Ашық сабақ "Астана- көрікті қала"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Астана- көрікті қала"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Астана" тақырыбында
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары: Қазақ тілі 4-сынып

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Астана - көрікті қала. 

Грамматика: Септік жалғау
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: оқушыларға Көкшетау қаласы жайында түсінік беру, мәтінмен жұмыс жасауға, сұрақ қоя білуге, жауап бере алуға үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың ой – өрісін, сөздік қорын, шығармашылық, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту. 
Тәрбиелік: өз елін, жерін сүйетін, өз елінің қалаларының өркендеуіне үлес қосатын азамат етіп тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: жаңа сабақ 
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, монолог.
Көрнекіліктер: суреттер, кітап. 
Сабақтың барысы: 
I. Ұйымдастыру кезеңі. 

Сәлемдесу. Гимн айту. Балалардың көңіл- күйлерін сұрау.

Міндеттері:

Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету;

Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау;

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру: «Ақтау қаласы» мәтін әңгімелеу.
III. Жаңа сабақ
1. Сөздікпен жұмыс: 
а) берілген сөздердің оқылуымен, аудармасымен, қолданылу аясымен таныстыру 
ә) сөздерді хормен, жекелеп оқытып шығу 
б) сол сөздерді қатыстыра отырып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрату 
көру алаңы – смотровая площадка,

деп аталады – называется,

ішінде – в, внутри,

мейрамхана – ресторан,

нысан – объект.

2. Мәтінмен жұмыс: 
-оқушыларға мәтінді жекелеп, кезекпе-кезек оқытып шығу, 
-мәтінді аударту 


Астана 1998 жылдан «Астана» деп аталады. Астана есіл өзенінің бойында. Қаланың басты нысаны – «Бәйтерек». Оның биіктігі – 97 метр. Басында алтын шар бар. Ішінде сурет галереясы, аквариум және мейрамхана бар.

Мәтіннен зат есімдерді теріп жазу.

Сергіту сәті: «Көңілді күн»

Жұптық жұмыс. Диалогты оқыту:

-Астана қандай қала?

-Астана таза қала.

-Астанада қандай өзен бар?

- Астанада Есіл өзені бар.

-Астананың басты нысаны не?

Астананың басты нысаны – «Бәйтерек».

ІҮ.Сабақты бекіту: 
«Астана» сөзіне фонетикалық талдау жасау, «Астанаға бару» сөз тіркесін жіктеу, «Бәйтерек» сөзін септеу, тәуелдеу.

Ү.Қорытынды:

Астана қандай қала?

Астанада нелер бар?

Астана қаласы Қазақстанның қай жағында орналасқан?

Астананың басты нысаны не?

YІ. Үйге тапсырма: «Көкшетау қаласы» тақырыбында диалог құру.
YIІ. Бағалау: үй тапсырмасы бойынша және сабаққа белсенді қатысқаны бойынша. 
YIІI. Рефлексия. 

Сабағымыз аяқталды, сау болыңдар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.00.2018
713
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі