Ашық сабақ Анасын сағынған бала

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Анасын сағынған бала

Материал туралы қысқаша түсінік
Осы ашық сабақта қазіргі кездегі жас қыздардың өз баласын тастап,екі жастың ажырасуынан бала зардап шегіп қиналатыны жайлы айтып өтсек болады.Баланың арманы.Анаға деген сағынышы.
Материалдың қысқаша нұсқасы



САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пәні:

Қазақ әдебиеті

Мектеп

35 Рза Қунақова ОМ

Мұғалімнің аты-жөні

Әбдірасіл Майра Бақытқызы

Уақыты:

20.04.2018 ж

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны:

Бөлімі:

Отбасы құндылықтары

Сабақ тақырыбы:

Тынымбай Нұрмағанбетов «Анасын сағынған бала» Алданған арман

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау. Т/Ж2

Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.

Сабақтың

мақсаттары






Барлық оқушылар орындай алады:

Әңгіменің мазмұнын түсінеді, тақырыбы бойынша ой айта алады. Кейіпкерге мінездеме бере алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Әңгіменің тақырыбын өз бетінше анықтап, идеясын өз көзқарасы негізінде ұсынады. Көркем шығармадағы эпизодтар арқылы кейіпкерді талдап, тааниды.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Шығарма бойынша берілген күрделі сұрақты талқылайды, идеяға қатысты құнды пікір білдіреді, шығарма кейіпкерлерін өзіндік болмысы тұрғысынан талдап, өзінің рухани дүниесіне берген әсерін бағалап, әдеби эссе жазады.

Бағалау критерийі

Әңгімедегі негізгі тақырыпты дұрыс анықтайды.

Идеясын өз көзқарасы негізінде жеткізеді.

Кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады.

Тілдік

мақсат

Шығармадағы мұң, қасірет, жетім сөздерінің мағынасын анықтап, тақырып пен идеяны түсініп, бейнелі сөздерді пайдаланады. Оқушылар ана туралы көркемдегіш сөздерді меңгереді.

Синонимін табу, сөз тіркесін құрау.

Сағыныш, мұң, күмілжу, аңсау, арман, сезім, жылылық сөздері негізінде мақал-мәтелдер құрастыру.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Үкілеген үміт, асқақ арман, сарғайған сағыныш, көздегі мұң, қатігез тағдыр.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Балаға ең керегі не? (отбасы)

Отбасының тірегі кім? (әке)

Отбасының ұйытқысы кім? (ана)

Отбасының қуанышы кім? (бала)

Құндылықтарды

игерту

Оқушылар отбасы мүшелеріне құрметпен қарап, азаматтық жауапкершілігі артады.

Пәнаралық байланыс

Өзін өзі тану, қазақ тілі, музыка

Алдыңғы білім

Алдыңғы сабақта оқушылар Т.Нұрмағамбетовтың «Анасын сағынған бала» әңгімесіндегі кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашып, шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының мағынасын анықтады

Сабақ барысы

Уақыты

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы


2 мин

















4 мин












5 мин

Қызығушылықты ояту. Топқа бөлу.

«Мозайка» әдісі арқылы. Төменде берілген сурет қиындылары арқылы

3 топқа бөлінеді, шығарма мазмұнын болжауға тырысады.


Асыл анам, сенен қуат алайын

Алдым сенен алтын таңның арайын

Сенің ғана жанарыңда тұратын

Мейірімді қайдан ғана табайын?


- -Бұл суреттер бізге қандай құндылықтарды еске түсіреді?


«Шындық па жалған ба?» әдісі

1. Сержан Есмағанбетке жиен болады ма? (ия)

2. Сержан әкесімен бірге тұрады ма? (жоқ)

3.«Балалы үйдің ұрлығы жатпас» шығарма тақырыбына сай мақал ма? (ия)

4. Әңгімеде қала тіршілігі суреттеледі ме? (жоқ)

5. Сержан мылқау бала ма? (жоқ)

6. Сержан Күміскүлдің баласы ма? (ия)

7. Есмағанбет Сержанмен танысқанда онымен амандаспайды.? (жоқ)

8. Нағашылары Алматыға баруға қарсы болмайды ? (жоқ)

9. Есмағанбет ауылға жылда келетін? (жоқ)

10. Есмағанбет кеткенде Сержан көңілді күймен шығарып салады? (жоқ)


«МЕНІҢ КІНӘМ НЕ?» бейнебаян

Бейне баян негізінде сұрақтар

1.Балаға ең керегі не? /отбасы/

2.Отбасының тірегі кім? /әке/

3.Отбасының ұйытқысы кім? /ана/

4.Отбасының қуанышы кім? /бала/

5. «Әке,ана,бала » үшеуі нені құрайды? /отбасы/

6. Сержан қайда барғысы келді? /Алматыға/

7.Сержанның арманы орындалдыма? /жоқ/




















критерий

дескриптор

Әдеби шығармамен жұмыс жасай алады

* сұраққа жауап бере алады

*өз ойын жеткізеді

*әңгіме желісін толық біледі



Ортасы


12 мин.























































12 мин









Топтық жұмыс «Галереяны шарлау»

Кейіпкер әрекеті кестесін толтыру.

1-топ

Берілген кестеге шығарманың тақырыбына дәлел болатын кейіпкерлердің әрекеттерін орналастырыңыз. Сол бойынша шығарманың тақырыбы мен идеясын бір сөйлеммен беріңіз.

2-топ

Баланың анасына деген сағынышын жазушы қалай суреттейді?

Жеке ойларын жазып, өз әсерлерін топқа салып, жоғары деңгейде орындайды.

Шығармадан үзінді


Жазушы қалай суреттеген

Сенің алған әсерің

-Моо-маааа, моо-мааа...

-Сенсің ғой да-нааа...

-Мәңгііі дос сен ға-нааа...





Мамам әкелген қып

қызыл гүлдері бар көйлегім ше... Соны кимеймін бе? Ақ сызықтары бар қар

костөмім ше? Оны да киемін. Мамам айтқан... Алматыда жаз кезінде де түн суық болады деп...



-Мама-а, тағы бір сүйші...




3-топ Шығарманың идеясын анықтаңыз. Анықтаған идеяңызды «ПОПС» формуласы бойынша жазбаша түсіндіріңіз. Нәтижесінде оқушылар өз ойларын жазып, топта талқылай жүйелеп, ортақ пікір қалыптастыру арқылы мақсатқа сай идеяны толық анықтайды.

  • Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, шығармадағы басты идея- .....»

  • Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін ….»


  • Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »


  • Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім.... ».



Видео ролик «Соқыр ана» (анасының хатынан үзінді)


Еркін жазу әдісі

Кейіпкерлерден алған әсерлері бойынша салыстырмалы тұрғыда 50-60 сөзден тұратын эссе жазады. Кейбір оқушыларға эссе тақырыбының «Аяулы анам», «Ананы аялайық», «Ана мен бала махаббаты» сияқты үлгілері және эссе жазуға пайдалы үкілеген үміт, асқақ арман, сарғайған сағыныш, көздегі мұң, қатігез тағдыр сияқты тіркестер ұсынылады.



критерий

дескриптор

Берілген кестеге шығарманың тақырыбына дәлел болатын кейіпкерлердің әрекеттерін орналастырады

*шығарманың 4 кейіпкердің

бір-бір әрекетін таңдайды

*әрекеттер негізінде шығар-

маның тақырыбын сөз

тіркесімен береді

*идеясын 1 сөйлеммен

түсіндіреді



2 жұлдыз, 1 тілек







критерий

дескриптор

Автордың суреттеуіне

талдау жасай алады.

Әр оқушы анаға деген

Махаббатын суреттейді.

* мәтінмен жұмыс жасай алады

* талдау жасай алады

*өз әсерін жеткізе алады



2 жұлдыз, 1 тілек







критерий

дескриптор


Шығарманың идеясын анықтайды

*берілген нұсқалардың ішінен

шығармаға сай тақырыпты

белгілейді

*бірінші сөйлемде шығарма-

ңың идеясын анықтайды

*екінші сөйлемде идеяны

таңдау себебін түсіндіреді

*үшінші сөйлемде идеяны

нақтылауға қатысты шығар-

мадан 2 дәлел келтіреді

*төртінші сөйлемде идеяға

қатысты өзіндік тұжырым

жасайды


Критерий

Дескриптор

50-60 сөзден тұратын эссе жазады.

*тіркесті сөздерді орынды жазаып қолдана алады

*әр оқушы алған әсерін жазбаша жеткізе алады



Соңы

5 мин

Кері байланыс:

«ҚҚҚ кестесі»

Маған қызық болған 2 нәрсе

Маған қиын болған 2 нәрсе

Маған құнды болған 2 нәрсе









Қосымша мәлімет




Саралау – Оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – Оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Пәнаралық байланыс – Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)



Сабақта оқушылардың барлығын тақырып аумағында өз пікірін білдіруге, әдеби сөйлеуге жұмылдырып отырамын. Қабілетті оқушыларға шығарманың мазмұны туралы сұрақтарды күрделендіріп қоя отырып, өзіндік пікірлерін тыңдап және топтарда көшбасшы болуға тартамын. Тапсырмалар жеңілден күрделіге қарай белгілі мақсатпен сараланып, қолдау керек ететін оқушыларға топта, жұпта қолдау көрсетілді. Барлық оқушының оқу мақсаттарына қол жеткізуіне саралау әдісінің көмегі көп болды.

Алдымен «Постер қорғап», соның нәтижесінде «Галереяға саяхат» бойынша тиянақты тапсырмалар орындалды.

Оқушылардың сабақтағы белсенділігі мен берілген тапсырмаларды орындауын оқу мақсаттарына сай бағалау критерийлермен байланысты бағалай аламын. Оқушыларға қалыптастырушы бағалау

2 жұлдыз, 1тілек арқылы берілді.

Кері байланыс –әрекетке жауап беру, үн қату, пікір білдіру. Сондықтан сабақтың соңы «ҚҚҚ кестесімен» қорытындыланды.

Нәтижесінде білім алушылардың оқу мақсатына қатысты жетістікке жету мүмкіндігі ашылды, өз үлгерімдерін бақылауға мүмкіндік алды,

жетілдіру мақсатында өзгеріс еніп, келесі оқу кезеңіне дайындалуға ынталанды.

Бұл сабақ өзін өзі тану, музыка пәндерімен байланысты. Оқушылардың бойында жауапкершілік пен құрметтей алу қасиеттерін қалыптастырамын.



Рефлексия

Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаланды? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Сабақтың оқу мақсаттары жүзеге асырылды. Бүгін оқушылар Т.Нұрмағанбетовтың «Анасын сағынған бала» әңгімесін толық талдады. Сыныптағы оқу атмосферасы жақсы болды. Дифференциациялық тапсырмаларды жүзеге асыруда аздаған қиындықтар туды. Мен жоспарланған уақытымды дұрыс пайдалана алдым деп ойлаймын. Жоспарыма ешқандай өзгерістер енгізбеймін, себебі сабақ жоспары оқу мақсатына сай жан-жақты жасалды.



Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Шағын әдеби шығармаларды көбірек оқыту.

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері / қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
13.00.2018
1096
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі