Ашық сабақ: Ардақты ат

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: Ардақты ат

Материал туралы қысқаша түсінік
өз атының ерекшелгін ұғыну
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Күні: _____22.12.2020__________

: 15

Сыныбы: 4

Тақырыбы: Ардақты ат

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Ұжымшылдық, ақкөңілділік, татулық

Мақсаты: Оқушыларға адамның жақсы және жаман қасиеттері туралы айта отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларға татулықпен жұмыс жасаудың мәнін ұғындыру.

  2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы ақкөңілділік қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұжымшыл болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilim-all.kz

2.https://infourok.ru

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Т – ережесі:



3. Сабақтың дәйексөзі.

Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды.

Жүсіп Баласағұни

  1. Адамның жақсы қасиеттеріне нелер жатады?

  2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


Қорқыт атаның нақыл сөздері:

Қыз ақылды ескермес-

Ана үлгiсiн көрмесе.

Ұл жарылқап ас бермес

Ата үлгiсiн көрмесе.

Қыз анадан үйренбей, өнеге алмас,

Ұл атадан үйренбей, сапар шекпес.

Жердiң шүйгiн шөбiн киiк бiлер,

Жайылымның шалғынын құлан бiлер.

Әр жолдың сүрлеуiн түйе бiлер,

Жетi бұлақтың иiсiн түлкi бiлер,

Керуеннiң түнгi жүрiсiн торғай бiлер.



4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Шыншыл бала


Баяғы өткен заманда бір патша өмір сүріпті. Патша өте ақылды, шыншыл және қарапайым, халқына адал, жанашыр, кеңпейілді және әділ болыпты. Патшаның таққа қалдыратын баласы, мұрагері болмады, содан патша ойлана келе халқына жария етті. Патша мұрагерлікке қалдыратын баланыңхалқына адал,еліне тек жақсылық ойлайтын шыншыл болуын қалайды.

Барлық балаларға гүл тұқымы беріледі. Уақытберіледі, күн өтіп жатыр. Сон Ирдің гүлі қанша баптап қараса да өспеді. Патша гүлдің өскені жайлы көретін күні де келді. Барлық балалар әдемі киінген, гүлдері жайқалып өскен, Сон Ир болса балалардың ең артында жабырқаулы тұр еді.

Патша барлық гүлдерді көрді бірақ көңілі еш көтерілмеді, содан қараса бір бала жылап бос құмырамен тұр екен. Сонда Ирді өзіне шақырды да, менің ұлым мұрагерім деп жар салғанда, халық ушығып кетіпті. Арасынан біреуі шығып патшадан «сол бос құмырамен тұрған баланы неге асырап алдыңыз»,– деп сұрапты. Сонда патша халыққа балаларға берілген тұқымдардың бұқтырылғандары туралы айтып береді. Сол әдемі гүлдермен тұрған балалардың беттері қызарып, ұяттан жерге кірді. Сөйтсе, барлығы берілген гүл тұқымдарынан тыс басқа гүл тұқымдарын еккен екен.

  • Патша болашақ мұрагерін қалай сынамақшы болды?

  • Сон Ирдың бойынан қандай қасиеттер байқалды?

  • Балалардың ұялуына қандай жағдайәсер етті?

  • Шындықтың қуатын, күшін неден байқадыңдар?


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

3-тапсырма «Ардақты ат» сөзіне ребус құрастырыңдар.


  1. Топпен ән айту.

Топпен ән айту.

«Бала тілегі»


7. Үй тапсырмасы.

Ақталмаған тапсырмаларды аяқтау


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.05.2021
425
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі