Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ақ тиін мен қасқыр"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі балаларға ұсақ қол маторикасын дамытуға көмегі өте зор
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Балаларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру. Ұлттық ойынға деген қызығушылығын арттыру. Балалардың ойлау, көру қабілеттерін дамыту. Балаларды әдептілікке, ұйымшылдыққа, мергендікке, шапшаңдыққа, бірін - бірі сыйлауға тәрбиелеу.


Атасы мен баласы дастархан басында отырады. Әжесі немере қыздарына құрақты қалай құрау керектігін түсіндіріп отырады.

Немере ұлы Бисұлтан әпкелеріне жүгіріп келіп:

  • қазір көрші ауылдан менің достарым келеді.

Еңілік:

  • аааа олар қыдырып келе ме?

Бисұлтан:

  • мен оларды ханталапай асық ойнауға шақырдым. Атам асықты кімнің жақсы ойнайтынын көргісі келді. Жақсы ойнағандарға сыйлығы бар екен.

Еңілік:

  • мм жақсы екен. Қандай сыйлық екен?

Бисұлтан:

  • мен өзім де білмеймін, ол құпия.

Апасы:

  • балам анау келе жатқан сенің достарың ба? Көзім көрмей тұрғаны..

Бисұлтан:

  • Иа, әже

Апасы:

  • бәрекелді, достарыңды қарсы ала ғой.

Балалар әжемен амандасып, төрде отқан атасы мен баласына сәлем береді.

Бисұлтан: Ата, бұлар менің достарым. Ханталапай асық ойнауға келді.

Атасы: Аа бәрекелді.. Келіңдер, отырыңдар балаларым. Балаларым алдымен мен сендерге бір әңгіме айтып берейін.

Ежелден ерте заманда бір қойшы болыпты. Оның кішкентай жасқа толмаған баласы болыпты. Қойшының отбасы күнде ет асып жейді екен. Дастарханға ет әкелгенде жаңағы кішкентай балақай асық жілікке ұмтылып, қолына ұстап ойнағанды ұнатыпты. Оны байқаған қойшы


ойланып, асық жіліктің асықтарын тазартып, кептіріп жинаймын да, ұлым есейген соң беремін деп шешіпті. Содан бала ер жетіп, өздерің сияқты есейіпті. Қойшы баласына жинаған асықтарын сыйға тартыпты. Бала қуанып асықты алып өзі ғана ойнай бастапты. Оны көріп ауыл балалары қызығып келіп бірге ойнаған екен.

Міне осыдан басатап қазақтың дәстүрлі, әр-түрлі тәсілдегі асық ойындары атадан-балаға қалған асыл мұралардың бірі болып саналады екен. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойнала береді. Күндізгі асық ойыны – мергендікке, түндегі асық ойыны ептілікке баулыйды екен. Бұған қоса аяқ-қолдың қимылын жақсартып, денсаулыққа көп пайдасын тигiзедi. Мен де ханталапай асық ойынын өзімнің балама да үйреткем. Қане балам, мына балаларға ханталапай ойынын үйрете ғой.

Баласы: Олай болса жүріңдер.Ойын алаңына барайық. Аталарың төреші болсын.

Балалар қане бәріміз шеңберді айнала отырайық. Ойынға дайынбыз ба? (балалар: иа)

Балалар мынау менің қолымдағы асық я. (иа)

Асық неден алады екенбіз? (қойдың жілігінен)

Балалар қараңдаршы асықтың мына жерін қалай атаймыз?

алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа деп аталады

  • «Ханталапай» ойыны бүкіл қазақ жеріне кең тараған. Ойынға екеуден он адамға дейін қатысады. Асықтың көп болғаны жақсы. Көп асықтың ішінде біреуін қызыл түске бояйды. Сол асық «хан» деп аталады.

«Талапай - ау, талапай, табылды ойын алақай»- деп қоржындағы асықтарды балалар алдына тастаймын. Балалар жарыса асықтарды «ханталапай» деп дауыстап асықтарды таласып, бөліп алады. Жинаған асықтарын санап, әр бала 5 асықтан тігіп ойынға қатысады. Хан асығы қолына түскен бала алғашқы болып ойынды бастайды. Асықтарды атады да, тигізген асықтарын ұтып алады. Тигізе алмай қалған жағдайда, мұғалім қойған тапсырмаға жауап береді. Егер ойыншы бала жауап бере алмаса, қатысушы басқа балалар жауап береді. Осылайша ойын жалғасады.

Тапсырмалар:

  1. Елбасымыз кім? Нұрсұлтан Назарбаев

  2. Біздің ұлтымыз қандай? Қазақ

  3. Қазақ ұлттық ойын түрлерін ата?

Көкпар ойыны, Соқыртеке ойыны, Ақ сандық, көк сандық ойыны, Арқан тарту ойыны, Қазақ күресі ойыны, Жасырынбақ ойыны Ақ сүйек ойыны,

Хан талапай ойыны.

4. Төрт – түлікті ата? Түйе, Сиыр, Жылқы, қой.

5. Сүт тағамдарын ата? Айран, құрт, ірімшік, қаймақ.

Ата: Жарайсыңдар балаларым! Бүгінгі «Ханталапай» ойынында барлығыңда ұйымшылдықпен өте жақсы атсалыстыңдар.

Апасы: Мына құрттан дәм татыңдар.

Жамболат: Ата, біздің қайтатын уақытымыз болды. Бізге батаңызды беріңіз.

Ата бата береді:

Көтерейік білекті,

Нұрға бөлеп жүректі.

Ел үмітін ақтап өс,

Ата-салтын сақтап өс.

Елдің ұлы бол,

Ортаның гүлі бол.

Мақтан тұтар ағайын,

Жақсылардың бірі бол.



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.06.2021
784
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі