Ашық сабақ "Әр жыл мезгілінде қандай өзгерістер болады?" Мектепалды даярлық сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Әр жыл мезгілінде қандай өзгерістер болады?" Мектепалды даярлық сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық сынып тәрбиешілеріне оқу іс-әрекетінде өздеріне керекті материалды алып қолдануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Әр жыл мезгілінде қандай өзгерістер болады?

ҰҚО-ның оқытылу мақсаты

«Бақылау» ұғымын және оны өткізу кезеңдерін түсіну

Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

-бақылаудың не екенін айта алады;

-бақылаушылардың немен айналысатынын айтады;

-тірек сөздерді пайдалана отырып,сұрақтарды құрай біледі;

-қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтайды.


Көпшілік балалар:

-бақылауды оқып-үйреніп жатқандарын айқындай алады (2-3)

-Әліппе-дәптермен жұмыс істей алады;

-тәжірибенің не екенін айтады.



Кейбір балалар

-қосымша ақпаратты қолдана алады;

-бақылаушылардың қызметін белгілі бір бақылаумен байланыстыра алады.

Тілдік мақсат

Балалар:

Мультфильмнен үзінді көрген соң,белсенді диалогті қолдай алады;

Талқылау барысында «қалай?» «неге?» «не үшін?» «ол немен байланысты?», «егер...., не болар еді?» сұрақтары бар сөздерді пайдалана алады;

Суреттер бойынша сұрақтар құрастырады;

Бақылаушылардың қалай жұмыс жасайтыңдары туралы пікірлеседі;

Бақылаушылар қызметінің алгоритіміне анықтама жасай алады.

Көптілділік: жанды табиғат-живая природа-wildlife



Негізгі терминдер мен сөз тіркестері.

Бақылаушы,тәжірбие, әліппе-дәптер.

Ғажайыптар зертханасы.

Тәжірбие жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері.

Пікір алмасу сұрақтары.

Мына жануарларды бақылай отырып,адам не ойлап тапты?Білімге құштарлық-адам бойындағы жақсы қасиет пе?

Бақылаушылар өздерінің сұрақтарына жауапты қалай табады? Бақылаушының бойында қандай қассиеттер болуы тиіс?

Өткен ҰҚО-дан алған білім

Қоршаған әлемнің әртүрлігі туралы түсініктері.

Жанды және жансыз табиғат нысандарына жүргізілген бақылаудың дағдылары.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

І.Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 мин.


«Психологиялық дайындық»

«Маусымдық өзгерістер» туралы мәтін оқу.


Мақсатты тұжырымдау.Балалар үлестірмелі дидактикалық материалдар арқылы «маусымдық өзгеріс» деген суретті табады. Балалар берілген сурет түрлері бойынша өз ойын еркін жеткізіп ҰОҚ болжамдап айтады. Орманға ойша саяхат құруды ұсыну. Баланың бойына «байқағыштық» қасиеттерді қалыптастыруға көмектесу.

-Табиғат құбылыстарының ерекшелігін байқай білу іскерлігі;

-Тақырып бойынша сұрақ қоя білу іскерлігі;

-Табиғат аясындағы өзгерістерді өз бетінше пайымдап, дәлелдер келтіре білу іскерлігі;

-Байқағанын шығармашылықпен жеткізе білу шеберлігі.Табиғат құбылыстарын танып-білуге деген құштарлықтарын ояту,талпындыру.


Үнтаспадан ормандағы құстардың шуылын тыңдату.

(Ұ) Сұрақтар қойылады:

Маусымдық өзгеріс деген не? Қандай жыл мезгілдерін білесің?Жылдың қай мезгілінде жаңбыр жауады?Қай мезгілде қар жауады?Қай мезгілде күн ыстық болады?

Ертегі «Жыл атайдың төрт баласы» Ертегісі бойынша маусымдық өзгерістер туралы түсініктерін қалыптастыру.

(Ұ) «Маусымдық өзгерістерді бақылау»

Қазір қай жыл мезгілі?

-Күзде ауа райы қандай болады?

-Қыс мезгілінің басқа мезгілдерден айырмашылығы неде?

-Жазда қандай маусымдық өзгерістер болады?

-Көктемде қандай алғаш гүл шығады?

-Әр жыл мезгіліндегі жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі қандай?

Суреттер арқылы табиғат құбылыстары туралы мағлұмат беру.

-Табиғатта болып тұратын өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады.Олар: жел,боран,кемпірқосақ,қар,жаңбыр,бұршақ жауу т.б.

1-сурет: «Бұлт».Бұлт та табиғат құбылысы екенін түсіндіру.

-Бұлт-ұсақ су тамшылары.Биік аспанда қалықтап жүреді.Ауа райы жылы мезгілдерде жаңбыр болып жауады.Ал суық кезде бұршақ және қар болып жерге түседі.


2-сурет «Тұман».

-Тұман табиғат құбылысы.Ол да-ұсақ су тамшылары.Ол жерге таяу жиналады. Қатты тұман көлік қатынастарына бөгет жасайды. Мысалы: ұшақтар ұша алмайды т.б.


3-сурет: «Жаңбыр».

-Жаңбыр-бұлттан бөлініп жерге түсетін су.


-Төрт жыл мезгілі бар.Олар: қыс,көктем,жаз,күз.Әр мезгілде ауа райы әртүрлі болады.Жазда болатын табиғат құбылыстарын қыста байқай алмаймыз.Сондықтан оны маусымдық өзгерістер деп атайды.



Қызығушылықты ояту.




Сұрақтарға жауап береді,

Бірін-бірі толықтырады.

Жоспар бойынша жұмыс жүргізу.Әр жыл мезгіліндегі өзгерістерді айтады. (Слайд,суреттер бейнетаспа)





Жаңбырдың үні жазылған үнтаспа.











Балалар әр мезгілдің өзгешелігін айтады.

Слайд, жыл мезгілдері.






Сұрақ-жауап


















Тұман болған күні даладағы заттар анық көрінбейтіндігін айтады.



Сурет салу және бояу.

(Ө) Рефлексивті бағалау.


Балаларға ҰҚО-да өз жұмыстарын өздері бағалауды ұсыну:

1-деңгей-ештеңе түсінбедім.

2-деңгей-түсіндім,бірақ түсіндіре алмаймын.

3-деңгей-бәрін түсіндім,басқаларға түсіндіріп бере аламын.

Бұлттың суретін бояу.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2018
890
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі