Білім беру саласы:
Таным, Қатынас
Бөлімі: Жаратылыстану, Сөйлеуді
дамыту.
Тақырыбы: Аңдар қысқа қалай
дайындалады?
Мақсаттары: а) Балалардың жабайы
жануарлар, олардың қоршаған ортадағы
өзгерістерге бейімделу
қабілеті туралы түсінігін нығайту және кеңейту.
ә) Табиғаттағы
маусымдық өзгерістер мен жануарлардың мінез-құлқы
арасындағы
қарапайым байланыстарды
анықтау қабілетін дамыту: жүнінің түсін ауыстыру,
қысқы
ұйқыға кетуі, қысқа қор
жинауы.
б) Балаларды
жануарларға мейірімді болуға үйрету.
ҰОҚ-ға дайындық
жұмыстары: әңгімелесу; жұмбақтар шешу, тақпақтар,
мақалдар
мен мәтелдер оқу;
дидактикалық ойындарға қатысу; бейнефильм қарау.
Құралдар мен
материалдар: жануарлардың сұлбасы, түрлі түсті
қағаздар,
саңырауқұлақтар,
жаңғақтар, жемістер муляждары, себет,
иллюстрациялық
материал, АКТ.
Үлестірмелі
материалдар:түрлі түсті
қарындаштар.
Сөздік
жұмыс:ағаш қуысы, апан, ін,
ұйқыға кету, тон.
Билингвалды компонент:
орман –лес, аң –
зверь.
ҰОҚ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй
орнату.
Қазір жылдың қай мезгілі? Біз қалай
киінеміз? Неге?
Балалар күннің қатты суытқанын,
далаға шығу үшін жылы
киіну керектігін айтады. Адамдар жылы киініп, бастарына малақай,
жылы шалбар, етік, жемпір, қолғап киіп, мойын орағыш орайтын
болды.
«Кім не киеді?» дидактикалық ойыны
Балалар киім кию ретін
көрсетеді. Алдымен жылы шалбар мен етік, содан кейін жемпір мен
малақай, одан кейін пальто киеміз. Сыртынан мойын орағыш
ораймыз.
2. Негізгі
кезең
Қар
жауады,
Күн тез
батады,
Бұл қай кезде болады? (Қыста).
Балаларды ормандағы аңдарға қонаққа
баруға шақыру.
Орманды мекендейтін
жануарларды жабайы жануарлар дейміз.
Жұмбақтар
жасыру
Жұмбақтың шешуін
табады:
Жеміс-жидек
жегенім,
Балды жақсы көремін.
(Аю)
Өзекті мәселе: Орман
босап қалды.Таңқурай да, бүлдірген де жоқ!
Енді маймақ аю не істейді? Аю орманда ары
жүрді, бері жүрді. Оның сүйікті таңқурайы
табылмады. Енді не істеу керек? Ештеңе
қалмады. Сондықтан аю қыс бойы жатып
ұйықтауға бел буды. Аю шұңқыр тауып алып,
оған құрғақ жапырақтар мен талдарды
толтырды. Шұңқыры нағыз апан болып шыға
келді. Содан соң ұзақ ұйқыға кетті!
2.Қалқиып ұзын құлағы
,
Елеңдеп қорқып тұрады.
(Қоян)
«Қояндар мен көжектер»
суретін көрсетіп, балалармен бірге неліктен
қояндардың
тонының түсі жазда сұр,
қыста ақ болатынын талқылайды. Балалар қояндардың сұр
түсті
тондарының орнына ақ
тон жапсырады. Әйтпесе оларды қасқыр тауып алады. Бәрі
бірігіп
қояндардың қысқа қалай
дайындалатынын талқылайды. «Кім жасырынды»
тәжірибе-
ойынын
ұйымдастырады.
– Қар ақ, ал, қоян сұр
болса қасқыр оны бірден тауып алады. Сондықтан да
қояндардың
бәрі қысқа таман сұр
тондарын қандай тонға ауыстырады? (Қоянның суретін ақ
қоянға
ауыстыру).
– Енді қасқыр қоянды
көрмейді. Неге? (қар да ақ, қояндардың үстіндегі тондары
да ақ).
– Қыста қояндар ағаш бұтақтары мен
қабықтарын жейді.
Жұмбақтың шешуін
табады:
Жауымнан мен
қашқанда,
Ағаштарға самғап
барам.
Ал қарным
ашқанда,
Отырып ап жаңғақ шағам
. (Тиін)
Тиінге қажеттінің бәрін
себетке салады (жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер, сәбіз,
алма).
«Тиін және оның
балалары» атты суретті көрсету.
Тиін ағаштың қуысында
тіршілік етеді. Ол жинаған тамағын сол жерге апарады.
Қыста
тоңбайды әрі
ашықпайды.
Сұрақтар: : Тиін не жинайды? Тиін
жаңғақтар мен шыршаның бүрін қайда алып барады? Тиін неліктен сонша
асығыс? Тиін мен оның балалары қайда тұрады?
Жұмбақтың шешуін
табады:
Өзі айлакер,Өзі
қу
Жүрген жері айқай да
,шу
Түлкінің мұрны иіс
сезгіш болып келеді. Ол қардың үстінде жүріп-ақ кірпілер
мен
Тышқандардың індерінің
қайда екенін сезеді. Соларды аулап жейді.
Қояндардың
да зәресін алып,
қорқытып қояды.
Билингвалды
компонент: орман –лес, аң –
зверь.
Сергіту
сəті
«Ғажайып
қап»ойыны
Қапшықтың ішінде: бал,
жаңғақтар, ірімшік, тары, алма, сәбіз т.б. бар.
Балалар
аңдарға арналған
тамақтарды кезекпен алып шығып, оны нелер жейтінін
табады.
Ойыншық аңдарды
тамақтандырады.
«Ойлан, тап»
ойыны
жануарлардың дене
мүшелері бейнеленген бірнеше суретті көрсетеді (кейін
олардыңатауларын атап шығуға болады).
Балалар осы бөліктердің
қай жануарға тиесілі екенін табады. Қай жануардың құйрығы ұзын
әрі
үлпілдек, төрт аяғы
бар, мұрны иіс сезгіш, мұрты... бар?
Б: Тиін, түлкі, мысық,
ит…
Олардың Тиін, кірпі,
түлкі, қоян «үйлері» ін, ал аю мен қасқырдікі үлкен болғандықтан
апан
дейміз.
Үлестірмелі
материалдармен жұмыс істеу.
Фланелеграфта жер
бетіндегі бірнеше табиғат аймағы орналасқан. Балалардың қолына
ветрдан жасалған жануарлар, құстар т.б. бейнеленген аңдар
беріледі.. Балалар өзінің қолындағы аңның
(жануардың) атауын
атап, оның қайда тұратынын айтады және оны
фланелеграфтағы
тиісті аймаққа
орналастырады.
Суретпен
жұмыс:
Қысқы ұйқыға кететін
жануарларды қарындашпен сызып қоршайды.
3.Қорытынды кезең
(Рефлексия)
Көңіл күйлерімен
бөліседі. Күнге қарай қол созады, күннен сәуле «алып», жүрегіне
апарады. Балаларды ненің естерінде қалғанын айтып берулерін
сұрау.
Күтілетін
нәтижелер:
Жаңғыртады: жабайы жануарлардың
атауларын;
Түсінеді: аңдардың қысқы
тіршілігіне және олардың терісіне, үлпілдек жүнінің
қандай
қорғаныш қызмет
атқаратынына;
Қолданады: табиғаттағы маусымдық
өзгерістер мен аңдардың тіршілігі арасындағы
қарапайым байланыстарына.

