Ашық сабақ "Ас атасы-нан"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Ас атасы-нан"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл дамыту "Ас атасы -нан"
Материалдың қысқаша нұсқасы


Атырау облысы Атырау қаласы Еркінқала орта мектебінің мектепалды дайындық

тобының тәрбиешісі Амирова Гүлбаршын Қадірліқызы


Тіл дамыту


Сабақ тақырыбы: Ас атасы - нан

Сабақ мақсаты: Білімділігі: Нанның адам үшін маңыздылығы, нанның бидайдан

жасалатынын , оның дастарханға үлкен еңбек нәтижесінде келетіні,

бидайдың өсуі,нан пісіру кезеңдері,бидайдың құндылығы туралы

түсінік беру.

Тәрбиелілігі: Нанды қадірлеуге,қастерлеуге,нанды даярлайтын

адамдарға деген құрмет сезімдерін, диқандар еңбегін бағалай білуге,

еңбекке деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Бақылағыштығын,қиялын,есте сақтау,желілі рөлді

ойынға,кейіптендіруге арналған атрибуттарды дайындау іскерліктерін

қалыптастыру,шығармашылық қабілеттерін,ересектер басшылығымен

әрекет ете білуге іскерліктерін жетілдіру,шығармашылық ой қиялын

дамыту.

Әдіс -тәсілі: Баяндау, түсіндіру, сұрақ- жауап, жандандыру.

Сабақ түрі: Бекіту, саяхат сабақ.

Көрнекілігі: Суреттер,жұмбақ,сергіту сәті,тиым сөздер,мақал мәтелдер,буклет,

ертегі атрибуттары.

Сабақтың жүрісі:

І. Қызығушылықты ояту. Жылулық шеңбері.

Бір- біріне деген жылы сөздер арнау.

Жұмбақ шешу.

Ұзын мұртты сарылар, қойнында наны бар. \Бидай\

ІІ. Мағынаны тану.

Желілі сурет бойынша жұмыс.

  • Балалар тақтадағы суретті мұқият зер сала қарай отырып, бидай дәнінен нанның

қалай жасалатындығын анықтайық.

  1. Жерді жыртады.

  2. Дәндер өсе бастайды.

  3. Бидайдың сабақтары пайда болады.

  4. Оны сушылар не диқандар суғарады.

  5. Бидайды орады, бастырады.

  6. Машинамен элеваторға тасиды.

  7. Диірменге апарып тартады.

  8. Машиналар қап- қап ұнды тасиды.

  9. Нан илейді. Нан пісіреді.

  10. Нан таситын машинамен дайын нанды дүкенге әкеледі.

  11. Дүкеншілер мен сатып алушылар дүкенде

  12. Нан дастарханда.

- Міне, балалар күнделікті жеп жүрген нанымыз осындай ұзақ та қиын жолдан

өтіп, біздің диқаншыларға,наубайшыларға, біздің дастарханымызға келеді екен.

Олай болса нанды өсіретін адамдарға деген құрметімізді көсретейік.

Нанға деген құрмет. Орындарынан тұрып, қолдарын жүрек тұсына қойып,нанға,

диқаншыларға,наубайшыларға деген құрмет сезімдерін білдіреді.

Сергіту сәті. Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.


Тиым сөздер. Нан туралы қандай ырым, тиым сөздер білесіңдер?


  1. Нанды бір қолыңмен үзбе!

  2. Нанды жерге тастама!

  3. Нанды текке лақтырма!

- Балалар, сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?

- Ертегідегі кейіпкерлерді көзбен көргілерің келе ме?

- Бүгін біздер ертегілер еліне саяхатқа шығамыз.

Ертегілер еліне саяхат. \Бауырсақ ертегісі\.

Кейіпкерлер: Атай, әжей, бауырсақ, қоян, аю, қасқыр, түлкі.

- Балалар, ертегі ұнады ма сендерге?

Бүгінгі күнмен байланыс.

- Балалар бүгін аптаның қай күні?

- Жұма күні аналарымыз, әжелеріміз не пісіруші еді?\ шелпек, бауырсақ\

- Шелпек пен бауырсақты неден пісіреді?

- Ұннан тағы қандай тағамдар пісіріледі?

Ас мәзірі.


Ұннан жасалатын тағамдар: нан, бауырсақ, шелпек,бәліш,бөлке,печенье,тоқаш, құймақ, кекс, торт.


Мақал- мәтелдер.

  1. Нан қадірін аштықта білесің.

  2. Нан болса ән де болады.

  3. Арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен.

Ой толғаныс. Біз не білдік? Жылулық шеңбері.

  1. Нанның бидайдан өсетінін.

  2. Нанды қастерлеу керектігін.

  3. Ұннан әртүрлі тағам түрлері әзірленетінін.

  4. Нан - адамның тіршілік қорегі.

  5. Нан - дастарханға еңбекпен келеді.

Жылулық шеңбері. Қуанышты хабарлама. Мадақтау.

Дастарханнан нан кетпесін!

Әлемде бейбітшілік болсын!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2017
2320
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі