Материалдар / Ашық сабақ "Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері" 7 сынып

Ашық сабақ "Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары 7.2.1.5 – s -тің t-ға тәуелділік графигін тұрғызуда координаталар осьтерінде және кестелерде өлшем бірліктерін дұрыс белгілеу; 7.2.1.6 – дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен келесі жағдайларды анықтау: (1) дененің тыныштық күйін, (2) тұрақты жылдамдықпен қозғалысын; 7.2.1.7 – бірқалыпты қозғалған дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен жылдамдығын анықтау:
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

7-сынып физика пәнінен қысқа мерзімді жоспар


Бөлім:

ІІ тарау. Механикалық қозғалыс

Мұғалімнің аты-жөні:

Ибатуллиева Эльвира Нуржановна

Күні:

14.10.2021ж.

Сынып:

7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың

тақырыбы

Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.2.1.5 s -тің t-ға тәуелділік графигін тұрғызуда координаталар осьтерінде және кестелерде өлшем бірліктерін дұрыс белгілеу;

7.2.1.6 дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен келесі жағдайларды анықтау:

(1) дененің тыныштық күйін,

(2) тұрақты жылдамдықпен қозғалысын;

7.2.1.7 бірқалыпты қозғалған дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен жылдамдығын анықтау:

Сабақ мақсаттары

  • Дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигін салып жылдамдықтың мәнін анықтауды біледі;

  • Бірқалыпты қозғалған дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен жылдамдығын табады:

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Инклюзивті оқушымен жұмыс

І. Ұйымдастыру кезеңі

(1 минут)




Мүғалім оқушылармен амандасады. Сыныпты түгендейді.

Екі жартышарлар әдісі арқылы оқушылардың зейінін

шоғырландыру

  1. Кеңістікте екі қолмен шексіздікті сызу:

Оң қолмен горизонталь жазықтықта

Сол қолмен вертикаль жазықтықта

  1. Оң қолың ашық алақаныңмен басыңа жақындату

Сол қолыңды алдыңа бас бармағыңды жоғары көтеріп, алдыңа созу, кезектестіріп қайталау

Мұғаліммен амандасады. Сыныпта кім жоқ екенін хабарлайды.

Жаттығуды орындайды.



Мұғалімнің көрсеткенін орындайды

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау (6 минут)





Жалпы сыныптық жұмыс

Мұғалім «Сәйкестендір» әдісі арқылы оқушылардың өткен тақырыпқа байланысты білімдері тексереді






«Сәйкестендір» тапсырмасын орындайды. Жауабын тексереді

Өзін-өзі бағалау


Үлестірме қағаздар, слайд


Оқушыға жеңілдетілген түрдегі «Сәйкестендір» тапсырмасы

ІІІ. Ой қозғау

(5 минут)

«Ойлар ағыны» әдісі мұғалім сұрақтар қою арқылы оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын

тұжырымдауға жетелейді.

  1. Қозғалыс траекториясына байланысты қозғалыс нешеге бөлінеді?

  2. Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигі қандай болады?

  3. Екі өлщемді декарттық координата жүйесі қандай болады?

Ендеше бүгінгі сабағымызда механикалық қозғалыстардың қозғалыс графигін салуды, оқуды үйренеміз

Сұрақтарға жауап береді

Мадақтау, қолпаштау


Сұрақ-жауапқа қатысады

IV. Жаңа сабақты меңгерту

Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіреді.

Тыңдайды, сұрақ қояды, дәптерге жазады


Слайд, тақта, сызғыш



Тыңдайды, сұрақ қояды, дәптерге жазады

V . Жаңа дағдыны қалыптастыру. Пысықтау

(13 минут)

Мұғалім оқушыларға есептің шартын дұрыс жазуға, есепті дұрыс шығаруға жол сілтейді, көмек керектерге көмектеседі


А.Жұптық жұмыс

Суретте бірқалыпты қозғалған автобустың қозғалыс графигі көрсетілген. Сұрақтарға жазбаша түрде жауап беріп, көліктің қозғалысын сипаттаңдар:

А) Автобус қанша уақыт координата осінің оң бағытында қозғалды?

В) Қанша уақыт аялдамада тоқтап тұрды?

С) Ол қанша уақыт теріс бағытта қозғалды?

Д) Оның барлық уақыт ішіндегі жүрген жолы қандай болды?

S (м)

t (мин)










Берілген график бойынша тапсырмаларды «жұппен» орындайды, талдайды, сұрақ қояды, дәптерге жазады

«Ойлан-Жұптас-Бөліс» әдісі бойынша жұптар жұмыстарымен алмасып толықтырады, ауызша сипаттама береді.

Үлестірме қағаз









Жұбының көмегімен тапсырманы орындайды


В.Жеке жұмыс.

Дене 2м/с жылдамдықпен координатаның бас нүктесінен қозғалды. 10с,20с,50с уақыттағы уақытқа тәуелділік графигін сыз



Критерий

Дескрипторлар

Дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділігінің графигін түсінеді

1. Графиктен уақытттың 10с-тағы, 20 с-ғы, 50 с-ғы мәндерін табады.

2. Графиктен орын ауыстырудың шамаларын анықтайды


Әр оқушы жеке жұмыстанады, жауабын тексереді, қате жерін анықтайды

Өзін-өзі бағалау

Крите риалды бағалау




Мұғалімнің көмегі керек болады



С. Екі дененің қозғалысы х1 =5t, х2=150-10t теңдеулерімен берілген. Олардың кездесетін жері мен уақытын аналитикалық және графиктік тәсілін анықтайды.

Критерий

Дескрипторлар

Дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділігінің графигін түсінеді

1. Денелердің кездесу орынын анықтайды.

2.Екі дененің қозғалыс графигін салады

3. График бойнша денелердің кездесу орны мен уақытын анықтайды.


Сабақ соңындағы табыс критерий бойынша өз деңгейлерін белгілейді. Сабақтағы іс-әрекетіне, біліміне талдау жасайды.





VІ. Рефлексия


«Бір сөйлемдік қорытынды» әдісі бойынша сабақты қорыту мақсатындағы кері байланыс: мұғалім оқушылардан ең ұнағаны және ұнамағын сұрайды, сабақ бойынша оқушылар ұсыныстарын жинайды, игерген білімді әрі қарай тереңдетуге бағыттайды.


Сабақта ұнаған, ұнамаған тұстарын, ұсыныстарын тыңдайды

«Рефлексивті нысана» парағын толтырады

Бағалау парағы


VІІ. Қорытынды. Үйге тапсырма


Сабақты қорытындылап, белсенді оқушыларды атайды. Қорытынды баға қояды Мұғалім үйге тапсырма береді.

§11 2.2-жаттығу №1,2

Үй тапсырмасын жазып алады.









Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі