Материалдар / Ашық сабақ. Ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының шығармашылығы.

Ашық сабақ. Ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының шығармашылығы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының шығармашылығы , "Ел үшін туған ер болсаң" термесін үйрету.Ұмытылып бара жатқан термелерін өскелең ұрпаққа насихаттау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Мамыр 2021
783
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін:

№ 1 БММ оқу ісі

жөніндегі орынбасары:

Д.Н.Алданазарова


АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: Ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының шығармашылығы.

" Ел үшін туған ер болсаң" термесі.

І. Ұйымдастыру бөлімі.

1.Сәлемдесу.

2.Аспаптың құлақ бұрауын келтіру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 15- минут

ІІІ. Жаңа тақырып. 15-20 минут.

Жоспары:
1.Терме - жыр ,дәстүрлі терме өнері, жыраулық -дәстүр туралы қысқаша мағлұмат.

2.Кердері Әбубәкірдің өмірбаянымен танысу.

3.Кердері Әбубәкірдін шығармашылығы.

4. «Ер үшін туған ер болсаң» термесін тыңдау.

Қорытындылау:

Жаңа сабақ бойынша сұрақтар қойылады.


Дамытушылық: Қазақтың біртуар өнер иелерінің ән -термелерін үйрете отырып,

оқушының ой -өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Дәстүрлі ән өнеріне баулу.
Оқыту әдісі: Ауызша түсіндіру, сұрақ - жауап, домбырада саусаққа қарап үйрету әдісі, ойландыру.
Көрнекілігі: Портрет, кітаптар, домбыра, үнтаспа, ноутбук.
Жоспары
:
Сабақтың тақырыбы: Кердері Әбубәкірдің " Ел үшін туған ер болсаң" термесі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыға қазақ жеріне танымал қазақтың бір туар ақыны -Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының шығармашылығы туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Қазақтың біртуар өнер иелерінің ән - термелерін үйрете отырып, оқушының ой - өрісіне дамыту.
Тәрбиелік: Дәстүрлі ән өнеріне баулу.
Сабақ түрі: аралас : әдібиет
Оқыту әдісі: Ауызша түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік әдіс, ойланды

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:

1.Сәлемдесу.

Мұғалім: Саламатсыздар ма оқушылар!

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:Қазақ жеріне танымал қазақтың бір туар ақыны -Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының шығармашылығы туралы және «Ел үшін туған ер болсаң» термесі.

Сабағымызды бастамас бұрын дауыс жаттықтырып, ән салу техникасын дамытып алайық.

Дауыс ырғағын,ән айту жүйесін қалыптастыру.(үш дыбыс және бес дыбыс қатарын қайталау. Әншінің тыныс алу шеберлігі.

Өнерпаз ретінде тәрбиелеу.(Оқушының киім киюі,сахна мадениетін ұстауы,аспапты дұрыс ұстап,дұрыс отыруын қадағалау,корерменмен амандасу .Әншілік шеберлікке қол жеткізу)
1.Аспаптың құлақ бұрауын келтіру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 15- минут

Домбыраның сүйемелдеуімен өткен сабақта жаттаған әнін жатқа айту.
Репертуардағы шығарма авторлары жайында әңгіме дайындау.

ІІІ. Жаңа тақырып. 15-20 минут.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбына арқау болып отырған, қазақ жеріне шығармалары ең көп тараған ақын Кердері Әбубәкір.Ақынның шыққан тегі Кіші жүздің Жетіру, оның Кердері тайпасынан.Әбубәкірдің әкесінің аты Боранқұл.Әбубәкірдің ата қонысы Орал облысы,Теректі елінде 1861жылы дүниеге келген.ХIХ ғасырдың екінші жартысында патша үкіметі зорлық зомбылық көрсеткеннен кейін, Боранкұл әулеті Ақтөбе маңында Сарықобда жеріне көшіп келеді.Әбубәкірдің әкесі Боранқұлда,шешесі Жансұлу да ақындық,шешендік өнерлері болады.Әбубәкір жасында тентек,ойыншыл болады.Әуелі ауыл молдасынан сабак алады.Кейін Орынбор,Тройцк қалаларында медресе бітіреді.Сауатты,сергек,шешен,ақындық өнері бар Әбубәкір елдің мұңын өлеңмен насихаттай бастайды.Ақынның өлең толғауларында заман,адам,дін,өнер,ғылым,әдет ғұрып имандылық мінез дағды туралы тебіренеді.Ақынның өлеңінде араб,түрік,орыс,татар сөздері кездеседі.Себебі,ақын дүмше молда, сияқты надан адамдарға түсінетіндей дәрежеде қолданған.Әбубәкір би болыс патшалардың саясатының солардың ығымен ыңғайымен сөйлеген.Ол айтпаған мәселе қалмаған.Әбубәкір Жетіру елінде Марабай Құлжабайұлы,Сабыр,Жібек қыз сияқты айтулы ақындарды ұстаз тұтқан.Қырық бес жасында 1906жылы тіл көзге шалдығып Алға ауданында дүние салады.Ақынның "Жарандар кеңес жазайын","Досқа","Насихат толғауы","Надан сопылар хақында","Алты алаш шежіресі" т.б көптеген өлеңдер жазған.Енді бүгінгі Әбубәкір Кердерінің "Ер үшін туған ер болсаң"деп өсиет термесін талдайтын боламыз.Терме 7-8 буыннан тұрады.Асықпай,біркелкі,сөзін анық беріп орындау керек.

Көрнекілектермен таныстыру.

Аудиомен «Ер үшін туған ер болсаң» термесін тыңдау.

Түсіндіру:

Қазақ тарихынан биік орын алған терме-жыр өнері,өсиет нақыл сөздерімен насихатымен,мақам-сазымен ерекшеленеді.Халқымыздың қалыптастырған дәстүрлі құйма-құлақ мектебінің арқасында жетті.Көңілінен шыққан әуенді, сарынды,нақышты есте сақтау дала халықтарында ерекше қабілет қазақ халқында қалыптасқан .Дала саясаты дала мәдениеті ауыздан ауызға,құлақтан құлаққа жеткізілген.Дастан,қисса,эпостарды жатка орындаған жыршылардың есте сақтау қоры өте терең дамыған.Өнер иелерінің терме,жыр жаттап қана қоймай,халықты эстетикалық тәрбиеге,халықтық музыкаға жақындау мақсатында тіпті тіл үйрету жағдайын да қарастырған.

Терменің мағынасын түсіндіріп өту. Шығарманың сөздік қорымен танысу және талдау

Әр өнердің мақам саз ерекшеліктерін игеру. Терменің ырғақ пен өлшемі, дыбыстық диапозонын көрсету және түсіндіру.
Терменің мақам сазын домбырада ойнау. Оқушыға терменің ұзақтық өлшеммен жазылған нотасы ұсынылады
Ән салу мәдениеті негіздері мен аспапта ойнау техникасы. жеткізу.Әуеннің биітігі, тазалығы, ноталардың орындалу шеберлігі.Аспапты дұрыс меңгеру,оң қол,сол қол қойылымдарын дұрыс игеру.

Дауыс шығару аппаратының жұмысы, оны күту мен сақтау.Дауыс жаттығуларын жасау.Дауыс қою қағидаларын орындау. Тыныс алудың дұрыс тәсілі, дауыс күтімі және сақтау, дыбыстың сапасына арналған жаттығулар жасау.
Терме толғау орындау. Мақамдарды ерекше игеру. 
Емтиханда орындалатын шығармаларды тыңдау.

Домбыраға әуен ырғақ келтіру, қосылып ән салу техникасы. Дауыс ырғағын, ән айту жүйесін қалыптастыру. Дауыс бояуы мен дауыс қуаттылығын, дыбыстық тембр сапасын жүйелендіру. Өнерпаз ретінде тәрбилеу.

Мектеп әндерін өз сүйемелдеуімен жатқа айту. Мектеп қабырғасында атылатын, жеңіл әндерді домбырамен орындау, әнді айту, домбыра ұстау, орындыққа отыру,әнді бастап, аяқтақтау сияқты әншіге тән эмоциялық әсер бере білу. Өз дауыс мүмкіншілігін пайдалана білу.
Қорытынды бөлім

Бекіту:"Насихат" сөзіне құрылған сөзжұмбақ шешу.

1. Әбубәкірдің әкесі. (Боранқұл)

2. Әбубәкірдің туған өлкесі.(Орал)

3. Әбубәкірдің анасының аты. (Жансұлу)

4. Бірінші орындаған әннің тақырыбы.

5. Белгілі бір авторы жоқ әндер деген не?(Халық әндері )

6. Музыкалық аспап. (Домбыра)

7. Дәстүрлі музыкалық аспап жанр (Терме)

Үй тапсырмасы:

1.Окушыға.үйден терменің 1бөлімін жаттап келуді тапсыру.

Бағалау

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ