Сабақтың тақырыбы: Ананың
алақаны
Сабақтын мақсаты:А) Мәтіннің мазмұнын оқып,
идеясын ашу арқылы ана тақырыбын кеңейтуге мүмкіндік
беру.
Ә)Өлеңді
талдау, оның көркем тілі арқылы шығармашылық жұмыстар жасауға
жағдай туғызу.
Б)Адамгершілік, ұлттық салт-дәстүр тәрбиесінің ұлылығын
сезіндіру.
Күтілетін нәтиже: Өзіндік ойын
ортақ пікірге тоғыстыра біледі, бірлескен жұмысқа, топ арасындағы
жұмысқа икемделе біледі, мәтіннің идеясын түсінеді.
Модульдер: Сын тұрғысынан ойлауға үйрету, оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу, оқыту үшін бағалау мен оқу
үшін бағалау, АКТ-ны пайдалану, диалогтік оқыту, оқытуды басқару
және көшбасшылық.
Әдіс-тәсілдер: Блум таксонамиясы , Миға шабуыл, жуан сұрақтар,
салыстыру, топпен, жұппен, жеке жұмыс, Сабақтың барысы
Кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс -әрекеті Бағалау
Ресурстар
1.Психологиялық
дайындық.
Сәлем
көрші,
Сәлемімді қабыл
алшы,
Жабырқамай
күлімдеші,
Тамаша ғой бүгін
деші.
2. Топқа
бөліну.
2. Топқа
бөліну.
1.Қажымұқан
тобы
2.Балуан шолақ
тобы
3.Жақсылық Үшкемпіров
тобы
4.Дәулет Тұрлыханов
тобы
Топ ережесін еске
түсіру.
Топ басшысын
сайлау.
- Өзгені тыңда!
- Өзіңді тыңдат!
- Мүмкіндікті пайдалан!
- Уақытты сыйла!
- Ойыңды ашық айт!
- Өзгенің пікірі құнды!
І.Қызығушылықты
ояту
- Балалар бүгінгі сабағымыз
жай ғана сабақ емес, ерекше сабақ, өйткені бізге көп қонақтар келіп
отыр. Ендеше біз ұялмайтындай болып, қонақтарымызға жақсы
білімімізді тарту етейік.
Үй тапсырмасын
тексеру.
Тест түрінде өтілген
сабақты бекіту.
1. Ішуге жарамды
су?
А) Ащы
су
Ә) Тұщы
су
Б) лай
су
2.Табиғи су
көзі?
А)Бассейн
Ә)
Құдық
Б)
Көл
3. Жасанды су
көзі?
А)
Мұхит
Ә)
Теңіз
Б)
Бассейн
4. Өздерің тұрған жердің
ауыз суы қандай?
А)Кермек
Ә) Тұщы
су
Б) Ащы
су
5.Құдық қазғанда қандай
рәсім жасалады?
А) Сүйінші
сұрау
Ә) Әр үй құрт,май,ірімшік
әкелу
Б) Кәмпит,тәтті
әкелу
Әр жұп бір-бірін
бағалайды.
Лездеме
сұрақтар:
Өмірде
сен үшін алақаны жұмсақ кім?
Жүрегі
жылы кім?
Құшағы
кең кім? Осындай сұрақтар топтамасын
жасау.
Ана
туралы қысқаша үзінді алып, оқушыларға оқып
беру.
Аялы алақанға байланысты
мен бір өсиет әңгімеге тоқталғым
келеді.
Өсиет
әңгіме.
Жағдайлы бір отбасы
баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды.
Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалған ойыншықтар,
компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы
осының бәріне қанағаттанбай, ата - анасы жұмысқа бармаса
болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы
сәтте ата - анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап
біледі.
Бала сол күннен бастап
ата - анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай
бастайды. Жинаған ақшасы ата - анасының бір күндік табысына жеткен
күні бала ата - анасына өтініш
жасайды.
- Әке, ана! Бүгін жұмысқа
бармай бір күндеріңізді маған
қиыңыздаршы.
Бір күнгі табыстарыңызды
мен төлеймін депті.
Қалай ойлайсыздар бала неге
өтінді.
Міне, ата - ананың аялы
алақаны ыстық, балаға әсері күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір
нәрсемен ауыстыру мүмкін емес.
«Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» деген мақал мәнін
қалай түсінесіңдер?
Балуан Шолақ туралы видео
көрсету.
- Балалар осы жазбаны көргенде
не түсіндіңдер? Осы туралы не айта аласыңдар?
“Болжау” стратегиясы - Сонымен, бүгінгі сабағымыз кім туралы болады
деп ойлайсыңдар?
Блум таксонамиясы 1.«Білу»
Миға шабуыл.Топқа сұрақтар қойылады.
-Әр топ өз тобының атауы туралы мәлімет
айтады.
II.Мағынаны
тану .
2.
«Түсіну» -
Нұрмағанбет Баймырзаұлы,
Балуан Шолақ (1864-1916) – қазақтың халық
композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш
өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны.Оның
есімін де халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен еркелетіп, жас
күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп
атаған, әйтпесе өзінің азан шақырылып қойылған шын аты –
Нұрмағанбет. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Дулат тайпасының Сәмбет
руынан. Бірақ аталары ерте кезде Арқаға қоныс аударғандықтан, оның
бар өмірі Көкшетау өңірінде, атығай, қарауыл руларының арасында
өскен.Әкесі Баймырза ағаш шебері болған. Әкесіне қарағанда, шешесі
Қалампыр қарулы кісі болған дейді. «Алып – анадан» деген ғой,
Балуан Шолақ та осы анасына тартып, теңдессіз алып күштің иесі
болған.14 жасынан бастап күреске түсіп, ат құғында ойнаған спортшы
болған, шауып келе жатқан ат үстінде әр түрлі күрделі жаттығуларды
шебер орындаған. Мысалы: жүйткіп келе жатқан ат үстінде түрегеліп,
не басымен тұруы, аттың бауырынан өтуі, бір аяғын үзеңгіге
қыстырып, шалқалап жатып шабуы бойындағы жойқын күшті, ептілікті
шебер игере алатындығын, қазақтың далалық цирк өнерінің іргетасын
қалағандығын айғақтайды. Көкшетау қаласындағы үлкен жиындарда 51
пұт (830кг-дай) кірдің тасын көтеріп, дүйім жұртты таң қалдырған.
1899 ж. Орыс палуаны Иван Кореньмен күресіп, оның қабырғасын
сындырғанда Балуан Шолақ 35-те еді.Мұның үстіне Балуан Шолақ
ән-күйге жасынан құмар болады.
3. «Қолдану».
1,2,3,4, –топқа оқуға тапсырма
беру.
Ананың алақаны
оқу
Сөздікпен жұмыс жасалады.
Сөздік
жұмысы
Мәтінді оқып, жұпта, топта
талдау, орталарынан бір оқушы шығып, мазмұнын айтып
береді.
- «Жуан сұрақтар»
стратегиясы.
-Келешек алыптың анасы қандай адам болғанын
суретте?
-Өлеңде балуан шолақтың дене
бітімі қалай суреттелген?
-Балалық шағындағы Балуан
шолақ мінезін суреттеп бер?
Сергіту сәті.
4. «Талдау»
7.Шығармашылық
жұмыс. Топтарға тапсырма беріледі,
талдап, қорғайды.
1-топ: Өзіңе ұнайтын спорт түрі.
2-топ:Мәтіндегі ана шыдамының
да шегі бар деген сөйлемді қалай түсінесің талдап
бер.
3-топ:Дене шынықтырудың
пайдасы қандай?
4-топ:Мәтіндегі Балуан Шолақты суреттеп
мінездеме жаз
5. Ой толғаныс
«Жинақтау»,
Дарынды балалармен
жұмыс
«Кір жайғыш жіп» әдісі арқылы
4 топтан дарынды оқушы шығады да кір жайғыш жіптен өзіне ұнаған
парақты таңдап артындағы сұраққа жауап
береді.
-
Жұмақтың
кілті анаңның табанының астында деген сөзге түсінік
бер.
-
Балуан шолақ әндерін атап
бер
-
Мәтінге жоспар құрып
көр
-
Балуан Шолақ пен Қажымұқан
ұқсастықтарын атап бер
Әңгімедегі Нұрмағанбет кім? Ол
не істеді? Мәтін неліктен «Ананың алақаны» деп
аталған?
-Әңгімеден қандай ой
түйдің?
«Менің ойымша.... ,
өйткені» әдісімен талдау
-Нұрмағанбет елі үшін не
істеді? Неліктен?
Ол жас кезінде қандай бала
болған?
-Нұрмағанбет үшін ананың
алақаны қандай болды?
-
6.
«Бағалау»
-
Алақан»
тілегі
балалар алдарыңызда тұрған алақанға тілек пен
ұсыныс жазуларыңды сұраймын
-
IV.Үй тапсырмасы.Мәтін мен
өлең мазмұы арқылы Балуан Шолақ өмірінен деректер жина, хабарлама
жаса.
.