Материалдар / Ашық сабақ ақынның өмір баяны
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ ақынның өмір баяны

Материал туралы қысқаша түсінік
7777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777777
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Наурыз 2022
185
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады







Тақырып: Ыбырай Алтынсаринның ағартушылық педагогикалық қызметінің құндылық негіздері.



Аты жөні: Жанузакова Айдана Аманжолқызы



Қаласы; Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы М. О. Әуезов



Аннотация: Мен өзінім зерттеу жұмысында Ы. Алтынсариннің әдеби шығармаларының зерттеп, оларға тоқталып кеттім. Өзекті мәселелерді талдап қазіргі заманмен салыстырдым.



Annotation: in his research work, the author studied the literary works of I. Altynsarin and focused on them. He analyzed current issues and compared them with modern.



Аннотация: Автор своих работах изучал и анализировал наших традиции наших прадедов. Он после школы закончил училище получив высшее образование не остановился на этом он развивался по своему желанию.



Түйіндеме сөздер: мектеп, ағартушы, педагог, училище,



Гипотеза: Ы.Алтынсариннің шығармаларының мәселерінің қазіргі заманға дейін кездесетінің, керек екенің дәлелдеу.



Мақсаты: Ы Алтынсариннің өмірін талдап, әдеби талдау жасау арқылы өмірлік құндылықтарын дәріптеу.

Зерттеу нысандары: Ы. Алтынсарин әдеби шығармаларын зерттеу. Зерттеу жолдары: салыстыру, мысал келтіру, мақал мәтелмен дәледеу.

Ыбырай Алтынсаринның ағартушылық педагогикалық қызметінің құндылық негізі.

Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы. Туып-өскен жері — Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы. Осы өңірде, Тобыл өзенінің жағасына жерленген. 1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857—1859). Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады. 1860 жылы Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып қызмет атқаруға келіседі. Ыбырай дың бүкіл өмірін арнаған ағартушылық-педагогтық қызметі міне осы арқылы басын алды.. Ыбырай орыс-қазақ мектептері үшін арнаулы оқу құралдарын шығару қажет деп санады. Оқыту әдістерін жаңа бағытта құрды, оқуға деген баланың ынтасы мен қызығушылығын арттыруды көздеді, оқуды ана тілінде жүргізді. Мектеп оқуында, әсіресе, ана тіліне үйретуде К.Д.Ушинскийдің ойларына жүгінді. Қазақ балаларының таным-түсінігіне лайықты оқу-әдістемелік құралдар жазды. Ол орыс-қазақ училищесінде Ушинскийдің «Балалар дүниесін», Л.Н.Толстойдың «Әліппе және оқу құралын», Д.И.Тихомировтың «Грамматиканың қарапайым курсын» оқу құралы ретінде ұсынды. Ыбырай дің пікірінше, мектептерге арналып жазылатын оқу кітаптары өзінің идеялық мазмұны және нақты материалдары жағынан ана тілінің және халық даналығының бай қазынасына негізделуге тиіс болды. 1879 ж. оның «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулығы және дидактик. оқу мәселесі жөнінде «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» жарық көрді. Бұл екі кітап та қазақ балаларын кириллица негізінде оқытуға арналған тұңғыш оқу құралдары болды. Тек қана оқу-ағарту жұмыстары емес, Ыбырай сонымен бірге сол кездегі қоғамдық — саяси өмірге сергек араласып, ғылым-білімге, еңбек пен өнерге, дінге, этнографияға қатысты мақалалар жазды. Оның, әсіресе, көркем еңбектері қазақ әдебиетінің қалыптасуына айрықша ықпал етті. Ыбырай есімі берілген аудан, ауылдар, оқу оырндары, көшелер, жер атаулары Қазақстанның түкпір-түкпірінде кездеседі. Ыбырай Алтынсариннің шежересі Балғожа би Балғожа Жаңбыршыұлы - 1860 би. Ыбырай Алтынсариннің атасы. Орта жүздің Қыпшақ тайпасының Ұзын руынан шыққан. Қазіргі Қостанай облысының Қостанай ауданында дүниеге келген. 1824 жылы хандық жойылып, Орынбор генерал-губернаторлығы үш аға сұлтандыққа бөлініп, әр сұлтандық дистанцияларға, дистанциялар бөлімшелерге бөлінген кезде Балғожа би Жаңбыршыұлы Ұзынқыпшақ бөлімшесін басқарған. Балғожа Жаңбыршыұлы 1839 жылы хорунжий, 1848 жылы жүзбасы «сотник», 1850 жылы старшина әскери лауазымын алған. Ресей өкіметі тарапынан «Ынталылығы үшін» деген алтын медальмен марапатталған. Сонымен бірге патша өкіметі оған аты жазылған екі тапанша мен қосауызды мылтықты сыйға тартқан. Балғожа Жаңбыршин - жүзбасы, Қыпшақ руының ұзын тармағын басқарған. Торғай, Тобыл және Әйет өзендері аралығында көшіп-қонған Орынбор шекара комиссиясының пікірінше ол "адамдарды басқару жағынан да, жалпы орда істері жөнінен де, өз руластары алдында өте беделді болған. Ол би ретінде Шығыс ордада ғана емес, өзге ордаларда да істі қарауға шебер, білгір адам саналған. Ыбырай дың атасы Балғожамен бірге туған Ханқожаның Ақдәулет, Қылышбай деген екі баласы болады. Оның баласы Алтынсары 1844 жылы көтерісшілер қолынан қаза табады. Осыдан соң немересі Ыбырай ды өз тәрбиесіне алған. Балғожа би немересін 1850 жылы Орынбор шекара комиссиясының осы қалада қазақ балалары үшін ашқан жетіжылдық мектеп - интернатына оқуға береді. Атасы оны жасынан-ақ адалдыққа, тапқырлыққа, турашылдыққа, шешен-дікке баулыған. Өзімен бірге жиын-тойларға алып барып, билік айтқызып қанатын қатайтқан. Ыбырай да жасынан зерек болып, атасын жерге қаратпай алғырлық танытып, көпшілік құрметіне бөленеді. Оның бұл турашылдық, шешендік қасиеттері Торғайда сот істерін жүргізген кездерінде айқындала түседі. Қалай дегенде де Ыбырай дай ұл өсіріп, тәрбиелеген Балғожа есімі ұмытылмақ емес. Ыбырай – жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес қосқан. Ол қазақ жастарын ең алдымен оқу, өнер-білім, тех-ны игеруге шақырады («Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан, Іздемей-ақ табылар»). Автор оқу-білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына мән берді. Бұған инемен құдық қазғандай ыждаһаттылық, талап пен сабырлылық қажет екенін ескертеді. Қазақстан Үкімет 1989 ж. 22 желтоқсандағы қаулысымен Ыбырай дің туғанына 150 жыл толуына орай мерейтойы өткізіліп, ұстаздың мұраларына арналған ғылыми, тарихи, педогогикалық еңбектер жарық көрді. Арқалық қаласында Ыбырай мұражайы ашылды. Тобыл бойындағы Ыбырай қыстауы жанында, мүрдесі қойылған жерде, Ыбырай ға күмбезді мазар орнатылды. Қазақстанда Ыбырай атында аудан, ауылдар, жоғары оқу орындары тағы басқа. Қалай болғанда да жастарға дұрыс тәрбие беру үшін олардың дүниетанушылық көзқарасын кеңейту үшін «Қазақ хрестоматиясының» тек өз кезі ғана емес, қазірдің өзінде де мәні зор. Сондықтан да ол талай жылдар талай рет басылып, мектеп оқушыларына ұсынылып келеді. Бұл кітапқа енгізілген әңгімелер: еңбек сүюшілік, оқу, өнерге ұмтылушылық, отанын-елін сүюшілік,талаптылық, жігерлілік, іздемпаздық, кіші-пейілділік, махаббат, қайырымдылық, адамгершілік, жинақтылық, тағы басқа осылар тәрізді жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеуге керекті мәселелерді қамтиды. Бұларға жалқаулықты, қиянатшылдықты, надандықты, сотқар-лықты қарсы қойып, жастардың мұндай әрекеттерден аулақ болуына жол көрсетті. Мысалы, Хрестоматияға енгізілген өлең, әңгімелердің балалардың жасына, сана-сезіміне лайықталынып, педагогика ғылымының міндетті түрде тәрбиешілерден талап ететін әдіс мәселесінің берік сақталынуы өз алдына, сонымен қатар жоғарғы аталып өткен оқу, еңбек, талап, мейірімділік, тағы басқа тақырыптарға арнаулы, қолға таяқ ұстатқандай әңгімелерді әдейі, саналы түрде таңдап алғандығын да көрмей кетуге болмайды. Оның «Хрестоматиясының» бірінші беттерінен-ақ балаларды оқуға, өнерге, ұқыптылыққа, тазалыққа, мейірімділікке шақырған әңгімелер мен өлеңдер жиі кездеседі. Мәселен, ол «Кел, балалар, оқылық» деген өлеңінде жастарды білім алуға, өнер үйренуге шақыра келіп, білімді адамның сана-сезімі жоғары, ілтипатты, өнегелі болатынын, адам білім арқылы ғана мақсатыка жететіндігін, әзінің келешектегі жақсы тұр-мысын қамтамасыз ете алатындығын, сөйтіп оқыған адамның өмір сүруі де, еңбек етуі де анағұрлым жеңіл және көңілді, сергек болатынын сөз етеді. Қазақ халқының ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин шығармалары қазақтың қара домалақ балалары үшін үлкен мағынаға ие. Әсіресе, оның «Қазақ хрестоматиясы" оқулығы мектеп табалдырығын енді ғана аттаған бүлдіршіндерге рухани азық болды. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілейін деп тұрған өтпелі кезеңінде Ыбырай жас жеткіншектерге ой салатын, тәрбиелік мағынасы мол, түрлі қызықты әңгімелерді көптеп жазуға тырысып бақты. Мысалы, ағартушының «Мейірімді бала» әңгімесі тәрбиелік мағынаға тұнып тұр десек артық айтпағанымыз. Оған дәлел ретінде Сейіт бала туралы мына бір әңгімесіне құлақ түріп көрелік: Сейіт орам үстінде жүгіріп бара жатқанда, бір арбалы келіп, аңдаусыз соғып кетіп, аяғын сындырыпты. Ойбайлап жылап жатқан баланы көріп шошынғаннан шешесі есінен танып қалады. Мұны көрген соң, Сейіт жыламақ түгіл, сынған аяғын орнына салып танып жатқанда да дыбысын шығармай, қабағын да шытпай жатады. Сонда сынықшы кісі: - Аяғың ауырмай ма, қабағыңды да шытпайсың? -деп сұрайды. Сейіт, шешесі шығып кеткен соң, демін алып, сынықшыға сыбырлайды:- Ауырмақ түгіл жаным көзіме көрініп тұр, бірақ менің жанымның қиналғанын көрсе, әжем де қиналып, жүдемесін деп, шыдап жатырмын,- дейді. Сейіт өзінің жас шамасына қарамастан жіберген қатесін түсінді. Ол екінші рет зар жылап, көз жасын көлдететін болса, ардақты ананың баласының еңіреген даусын ести алмай, талып қалатынын алдын ала сезгендей болды. Онсызда баласының қамын ойлап, зыр жүргіріп жүрген анасына қосымша жүк болмауды ойлады. Ер жігітке тән мінез көрсетті. Ішінен: «анашым сәл шыда өсуіме аз қалды» дегендей сезім қалдырды. Сейіттің мұндай іс-әрекеті екі түрлі мағына береді: алғашқысы балалықтан өтіп жауапты да дербес жетілгендікті білдірсе, екіншісі түн ұйқысын төрт бөлген анасын ерекше қастерлегенін айшықтайды. Қортындылай келе Ыбырай Алтынсарин «Мейірімді бала» әңгімесінде адамдық қасиеттерді жақсы сипаттаған. Бүгінгінің тілімен айтқанда ана мен бала арасындағы ерекше байланысты психологиялық тұрғыда еркін жеткізген.

Тәрбие тал бесіктен басталады, ер жеткенге дейін қалыптасады.

Шығармалары біздің бойымызда нені тәрбиелейді

1 «Әке мен бала»әңгімесі «Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың,азға қанағат етпесең,көптен құр қаларсың», - дейді.

2 «Асыл шөп» әңгімесі -Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, аты «сабыр» деген, -дейді. Сабырлылық,шыдамдылық,төзімділік,ұстамды болуға үндейді.

3 «Бақша ағаштары»әңгімесі Тәрбие бағу-қағудан басталады деген ойды меңзейді. Тәрбиелі болуға, адамгершілікке, үлкенді сыйлауға үйретеді.

4 «Байұлы»әңгімесі «Батаменен ер көгереді», «Баталы ұл арымас» - деген халық қағидаларының өміршеңдігін әңгімеге арқау етіп, жастарды қайырымды, ізгі жүректі болуға, жоқ-жітік, жетім-жесірге қамқоршы болуға үндейді.

5 «Алтын шекілдеуік»әңгімесі «Не нәрсенің де құр сыртына қарап қызықпа,асылы ішінде болар»

6 «Тәкәппәрлық »әңгімесі Кішіпейілділіктен опық жемейсің, тәкәппарлық ұятқа қалдырады.

7 «Мейрімді бала», «Шеше мен бала», «Аурудан аяған күштірек» Мейірімділік, рақымды болу, адамға жаксылык ету, төзімділік сияқты жақсы қасиеттерге баулиды. Бала әке-шеше алдында өзін мәңгі қарыздар сезінуі керек.

Ыбырай Алтынсариннің 1-4 сынып әдебиет оқулығын енген шығармалары тоқталсақ

Сынып Шығармалары Оқушыларды неге тәрбиелейді?

1 «Өрмекші,құмырсқа, қарлығаш» әңгімесі. «Өрмекші,құмырсқа,қарлығаш құрлы жоқсың, сенде еңбек ет,боска жатпа»-дейді. Оқушыларды еріншектік, жалқаулықтан бойларын аулақ ұстауға шақырады.

2 Сараңдылық пен жинақылық Үнемділікке, ұқыптылыққа қанағаттыққа, қамқорлықа, әдептілікке баулиды.

Талаптың пайдасы Талаптылықты, зеректікті қалыптастырады3 Таза бұлақ Адамгершілікке, ақылға, жақсы істен ғибрат алуға, жақсылық жасауға, мейірімділікке тәрбиелейді.

4 Қарабатыр Достыққа, төзімділікке, қайырымдылыққа жетелейді.



Қорытынды:

Ы.Алтынсарин түсінігінде білім дегеніміз айналадағы ақиқатты тану. Сондықтан , «табиғат ақыл деп жазды, - ол, - айналадағы қоршаған өмірді ғана қамтуға қабілетті, ал оны дамытып, біздің көргенімізді де білуге мүмккіндік беретін - дүниелік білім ғана»,- деді.

Ы.Алтынсарин өзінің ұстаздық қызметіне байланысты қазақ жастарын оқытып-тәрбиелеу мәселесін ең негізгі, басты мәселе деп есептеді. Халқы үшін қызмет ететін білімді адамдардың қатарын көбейту аркылы қазақ қоғамынық мешеулігін жоюға болады, сондықтан жастарды оқытып, тәрбиелеуден, тәрбие ісінің құдіретінен артық ешнәрсе жоқ,- деп түйеді Ыбырай.

Адам тәрбиенің нәтижесі. Ол өмірге пешенесіне не жазылса, сонымен келмейді, оның тағдыры туысынан белгіленбейді. Адамдық қасиетінің қалыптасатын жері — өмір талқысы, әрекет етуі, тәрбиесі. Күн мен Ай бәрімізге ортақ, бәріміз де адамның баласымыз, ешкімді біріңнен бірің артықсын деп айыруға болмайды, — дейді, Ыбырай. Ол адам психологиясының қалыптасуындағы саяси-әлеуметтік, қоғамдық-тарихи факторлардың шешуші ролін жете түсінді. Ы.Алтынсариннің ойынша адамның сана-сезімін негізінен тәрбие билейді де, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» болып қалыптасуын материалдық өмір жағдайларымен емес, идеалогиялық факторлармен, ағартушылық әрекетпен тәуелді еткісі келеді. Ыбырай жеке адамның даму жолын қоғам дамуымен байланыстырып, оның адам туралы түсінігі жеке адам «барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы» дейтін қағидаға сәйкес келді.

Ыбырай Алтынсарин шығармаларында көтерілген екінші бір өзекті мәселе: жастарды түрлі жақсы қасиеттерге баулу, жаман қасиеттерден жирендіру мәселесі. Оның «Хрестоматиясының» бірінші беттерінен-ақ балаларды оқуға, өнерге, ұкыптылыққа, тазалыққа, мейірімділікке шақырған әңгімелер мен өлеңдер жиі кездеседі.

Бала жанының зергері Ы.Алтынсарин әңгімелерінің бәр-бәрі де бүлдіршіндердің жас ерекшеліктеріне орай тілі жеңіл, мазмұны тартымды, олардың жан дүниесіне әсер етерліктей етіп берілген. Осы әңгімелерді мұғалімдер мен ата-аналар балаларды ұқыптылық пен сабырлылыққа, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу мақсатында пайдалануға болады.

Ыбырай еңбек процесінің бала тәрбиесіндегі ерекше маңызын көре білді. Сондықтан оның көптеген әнгімелерінің идеясы, Абай айтқандай, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген қағиданың төңірегіне топтасқан. Әңгімелерінде балаларды тапқырлыққа, табандылыққа үйретіп көп тұрмыс тауқыметі – еңбек екендігін, сол себепті оның болашағы жарқын, өмір сүруі адал болатындығын көрсете келіп, жастайынан еңбексіз өскен балалардың бос белбеу болбыр болатынын барынша келемеждейді.

Пайдаланған әдеби тізім

1: «Алтынсарин Ыбырай тағлымы» Алматы, Жазушы 1991

2: Алтынсариннын «Екі томдық шығармалар жинағы» Алматы 2003

3: Ы. Алтынсариннын «Қазақ хрестоматиясы» Алматы 2003





























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!