Ашық сабақ "Ана біздің гүліміз"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Ана біздің гүліміз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: 1.Балалардың анаға деген құрметін, балалық сезімдерін сөз арқылы жеткізе білуді дамыту. 2. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. 3. Ананы құрметтеуге, ана еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Аялайық ананы

Сабақтың мақсаты: 1.Балалардың анаға деген құрметін, балалық сезімдерін сөз арқылы жеткізе білуді дамыту.

2. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3. Ананы құрметтеуге, ана еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу.



Ертеңгілік барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Мұғалімнің алғы сөзі:

Ақ тілеулі, кең пейілді аналарымыз өмірдің бастауы, тіршіліктің сәні. Аналар біздің басты байлығымыз. Ана - адамзат мекен еткен жер шарының әр түкпірінде, әр үйде мейірім мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен аяулы жан.
Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан қардың астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да соншалықты нәзіктілігіне қарамастан барлық қиындық атаулыға төзімді.
Адам ең алдымен ана алдында қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды. Ана баласының ер жетіп адал болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту таралғының керегі жоқ.

2 .« Жыл мезгілдері» Сұрақ - жауап (слайд 1)

3. Бейне ролик «Ана жүрегі» (слайд 2)

4. «Суреттер сөйлейді» сурет бойынша әңгіме (слайд 3)

5. «Аналарға арнау» тақпақтар айту

6. «Жалғасын тап» мақал – мәтелдер айту (слайд 4)

Ана ақылы ант, сөзі бал

Анасыз үй, көңілсіз күй

Ананың сүті бал,баланың тілі бал

Ақ жаулығы ананың – ақ көрпесі баланың

Ағайын - алтау, ана - біреу

Ана сүтін ақтамағанды, ешкім мақтамайды

7. Дидактикалық ойын «Гүл теру» Сұрақтарға жауап беру (слайд 5)

Аяулы жан?

Бағдаршамның көздері нешеу?

Бір аптада неше күн бар?

Дауысты дыбыс қандай түспен белгіленеді?

Еліміздің бас қаласы?

Еліміздің президенті?

Көктемгі жапырақтың түсі?

Үшбұрышта неше бұрыш бар?

Ана сөзінде неше буын бар?

Бала сөзінде неше буын бар ?

8. Шығармашылық жұмыс «Өнерлінің қолы алтын» Қағаздан гүл жасау (слайд 6)

9. Көрініс; Не тәтті?

Жиренше шешен жолда келе жатса алдынан екі бала кездеседі.

Жігіттер: Ассалаумалейкум, биаға!
Шешен: Уалейкумассалам! Жол болсын,
жігіттер!
-Дүниеде не тәтті?— Бал

-Жұмсақта не жұмсақ

Мамық?

Осы сұрақтарынызға мен жауап берейін.
Шешен; Айта, ғой, балам.
2-жігіт: Тәттіде ананың сүті тәтті.
Жұмсақта ананың алақаны жұмсақ.
Шешен:Өзің бір болайын деп тұрған бала екенсің!
Жарайсың, балам.Мұратына жет, қатарыңның алды бол.


II. «Өнерлі бала сүйкімді» Балалардың өнерін тамашалау



Өмірге – ана бұлақ, ана - пана,
Өмірді өркендетер ана ғана
Өсірген талай шешен, талай көсем
Талай ер, талай ақын, талай дана
Ана! ол - біздің елге ардақты адам.


Ардақты анам, асылым

Теңдігіңді жырлаймын.
Жырымның ең асылын
Мерекеңе сыйлаймын.


Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі - аналар,
Ана деп бас иеді күллі халық.
Біз ғана емес,
Қадыр тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар
Ана деген тіршіліктің тірегі
Армысыздар қасиетті аналар!

Би «Көктем вальсі»

Ән «Сағындым әже»

Айтсаң болды тіл алам

Әйбат мамам, ақ мамам.
Сені көрсем қуанам,
Сен керексің қайда да


Жүре берсем қасыңда
Әйбат анам қуанам
Ботам деген дауысыңнан
Мен мәз болып оянам
Кір түсірмей жағама
Шашымды да тарайсың
Мектебіме барарда
Мейірлене қарайсың.

Тау қопарып, тасты үгіп
Тұрғыздың сен не қала
Саған қандай жақсылық
Жасай алам мен ана!

Мамам менің ақ мамам,
Балын маған сақтаған,
Әнін маған сақтаған
Бәрін маған сақтаған.
Мамам менің ақ мамам
Гүлді маған баптаған
Жырды маған жаттаған
Мен ұйықтамай жатпаған.

Ән «Ана» Шабетов Нұрғиса
Шалқып тасып әніміз
Жадырасын жанымыз
Ана сені құттықтап
Әндетеміз бәрім

Сағындым мамық қолыңды

Күтемін сенің жолыңды.
Сен үшін ана, өмірде
Қоюға бармын жанымды
.

Би «Орыс биі»

Ән «Жаңбыр» (ағылшын тілінде)

III.Қорытынды

Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.

Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! 8 наурыз құтты болсын!

Ән «Ана туралы жыр»




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.02.2018
988
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі