Бекітілді: Күні: 15.01.2025 Тақырыбы: Абай Құнанбайұлы. Қыс. Мақсаты: 1.Абай Құнанбаевтың өмірі ,оның шығармалары туралы білімін кеңейту.”Қыс” туралы өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу.Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау. 2.Оқушылардың сөздік қорын,ойын, көз алдына елестету,есте сақтау қабілеттерін дамыту. 3.Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы туған елінің табиғатын сүйе білуге баулу.Эстетикалық тәрбие беру.
Күтілетін нәтиже: а) А.Құнанбайұлы туралы мәліметтер алады. ә) Ақынның «Қыс» туралы өлеңін мәнерлеп оқиды. б) Шығармашылық ізденісте болады. Бағалау әдісі: топтастыру, түртіп алу, автор орындығы.
Көрнекіліктер: Абай суреттері, Слайд шоу, интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар.
Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ,жаңа сабақ.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Өткен тарауларға шолу жасау Сұрақтар арқылы білімдерін тексеру
3. Тақырыпты, мақсатын хабарлау.
Жұмбақ арқылы тақырыпты ашу.
Қоймасын қыс ақтарып.
Жерді жапты ақ мамық.
Бұл қай кезде болады? (Қыс)
Сұрақ-жауап әдісі.
-Бүгін біз,А.Құнанбаевтың «Қыс» туралы өлеңімен танысып қыс туралы ұғымымызды кеңейтейік.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс айларын ата.
- Қыс несімен сіздерге қызықты?
4. Эссе: Абай туралы не білемін?
Әр оқушы отырып, Абай атамыздың атын естігенде ойларына не келгенін жазады.
Абай туралы слайд. Қарқаралыдағы Абай тоқтаған үйге түсінік беру.
-Абайдың табиғат тақырыбына жазылған қандай өлеңдерін білесіңдер?
-Қыс. Жазғытұры. Жаз. Күз.
Абай Құнанбайұлы 1845 жылы Жылан жылында Шыңғыс тауында (бұрынғы Семей облысында) дүниеге келген. Әкесі Құнанбай тілге шешен, ақылға бай, ел басқарған адам. Әжесі Зере мен анасы Ұлжаннан көптеген әңгімелер естіп өсті, бала кезінен ақындықты шығармашылықты жаны сүйді. Абай небәрі үш жыл мұсылманша, үш ай орысша оқыды. Бұл жылдары араб, парсы, шағатай тілдерін жақсы меңгерді. Биыл Абай атамыздың 180 жылдық мерейтойы әлемдік деңгейде аталып өтілмекші. Соның құрметіне былтыр Францияның астанасы Парижде ескерткіш ашылды.
Абай шығармалары:
176 өлең, 3 поэма (Масғұт, Ескендір, Әзімнің әңгімесі), 45 қара сөзі, 36 әнінің 27 нұсқасы нотаға түсірілген.
Жаңа сабақты түсіндіру.
1.Өлеңді оқу. Мұғалімнің оқуы.
2.Өлеңнің шығу тарихынан. Слайд
-Қыс өлеңін Абай атамыз 1884 жылы Семей өңірінде қыс қатты болып ел жұтаған, мал қырылған екен.Қыста жауған қар сәуір айында бір-ақ еріген.Бұл өлең сол кезеңде жазылған.
Сондықтан ақын қысты «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды” зор тұлғалы адам ретінде сипаттаған.
3.Іштей оқу. Оқу барысында қиын сөздерді белгілеп отыру.
Кейіптеу – жансызды жанды түрінде суреттеу.
Шидем – қой жүнінен тоқылған киім.
Бұрқ-сарқ – қатты дауыл, боран
Боран долданғанда – аяз, жел тым күшейгенде.
Домбығып – суықтан ісіп, қызарып.
Ұшпа – бұлт (шоқ бұлт)
Қондыбай, Қанай – адам аттары.
Тауып оқу.
-
Ақынның қысты суреттеген тұсын тауып оқы.
-
Малшы туралы айтылған тұсы.
-
Балалар туралы айтылған тұсы.
Ой толғаныс: Автор орындығы (Бір ұсыныс, бір пікір айтылады)
Көрініс бойынша әңгіме құру.

Өлеңді жалғастыр:
Қар жауады ...
Ойнауға жақсы – ақ.
Осындай ...
Кім үйде жатпақ.
6.Өлеңнің мазмұнын ашу. Сұрақ-жауап.
1.Автор қысты кімге теңейді?
2.Шалдың киімдері қандай?
3.Киім деп отырғаны не?
4.Малшы туралы не делінген?
5.Балалар туралы не делінген?
6.Қыс несімен көңілді?
Сабақты бекіту.
7. 5 жол өлең әдісі:
1 не? Қыс .
2 қандай? Боранды.
3 не істейді? Тоңдырады.
4 сезіміңді білдір. Қыс қызығы көп қой.
5 мағыналас сөз. Жыл мезгілі.
Үйге тапсырма.Қыс өлеңін жаттау.Қыс тақырыбына әңгімелеу мәтінін құрау.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ. А.Құнанбайұлы "Қыс"
Ашық сабақ. А.Құнанбайұлы "Қыс"
Бекітілді: Күні: 15.01.2025 Тақырыбы: Абай Құнанбайұлы. Қыс. Мақсаты: 1.Абай Құнанбаевтың өмірі ,оның шығармалары туралы білімін кеңейту.”Қыс” туралы өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу.Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау. 2.Оқушылардың сөздік қорын,ойын, көз алдына елестету,есте сақтау қабілеттерін дамыту. 3.Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы туған елінің табиғатын сүйе білуге баулу.Эстетикалық тәрбие беру.
Күтілетін нәтиже: а) А.Құнанбайұлы туралы мәліметтер алады. ә) Ақынның «Қыс» туралы өлеңін мәнерлеп оқиды. б) Шығармашылық ізденісте болады. Бағалау әдісі: топтастыру, түртіп алу, автор орындығы.
Көрнекіліктер: Абай суреттері, Слайд шоу, интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар.
Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ,жаңа сабақ.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Өткен тарауларға шолу жасау Сұрақтар арқылы білімдерін тексеру
3. Тақырыпты, мақсатын хабарлау.
Жұмбақ арқылы тақырыпты ашу.
Қоймасын қыс ақтарып.
Жерді жапты ақ мамық.
Бұл қай кезде болады? (Қыс)
Сұрақ-жауап әдісі.
-Бүгін біз,А.Құнанбаевтың «Қыс» туралы өлеңімен танысып қыс туралы ұғымымызды кеңейтейік.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс айларын ата.
- Қыс несімен сіздерге қызықты?
4. Эссе: Абай туралы не білемін?
Әр оқушы отырып, Абай атамыздың атын естігенде ойларына не келгенін жазады.
Абай туралы слайд. Қарқаралыдағы Абай тоқтаған үйге түсінік беру.
-Абайдың табиғат тақырыбына жазылған қандай өлеңдерін білесіңдер?
-Қыс. Жазғытұры. Жаз. Күз.
Абай Құнанбайұлы 1845 жылы Жылан жылында Шыңғыс тауында (бұрынғы Семей облысында) дүниеге келген. Әкесі Құнанбай тілге шешен, ақылға бай, ел басқарған адам. Әжесі Зере мен анасы Ұлжаннан көптеген әңгімелер естіп өсті, бала кезінен ақындықты шығармашылықты жаны сүйді. Абай небәрі үш жыл мұсылманша, үш ай орысша оқыды. Бұл жылдары араб, парсы, шағатай тілдерін жақсы меңгерді. Биыл Абай атамыздың 180 жылдық мерейтойы әлемдік деңгейде аталып өтілмекші. Соның құрметіне былтыр Францияның астанасы Парижде ескерткіш ашылды.
Абай шығармалары:
176 өлең, 3 поэма (Масғұт, Ескендір, Әзімнің әңгімесі), 45 қара сөзі, 36 әнінің 27 нұсқасы нотаға түсірілген.
Жаңа сабақты түсіндіру.
1.Өлеңді оқу. Мұғалімнің оқуы.
2.Өлеңнің шығу тарихынан. Слайд
-Қыс өлеңін Абай атамыз 1884 жылы Семей өңірінде қыс қатты болып ел жұтаған, мал қырылған екен.Қыста жауған қар сәуір айында бір-ақ еріген.Бұл өлең сол кезеңде жазылған.
Сондықтан ақын қысты «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды” зор тұлғалы адам ретінде сипаттаған.
3.Іштей оқу. Оқу барысында қиын сөздерді белгілеп отыру.
Кейіптеу – жансызды жанды түрінде суреттеу.
Шидем – қой жүнінен тоқылған киім.
Бұрқ-сарқ – қатты дауыл, боран
Боран долданғанда – аяз, жел тым күшейгенде.
Домбығып – суықтан ісіп, қызарып.
Ұшпа – бұлт (шоқ бұлт)
Қондыбай, Қанай – адам аттары.
Тауып оқу.
-
Ақынның қысты суреттеген тұсын тауып оқы.
-
Малшы туралы айтылған тұсы.
-
Балалар туралы айтылған тұсы.
Ой толғаныс: Автор орындығы (Бір ұсыныс, бір пікір айтылады)
Көрініс бойынша әңгіме құру.

Өлеңді жалғастыр:
Қар жауады ...
Ойнауға жақсы – ақ.
Осындай ...
Кім үйде жатпақ.
6.Өлеңнің мазмұнын ашу. Сұрақ-жауап.
1.Автор қысты кімге теңейді?
2.Шалдың киімдері қандай?
3.Киім деп отырғаны не?
4.Малшы туралы не делінген?
5.Балалар туралы не делінген?
6.Қыс несімен көңілді?
Сабақты бекіту.
7. 5 жол өлең әдісі:
1 не? Қыс .
2 қандай? Боранды.
3 не істейді? Тоңдырады.
4 сезіміңді білдір. Қыс қызығы көп қой.
5 мағыналас сөз. Жыл мезгілі.
Үйге тапсырма.Қыс өлеңін жаттау.Қыс тақырыбына әңгімелеу мәтінін құрау.
шағым қалдыра аласыз













