Ашық сабақ Ақан сері 4 - сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Ақан сері 4 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Ақан сері өмірбаяны, өнері туралы. оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін ............................
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 24. 11. 2016ж

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 А

Сабақтың тақырыбы: «Ақан сері» Бек Тоғысбайұлы

Сабақтың мақсаты:

Ақан сері әңгімесімен таныса отырып,мәтінді талдауға,кейіпкерлерге деген өз көзқарастарын білдіруге дағдыландыру.

Күтілетін нәтижелер:

1. Ақан серінің өмірі мен шығармашылығын біледі және түсінгенін айта алады.

2. Сері адамның ерекшелігін айқындайды және кейіпкерлерге өз көзқарастарын білдіреді.

3. Ақан сері әндерінен үнтаспа – альбом жасайды. Қазіргі заманның серілері туралы пікірлерін айтады.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: Әңгімелесу, практикалық жұмыс, өз бетімен жұмыс істеу, ішінара іздену, музыка тыңдау

Көрнекіліктер: Ақан Серінің портреті, оқулық, үлестірмелі қағаздар, сөзжұмбақ және тапсырмалар жазылған слайдтар.

Сабақ барысы: 

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Ананың алақаны («Балуан Шолақ» романынан үзінді).
ІІІ. Қызығушылығын ояту.

Жылқының қасиеттері туралы түсінік

  • Қымызы ауруға ем болады.

  • Денесіне құрт түспейді.

  • Иісіне жылан жоламайды.

  • Ат – ер қанаты.

  • Сасыған суды ішпейді.

Балалар, бүгін біз сендермен Б.Тоғысбайұлының «Ақан сері» атты мәтінімен танысамыз. Олай болса Б.Тоғысбайұлы және Ақан сері туралы мағлұмат тыңдайық.


Жаңа сабақ.


БЕК ТОҒЫСБАЙҰЛЫ
(1936–2006)

1936 жылдың 10 ақпанында Балқаш көлінің оңтүстік батыс жағалауындағы Көккөл ауылында дүниеге келген. 1952 жылы Қазақ мемлекеттік университетіне түсіп, оны журналист мамандығы бойынша үздік белгімен тамамдаған.


Ақан сері Қорамсаұлы 1843 жылы Көкшетау облысы, Айыртау ауданында туған. Ол ақпа ақын, сазгер, әнші, орындаушы болған. Жасынан домбыра тартып, ән шырқаған. Ол серілік жолға түседі. Қызылжарда Уәли медресесінде 2-3 жыл оқиды. Ақан сері Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иман Жүсіп, Құлтума сал, серілермен кездескен. Оның көп жырлаған тақырыбы – достық, махаббат, болды.


Мәтінмен жұмыс.

Мәтінді түсініп оқу, талдау.

Сұрақтар:

1. Ақан сері неліктен әкесі қалағандай ауыл молдасы болмады?

2. Ағайындары оған нені сыйға тартты ?

3. «Қараторғай» атты бүркіті жас кезінде қандай болды?

4. Ақан неліктен ойға батып, қатты тебіренеді?

5. Құлагердің жарысқа қатысуы кімдерге абырой берер еді?

6. Қастандық жасау кез – келген адамның қолынан келе ме?


Тапқырлық” ойыны

1. Қорамса Ақанды ауыл молдасы етпек болды. Иә

2. Ақанға жиын-той, шілдехана, алтыбақаны бар жер ұнамады. Жоқ.

3. Ақан жан-жақты дарын иесі. Иә.

4. Құлагердің даңқы Ақанның әншілік атағымен қоса шықты. Иә.

5. Ілияс Жансүгіров «Ас» деген поэма жазды. Жоқ.

6. «Қараторғай» әні бүркітке арналған ән. Иә


Сергіту сәті


Сөздікпен жұмыс.


Шілдехана – нәрестенің дүниеге келу тойы.
Жарату – баптау, дайындау.
Күндеуші – қызғаншақ, көре алмаушы адам.
Поэма – өлеңмен жазылған оқиғалы шығарма.


Топтық жұмыс.


1.Ақан серінің әкесі туралы не ойлайсыңдар?

2.«Қараторғай» әнінің мұңлы болу себебі.

4.Құлагерге жасалған қастандық туралы ойларың?

3.Құлагерге арналған қандай шығармалар жарық көрді?

4.Сері адамның басқалардан қандай ерекшелігі болады?

5.Қазіргі заманда кімді сері адам деп айтар едің?

Жеке жұмыс.


Кейіпкерлерге хат жазу.

Ақан серіге

Батыраш пен Қотырашқа

Құлагерге.


IV. Сабақты қорытындылау:

«Ой жалғасуда» стратегиясы арқылы ой түйіндеу

Әкесі Қорамса Ақанды ...

Қараторғай атты бүркіті...

Құлагердің даңқы ...

Ағайындары оған ...

Сүйікті сәйгүлігінің өліміне ...


V. Рефлексия.

Сабақ маған ұнады, себебі: ..............................

Сабақ маған ұнамады, себебі: ...........................

Сабақтан үйренгенім: ............................


VI. Үйге тапсырма беру:

Әңгімелеу 118 – 120 бет.


VII. Бағалау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.10.2021
488
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі