«Ән
Қарлығаш»
Білім беру
саласы:Шығармашылық
Бөлімі:Музыка
Сабақтың түрі:
Жаңа сабақ
Тақырыбы: Ән
«Қарлығаш»
Сабақтың
мақсаты:
1)Білімділік
Қарлығаш құсы туралы
мағлұмат беру,қарлығаш әнімен таныстыру, әннің сөздерін айтуға
үйрету,әншілік дауысты және қимыл мәнерлігін
қалыптастыру,балалардың әнге деген сүйіспеншілігін
арттыру.
2)Дамытушылық
Әнді тыңдауын, әуенді
сергек айтуын,ойын-қимыл арқылы ырғақты сезінуін, есте сақтау
қабілетін және музыка қабылдау деңгейін дамыту.
3)Тәрбиелік
Ертегі арқылы балаларды
мейірімділікке,қарлығаш құсына деген сүйіспеншілікке және ән салу
арқылы балаларды өнерді сезіне білуге,әдептілікке,батылдыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілік:қарлығаштың суреттері,ертегі
видеосы,слайд,музыкалық аудиозапись.
Сабақтың
барысы:
I.Мотивациялық
қозғаушы күш.
Балалар көңілді әуенмен
залға кіреді,ортаны айналып шығып шеңбер жасап тұрады,музыка
жетекшісі балалармен амандасады.
«Шаттық шеңбері»
:
Күннің көзі
ашылып,
Көкке шуақ
шашылып,
Құтты қонақ
келіпті,
Төрімізге
еніпті.
Амандасу
үлкенге,
Тәрбиенің басы
ғой.
Ал,қанекей,бәріміз,
Сәлем дейік
үлкенге,
Сәлеметсіз
бе,?
Музыка
жетекшісі:- Балалар сендер қандай
сабаққа келдіңдер?
Балалар:- Музыка
сабағына.
Музыка
жетекшісі: - Музыка сабағында біз не
үйренеміз?
Балалар:- Ән айтуды, би билеуді
үйренеміз.
Музыка
жетекшісі: - Жарайсыңдар!
II.Іздену-ұйымдастырушы кезең.
Муз
жет: Сендер жұмбақ шешкенді жақсы
көресіңдер ме?
Балалар: Ия
Муз
жет: Олай болса балалар бүгінгі
өтетін сабағымыздың тақырыбын, мен сендерег жұмбақ жасыру арқылы
ашқым келіп отыр.
Муз
жет: Ал қане мұқият
тыңдаңдар,жауабын тез табыңдар.
Екі айыр
құйрығы,
Қияқ мұрт
қанаты,
Ұшқырлардың жүйрігі.
(Қарлығаш)
Балалар: -Ия, (қарлығаш
құсы)
Муз
жет: Жарайсыңдар! Сендер жұмбақты
шештіңдер,сондай ақылдысыңдар!Балалар бүгінгі біздің тақырыбымыз
«Ән Қарлығаш». Балалар білесіңдер ме,қарлығаш құсы адам баласына
пайда көп келтіреді.Ата-бабамыз қарлығашты ежелден жақсы
көрген.Қарлығаш сүйкімді,еңбекқор,ақылды,батыл
құс.
III.Негізгі
бөлім.
Муз
жет: -Оған көз жеткізу үшін,
«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісін
тамашалайық.
(балаларға ертегі
мультфилімін көрсету)
Муз
жет: Ал,балалар сендерге ертегі
ұнады ма? (Ия,бізге ертегі ұнады)
-Ертегі не жайында
болды? (қарлығаш құсының құйрығының неге айыр болғандығы
жайлы)
-Қарлығаш құсы қандай
батыл іс жасады? (Адам затын зұлым айдахардан
құтқарды)
Муз
жет: -Жарайсыңдар,балалар!
Сабағымызды жалғастырмас бұрын,денемізді бір сергітіп
алайық.
Балалар: Ия
Сергіту
сәті: «Қарлығаш»
(Музыка ырғағымен
қарлығаш құсының қимылын жасау)
Муз
жет: Біздің бүгінгі әніміздің де
аты «Қарлығаш» осы ән ертегінің желісінде пайда болған.Қарлығаштың
құйрығы неге айыр екендігі әнімізде сыйпатталған әннің сөздерінде
батылдығы,мейірімділігі кездеседі.Қәнекей,балалар ән жаттамас бұрын
әніміздің әуенін тыңдап алайық.
Әуен тыңдау:
«Қарлығаш»
Муз
жет: Қарлығаш әуені ұнады ма? Олай
болса әннің сөзін жаттайық.
«Қарлығаш» әнін
үйрету.1-шумағын жаттату.
«Қарлығаш»
Қарлығаш,қарлығаш
құйрығын сенің айыр,
Тілейсің
адамға,жақсылық пенен қайыр,
Мейірімді
құсым-ай,
Қанат қағып
ұшсын-ай,
Қарлығаш,қарлығаш
талмасыншы қанатың
Нұрлы көз сәуле
шаш,барлық бала қуансың,
Мейірімді
құсым-ай,
Қанат қағып
ұшсын-ай,
Муз
жет: Балалар қарлығаш әнінің
сөздері,әуені сендерге ұнады ма?
Балалар: Ия
Муз
жет: Енді көңілімізді көтері үшін
ойын ойнайық.
Балалар: Ия
Ойын: «Әуенді
орындық»
Ойынның
шарты: Балалар,ортада үш орындық
тұрады.Музыка әуенімен бірге қарлығаш құсы секілді ұшып
жүріп,әнімізді қайталаймыз.Ал әуен тоқтаған жағдайда
қонып,орындығымызға отырып үлгеруіміз керек.Отыра алмай қалған бала
ойыннан шығып кетеді.Ойын шарты сендерге түсінікті
ме?
Балалар:Ия
Муз
жет: -Жарайсыңдар!балалар өте
көңілді ойнадыңдар.
IV.Қорытынды.
Муз
жет:
-Балалар сендерге
сабағымыз ұнады ма?
-Қандай ертегіні
тыңдадық?
-Қандай ән
жаттадыңдар?
Муз
жет: Өте жақсы,балалар,бәріңде
музыкалық білімдеріңді және қабілеттеріңді көрсете білдіңдер.Сау
болыңыздар! Музыка ырғағымен сапқа тізіліп залдан шығып
кетеді.
Жамбыл облысы әкімдігінің
жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының Жамбыл облыстық мүгедек балаларды оңалту және
бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Музыка жетекшісі:
Кеңес Балнұр Өміржанқызы