Материалдар / Ашық сабақ "Ас атасы-нан"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Ас атасы-нан"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2018
437
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырлан оқу қызметінің конспектісі.



Тобы : Балапан

Күні: 13.04. 18

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: «Көркем әдебиет»

Тақырыбы: « Ас атасы – нан »

Мақсаты: Дән тұқымымен танысу,бидайдан нан жасалынатынын айта отырып,дастарханға жеткенге дейінгі істелетін еңбек мазмұнымен,қолданылатын техникалардың аттарымен таныстыру.Диханшылардың еңбегімен таныстыру.Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: Балалардың ақыл-ой белсенділігін арттыру.Өлең,мақал-мәтелдер арқылы тіл байлығын дамыту,жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты: Берілген тапсырманы орындауға,еңбекқорлыққа тәрбиелеу,нақыл сөздердің тәрбиелік мәнін түсінуге талпындыру.

Білімділігі: Дәндерді қолдарымен ұстатып,топыраққа егу арқылы еңбекті өздеріне орындатып қолмашықтарын жетілдіру.Еңбектерің жемісін көрсету.

Жаңа сөздер: Наубайхана, диірмен, комбайн, дихан, соқалы трактор, масақ,қырман.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,сергіту,ойын,әңгімелеу,сұрақ-жауап,топыраққа тұқым егу,жаңа сөздер мағынасын түсіндіру.

Көрнекі құралдар: «Нан қайдан келеді?» сериялық суреттер,нан түрлерінің суреттері және піскен нан,ұн,диірмен,масақ,су,жыл мезгілдерінің суреттері. т.б.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің қызметі

Баланың қызметі

Мотивациялық қозғаушы.





Іздену кезеңі







Психологиялық дайындық.














Суретпен жұмыс.

(Суреттерді слайд арқылы көрсету)




































Өлең жолдары және нақыл сөздер айту.











Сергіту сәті.







Орталықтарға бөлу.





























Қоштасу.

Сәлеметсіздерме балалар.

Кәне балалар алдымен әдеп сақтап төрде отырған үлкендермен амандасып алайық


Балалар кәзір жылдың қай мезгілі?

Жылдың неше мезгілі бар?

Кәне атап шығайық.

Далада ауа-райы қалай?



Балалар көңіл күйлерің қалай?

Олай болса көңілді болғанда не істейсіңдер?

Ренжігенде?

Қорыққанда?

Таңқалғанда?

Қуанғанда?

Ендеше бір-бірімізге жылы лебізімізді білдірейік.

Күніміз жарқын болсын,

Аспанымыз ашық болсын.

Күніміз сәтті болсын,

Деніміз сау болсын


Біздің күнделікті дастарханымызда жейтін нанымыздың дастарханға қандай еңбекпен келетінімен танысамыз.Нан көп еңбек ету арқылы келеді. Нанды бір күн жемей шыдап отыру қиын. Нансыз өмір жоқ деуге болады. Нан болса ән де болады. Енді сендерге нанды жасау жолын түсіндіріп өтейін. Көктемде дихан егін егедіі. Ол үшін трактормен қара жерді жыртады,тырмалайды. Содан соң дән себіледі. Дәнің жақсы өсіп жетілуіне ауа –райының ықпалы маңызды. Көкткмде жаңбыр көп жауып , жазда күн ыстық болса ,күзде бидай тоқ болады. Күзде піскен бидайды комбайынмен жинайды. Комбайын бидайды орған кезде дәні бір бөлек шығарлады. Дәнді арнайы жүк машинасы тиіп әкеледі. Жүк машиналары дәнді диірменге апарады. Диірменде бидай елеп , суырып, келтіріп ,ұн тартады. .(Ұнды көрсету)

Төртінші суреттен нені байқап отырсыңдар? Ұннан наубайханада әр түрлі андар пісіріп шығарады,оны дүкендерге балабақшаларға жібереді. (Дүкен сөресіндегі нандарды сурет арқылы көрсету)

Міне балалар біздің бүгінгі іс-әрекетіміз ас атасы нан туралы болмақ.Балалар біздің дастарханымызға нан оңай келмейді екен,міне жоғарыда айтқандай үлкен еңбекпен келеді екен.(Жоғарыдағы суреттерді жекелеп қайталап түсіндіру)

Ал сендер күнделікті жеп жүрген нанды біз қайдан аламыз?

Аспазшы апай сендерге нанды қалай пісіретіндігін көргілерің келеді ме? (Аспазшының нан ашыту,қалыпқа салу,пешке пісіруін видео арқылы көрсету)


Нан болса ойнап күлеміз

Нан болса еркің жүреміз

Нан қасиет ,

Нан мереке

Нан береке.


«Ас атасы-нан,

Нан атасы-дән»


Сонымен нанды қалай қастерлейді екенбіз?



Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар



Аспазшылар орталығы:

Топ қыздарына алдына иленген қамыр беріледі.Қыздар ашыған қамырды бауырсақ етіп жайю тапсырылады.




Егіншілер орталығы:

Топ балаларына шағын ыдыстағы топырақты аударып,тырмалап бидай дәнін егу тапсырылады.


Дүкеншілер орталығы:

Топ қыздарына дүкенге келген нанды сөрелерге жинайды

Балаларға стол үстінде жатқан суреттер арқылы құрастырту,ол суретте нанның қалай келетіні көрсетілген.Ол үшін суреттердің орын-орнын тауып қоюы керек.Сұрақтар қою арқылы балаларды ауызша бағалау.


Оқу қызметін қортындылау.

«Нан байлық,нан береке» деп халық бекер айтпаған. Міне көрдіңдерме ? Қаншама адам еңбек етеді екен. Сондықтан дастарханға зор еңбекпен келген нан тағамдарын қастерлеуміз керек.

Балалар нан бізге оңай жолмен келмейді екен сол себепті нанды қастерлеуміз керек. Нанды бір қолмен үзбеу керек.

Аспазшы апай қыздардың жайған қамырынан бауырсақ әкеліп таратады

Сау,болыңдар!

Амандасады.






Көктем.

Төрт.

Көктем,жаз,күз,қыс.

Жылы.


Жақсы.




Қол шапалақтаймыз.

Қабақ түйеміз.

Көзді жұмамыз.

Көзді бақырайтамыз.

Күледі.










Көктемде жер жыртып жатқан трактор.








Егін орып жүрген комбайн тракторы.





Ұн шығаратын диірмен.








Нан пісіретін наубайхана.






Аспазшы апай пісіреді.


















Нанды шашпаймыз,

Аяққа баспаймыз.

Тәрбиешімен қоса қимыл-қозғалыс жасайды.



Қыздар қамырды бауырсақ етіп жайып береді.



Ұлдар жерді босатып,тырмалап,бидай дәнін егеді.








Балалар суреттерді орнына қою арқылы тапсырманы орындайды







Сау,болыңыз!

Білді: Трактор,диірмен,комбайн мен бидайдың не екенін және нанның оңай жолмен келмейтіндігін білді.


Меңгерді: Трактор,диірмен,комбайн мен бидайдың не екенін және нанның оңай жолмен келмейтіндігін білді.

Көктем,жер жырту,тырмалау,дән егу,комбайнмен ору,диірмен,наубайхана сөзедін және нанды қастерлеуді,шашпауды меңгерді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!