Ашық сабақ. Ақсақалдың ақ батасы. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. Ақсақалдың ақ батасы. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділік: дауысты дыбыстардың жұп дауыстылар болып айтылу себебін мысалдар арқылы түсіндіру. Бата туралы түсінік қалыптастыру Дамытушылық: жылдам ойлау, дұрыс сөйлеу арқылы сөздік қорларын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту. Тәрбиелік: үлкенді сыйлауға, көркем жазу арқылы ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қаракөл орта мектебі









Ақсақалдың ақ батасы.
Жуан және жіңішке жұп дауыстылар

/ашық сабақ/





















Сыныбы: 1 а

Өткізген: Мусина Ә























Сабақтың тақырыбы: Ақсақалдың ақ батасы.
Жуан және жіңішке жұп дауыстылар.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: дауысты дыбыстардың жұп дауыстылар
болып айтылу себебін мысалдар арқылы түсіндіру. Бата туралы түсінік қалыптастыру
Дамытушылық: жылдам ойлау, дұрыс сөйлеу арқылы сөздік қорларын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: үлкенді сыйлауға, көркем жазу арқылы ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: танымдық сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік, дидактикалық ойын,«Сәйкестендіру» стратегиясы,шығармашылық ,Венн диаграммасы
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,әдебиет,тарих.
Көрнекілігі: М. Әлімбаевтың суреті, суреттер, кестелер, бата кітаптары,ойын қалташалары
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру:

а) оқушыларды сабаққа дайындау

ә) психологиялық дайындық.

Shape1
ІІ. Үй тапсырмасы

а) «Әдептілік әліппесі» өлеңін мәнерлеп оқу. Сұрақтарға жауап алу. ә) « Менің атам» тақырыбында жазған әңгімелерін оқу.
Үй тапсырмасын бекіту.
Міне, бүгінгі «Әдептілік әліппесі» өлеңі арқылы бізде атаның ақыл сөздерін ойға түйіп, үнемі есімізде сақтауымыз керек. Күнделікті өмірде де, үлкендеріміз тек ақыл айтып қоймай, жақсы нәрсе істегенімізде мақтап, мадақтап бата беріп жатады.
ІІІ. Жаңа сабақ

Бүгінгі сабағымызда үлкеннің ұлағатты сөздерінің бірі - батамен таныс боламыз. М. Әлімбай «Ақсақалдың ақ батасы» өлеңі.



Қай елдің болса да Әдет-ғұрпы салт-санасы бар. Біздің қазақ халқының да салт әдет-ғұрпы бар.

Батаны қай уақытта береді?- деп алып түсіндіру.

Батаны үлкен кісілер, ата - әжелер ауыл ақсақалдары береді.
Ол сәби дүниеге келгенде, алыс жолға шыққанда, қыз ұзатқанда, той болғанда береді. Және де күнде тамақтан соң бата беріледі. Әр тойдың дастархан басшысы әр түрлі болады. Алдымызда қандай мереке келе жатыр? Наурыз мерекесі деп алып түсіндіру. Сонда жылдан жылға аман-есен жетелік деп бата беріледі.
Батаны тойларда үлкен кісі береді. «Бесікке салу» «Тұсау кесу» «Сүндет той» тағы басқа тойларда беріледі. Ас ішіп болғасын бата береді.

Shape2

2. Қазір, Мұзафар атаның «Ақсақалдың ақ батасы» өлеңің тыңдайық.

1.Өлеңді мәнерлеп айта отырып, түсіндіру.
2. Тізбектей оқыту.
Түсініксіз сөздердің мағынасын ашу.

Сөздік жұмыс
Ойлауға даңғыл бол –ойың кең, ұшқыр болсын

Ақылға кемел бол - ақылды, зерек бол.

Атаның ақылын естіп, баталы сөздерін тыңдап өскен әр бала жаман іс - әрекеттен аулақ жүрері сөзсіз. Осы турасында берілген мақалдарды оқимыз

Ата балаға сыншы.
● Ата - бәйтерек
Бала - жапырақ.
● Батаменен ел көгерер,
Жаңбырменен жер көгерер.
Әрине, үлкендер бізге әрдайым сілтеу беріп, жақсы жолмен жүруімізге үнемі көмегін беріп отырады.
Осы ретте жанұя мүшелерін атап өтейікші.
Ата, әже, әке, ана, бала,аға,апа,әпке,
Ата, әже, әке, ана , бала,аға,апа,әпке сөздері қалай дыбысталып тұр?
Ата, ана – жуан, әже – әке сөздері – жіңішке айтылады. Себебі, дауысты дыбыстар жуан (жіңішке) болса, сөз жуан, жіңішке естіледі.

Д/ ойын «Кім жылдам?». Суретке қарап сөзді табу, қалташаларға

Орналастыру

Shape3


Бүгінгі сабақта, осы жуан және жіңішке дыбыстардың ұқсас дыбысталатынына назар аударамыз.

V. Сергіту сәті

Shape4

46-жаттығуды .Сөздерді оқыту,жаздыру

Сан – сән от – өт ыс – іс ұн – үн
Нан – нән боз – бөз тыс – тіс тұс – түс

Жуан дауыстылар: сан – нан – боз – от – ыс – тыс – ұн – тұс;
Жіңішке дауыстылар: сән - нән – бөз – өт – іс – тіс – үн – түс;
Сөздер бір - біріне ұқсас бірі жуан, бірі жіңішке дыбысталған.
- Сөз мағынасы өзгерді ме?
- Өзгерді.( Сөз мағыналарын түсіндіріп өту).
2/ Сөздердің мағынасын түсіндіру. Дауысты дыбыстардың ұқсас дыбысталуын
байқау.
А – Ә, О – Ө, Ы – І, Ұ – Ү жуан және жіңішке жұп дауыстылар. Олар өзара ұқсас дыбысталады
47 - жаттығу. Жаңылтпашты тездетіп дұрыс оқыңдар.
Дән – дәулет
Дәулет – дән
Сән – сәулет
Сәулет – сән.

Жаңылтпашты «сәйкестендіру» стратегиясын пайдаланып, дұрыс құрастырып, шығару.
- Сөздердегі ә дыбысы қалай естіліп тұр?
- Жіңішке, себебі ә - жіңішке дауысты дыбыс.
Өздерің қандай жаңылтпаштар білесіңдер? (1 - 2оқушыдан сұрау)
ІҮ. Қорытынды

Шығармашылық тапсырма.

1.Сөздер арқылы сөйлем құрау.
Балаға ,сыншы ,ата
2. Дыбыстық талдау жасау.
Дәулет

3. Ұйқасын тап.
Ақылды ата
Береді....

Міне, адам өмірге келген соң бәрін білу керек. Ол үшін көп оқып, көп білу керек. Ал бүгін біз не білдік, не үйрендік?
- Дауысты дыбыстардың өзара ұқсас дыбысталуын.
- Атаның баталы сөздерін.
- Кім бата біледі, бізге бата берсін.
Оқушылар өздері білетін баталарын айтады.

Венн диаграммасы
дауыстылар


А, о, ы, ұ



ӘShape5 Shape7 Shape6 ,ө,ү,і

Оқушыларды бағалау.
Ү. Үйге тапсырма
«Ақсақалдың ақ батасы» өлеңін жаттау.
48-жаттығу орындау



















































Қаракөл орта мектебі









Ақсақалдың ақ батасы.
Жуан және жіңішке жұп дауыстылар

/ашық сабақ/















Сыныбы: 1 а

Өткізген: Мусина Ә

























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
877
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі