Ашық сабақ "Ақыл-жастан, асыл-тастан 3 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Ақыл-жастан, асыл-тастан 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ 3- сыныптарға арналған. Мақсаты: Балалардың «даналық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: Ақылдың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. ақылын өмірде қолдана білу іскерліктерін дамыту. Бабалар дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: үнтаспа, оқулық, слайд
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мұнайлы ауданы

1 орта мектеп








Ашық сабақ


Тақырыбы: Ақыл- жастан, асыл-тастан

Пән: Өзін-өзі тану



Сынып: 3в

Күні: 14.02.2014ж

Өткізген: Тажибаева Г.Ч











Сабақтың тақырыбы:  Ақыл- жастан, асыл-тастан
Сабақтың мақсаты:   Балалардың «даналық» құндылығы туралы

түсініктерін  кеңейту.

Міндеттері:         Ақылдың адам өміріндегі маңыздылығын  түсіндіру.
ақылын өмірде  қолдана білу  іскерліктерін дамыту.
Бабалар дәстүрін  құрметтеуге тәрбиелеу.

 Көрнекілігі: үнтаспа, оқулық, слайд

Сабақтың барысы 

І.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу

Сынып оқушыларының сабаққа қатысын тексеру

Сынып тазалығына көңіл бөлу


ІІ Үй тапсырмасын тексеру


  • Ақын деген кім?” мәтінінің мазмұнын айту.


ІІІ жаңа сабақ

Тыныштық сәті : (Әуен  ойналады )

     Әуен  қосылған  кезде бәріміз  жүрегіміздегі  сиқырлы  әлемге  аттанамыз. Біздің  жүрегімізді кішкентай адам  өмір сүреді .Оның  аты да дәл сендердікіндей . Қолдарыңды жүректеріңнің  тұсына қойып ,  оның  қалай соғып   тұрғанын  сезіңдерші  (тыныс алу).Ол  біздің жүрегіміздегі  «Мен осындаймын», «Мен онымен біргемін » — деп  тұрған кішкентай адам ғой . Оған  өздерінің күлкілеріңді  сыйлаңдар .  Жүрегіміздегі кішкентай адам  әрқашан  бізбен бірге болады . Жүрегіміз бізге  тек ақыл мен жақсы сөздер айтатын болады. Себебі  оны тек  өзіміз ғана  ести алатын боламыз. Жүректеріне іштей рахмет айтыңдар. Ол сендердің ризашылықтарыңды естісін. Сездіңдерме , ол одан да бетер қатты соғып кетті. Олар бізді  естігенін сездіріп жатыр . Осы сәтті естеріңе сақтаңдар !
   Енді көздері
ңді аша қойындар .  Қолдарыңды жоғары , содан соң екі жаққа созыңдар.
-Терең дем алыңдар !-міне тамаша .

Жаңа сабақ:  «Ақыл –жастан, асыл- тастан»
Ойланайық, пікірлесейік.
-Ақылды болуды қалай түсінесі
ңдер ?
-Сендердің ақылға жүгініп,  дұрыс шешім қабылдаған  кездерің болдыма?
Оқып , үйренейік: Мәтінмен жұмыс.
Адамның ақылдылығы бала кезінен тол
ысатынын  ұғындыру мақсатында  әңгімелеу  жұмысын ұйымдастыру.
Мәтінді нақышына келтіріп  әңгімелеп  беру

«Жиренше шешен мен  Қарашаш сұлу»
-Қарашаштың ақылдылығы  қай әрекетінен  байқалады ?
-Басқа балдардың  іс- әрекетіне  көз қарастарың қандай ?
-Қыздың  бойынан  тағы  қандай асыл қасиеттерді байқадыңдар?
- Өздеріңнің  ақылдылық көрсеткен кездері
ң болды ма ?
-«Ақымақ жауынды күні суға түсер»  деген халық мақалынан  нені түсінуге болады ?

Түйіндеу:    Ақылды адам барлық уақытта ойланып сөйлейді,   жан жағына байыптап барып  әрекет етеді. Ондай адамдар өзінің  байсалдылығын қарапайымдылығын, кішіпейілділігін ,  ізеттілігін  ұмытпайды . Қарашаш  өзін ғана  ойлаған жоқ , әкесінің де қамын ойлады . Қыздың бойынан  әкесіне деген мейірімділігі  аңғарылады.
«Байлық ,  бақыт , ақыл » ертегісін  оқушыларға  рөлге  бөліп оқыту . Ертегіні  жандандыру.
Сахналау .
Бақыт, Байлық , Ақылдың артықшылығы  неде екен ?
Данышпан қандай ой түйіндеді?
Данышпанның орнында өздерің болсаңдар қандай төрелік айтар едіңдер ?
Ақылды болу үшін  не қажет деп  ойлайсындар?

Дәйексөз: «Адам  Бойындағы  ең тамаша  нәрсе – білім  мен ақыл »
                                            Жүсіп  Баласағұни.

- Балалар, сендер білім мен ақылдың  адам өміріндегі  қажеттілігін ,  маныздылығын  білесіндер . Адам баласы қаншалықты  білімді   болғанымен ,  ақылға жүгінбесе  өмірден  дұрыс жол табу қиынға соғады . Сондықтан адамның  білімнен ақылы сай  болуы тиіс .
                                  ( Дәйексөз  дәптерге жазылады)

1. …. ды адам ерінбейді 


2. Ашу дұшпан, ….  дос.

Ақылыңа ....... қос


3. …. дан жақын дос барма .


4. …. азбайды ,

   Білім тозбайды.

Ойын- жаттығу : «Мен ақылды  баламын, өйткені …..»

Жаңа ақпарат: Ақылды адам  терең  ойлап  , дұрыс  шешім қабылдай  біледі .
                            Ақылды болу үшін  оқу , іздену,  үйрену  қажет.


Топтастыру :  Ақылды баланың бойындағы  асыл қасиеттерді топтастыру .






Қорытындылау:

- Ақылды қиялы бай , ойы жүйрік , ұшқыр болады. Ондай адамды  халық ерекше қастерлеген «Ақыл – жастан, асыл- тастан», «Ақылды жігіт атқа да отырар , таққа да отырар » делінген халық мақалдары  балаларының жастайынан  ақылды болуын армандаған халық тілегінен туындаған.
    Көп оқып ерінбей еңбек еткен, үлкеннің тілін алған , көптің ақылын тындаған баланың ойы ұшқыр, үлкейгенде ақылгөй, дана болады (даналық кітап )


   
Жүректен – жүрекке .
-Данышпан атай сендердің әрқайсысыңның бойларыңнан  ақылдылықты көргісі келеді.
-Сендерге өз тілегін , батасын арнайы жіберіпті.

«Аташымның батасы ». Әдібай Табылдиев.

Бойыма,күшіме, Қиыннан тартынба,
Ойыма ,ісіме Сый  көрсет қартына ,
Сеніп тұр аташым, Сыйлы бол халқыңа
Беріп тұр батасын: Осындай бата алдым,
-Шырағым, зейінді Досымдай атамның
Бол, кішіпейілді. Орындап талабын
Оқуда, еңбекте Алғысын аламын.
Үлгі  бол сен көпке



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
853
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі