCl, HNO3 конц., HNO3 сұй.
3) AlCl3 , Al, Al(OH)3 , Al2 O3

Үйге тапсырма:
В тобы №4, 5 есеп, С тобы №2, 3 есеп, 170 бет
Құрамында алюминий бар бағалы тастар және олардың қолданылуы(іздену)
Алюминий құймаларының қолданылуына нақты мысалдар келтіру(іздену)

Бағалау: Сабақ барысында жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.12.2018
639
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі