Ашық сабақ Астана келбеті -үлт келбеті 6-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Астана келбеті -үлт келбеті 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге əдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді: ДОІЖО Т.Сыдықов

Мектеп:

«Жаңаталап» жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Күні: 05.11.2018 ж.

Мұғалім: Сыдыкова Нурсулу

Пәні:

Қазақ тілі

Сынып:6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім: 4 Астана-мәдениет пен өнер ордасы. Лексика.

Сабақтың тақырыбы: Астана келбеті-ұлт келбеті

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.2.6.1.- оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу;

6.4.3.1- неологизм,термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу.

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың барлығы орындай алады: мәтінді рөлге бөліп оқи алады. Нелогизм сөздер туралы біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мәтінді іріктеп оқи алады. Неологизм сөздердің қолданыс аясын түсінеді.

Оқушылардың кейбірі орындай алады: оқылым стратегияларын қолданады:мәтінді іріктеп, рөлге бөліп оқиды, комментарий жасайды,қосымша сұрақтарға жауап береді.Неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздерді бір-бірінен ажырата біледі,мысалдар келтіре алады.

Бағалау критерийі

  • Оқылым стратегияларын қолданады:комментарий жасайды, іріктеп оқиды, рөлге бөліп оқиды;

  • Неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсінеді және ажырата біледі.

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Астана, ЮНЕСКО, Бейбітшілік қаласы, форумдар, монументтер, конференциялар, фестивальдер, Ақорда, аллеялар,театрлар, галлереялар

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Арнайы медаль, декоративті мүсіндер, халықаралық форумдар, музыкалық шаралар, жасыл желекке оранған аллеялар, сұлу шаһар, Астананың көркі

Талқылауға арналған сұрақтар:

Неліктен Астана «Бейбітшілік қаласы» деп танылды?

Қалада түрлі іс-шаралардың өтуінің себебі неде?

«Ұлттық реңдегі көрнекті орындар» дегенді қалай түсінесіңдер?

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» идеясының Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана құндылығы бойынша оқушылардың бойында қазақстандық патриотизмі және жауапкершілігін арттыруға ұмтылады.

Ойлау дағдысы

қолдану, талдау.

Пәнаралық байланыс

Музыка,информатика,Қазақстан тарихы, әдебиет

АКТ-ны қолдану дағдылары

Аудиомен жұмыс жасай алады.

Алдыңғы оқу

Астана қаласының еліміздің астанасы екенін біледі.

Сабақтың жоспары

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Педагогика-лық әдіс-тәсілдер

Ресурс-тар

Сабақтың басы

4 минут



Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Оқушылар шеңбер болып тұрып, бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді.

Оқушылар суреттерді құрастыру арқылы үш топқа бөлінеді.



«Жүректен жүрекке»



«Мозайка» әдісі


Жүрекше




Сурет қиындылары

Сабақтың ортасы

2 минут









10 минут

























10 минут






















4 минут







Жаңа сабақ. Ой қозғау.

А.Жорабаеваның «Елімнің жүрегі» бейнебаянын көрсету арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

https//youtu.be/CCHqzJ2Cq0Q

Жаңа сабақтың оқу мақсаттары, орындалатын тапсырмалар мен бағалау критерийлерімен таныстырылады.

1-тапсырма. Жұптық жұмыс.

«Астана келбеті-ұлт келбеті» мәтініндегі Астананың келбеті туралы мәліметтерді іріктеп оқып, комментарий жазыңдар. Жазған комментарийларыңды түсіндіріп беріңдер.

« Екі жақты күнделік» әдісі бойынша кестесін пайдаланыңыздар.


Астана келбеті туралы мәліметтер

Комментарий




Кері байланыс:Мұғалімнің кері байланысы. Сұрақ-жауап.


Дескриптор:

  • Мәтіндегі мәліметтерді іріктеп оқиды;

  • Мәліметтер бойынша комментарий жазады.

  • Жазған комментарийларды түсіндіріп береді

2-тапсырма. Топтық жұмыс.

«Астана-әсем қала» тақырыбына байланысты диалог құрастырып, рөлге бөліп оқу арқылы сахналап көрсетіңіздер. Диалог ішінде төмендегі неологизм сөздерді қолданыңыздар.

Елорда, зияткер, өркениет, инфрақұрылым,пайыз, мұхитбақ, кешен, нысан, саябақ.


Кері байланыс.Топтар бір-бірін бағалайды.

Дескриптор:

  • Тақырыпқа байланысты диалог құрастырады;

  • Сахналау арқылы рөлге бөліп оқиды;

  • Неологизм сөздерді орынды қолдана алады.


Кері байланыс.Топтар бір-бірін бағалайды.

3-тапсырма. Жеке жұмыс.

Берілген уақыт ішінде тез әрі нақты термин, диалект сөз, кәсіби сөздерге байланысты сұрақтарға жауап беріңдер.

1.Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер диалект сөздер деп аталады ма?

2.Жар сөзі қабырға сөзінің диалектісі бола алады ма?

3.Кәсіби сөздер екіге бөлінеді ме?

4.Пышқы араның бір түрі ме?

5.Біз аяқ киім тігетін құрал ма?

6.Қылша, түбір, өркен, жом қауын шаруашылығына қатысты сөздерге жатады ма?

7.Қазақ тіліндегі термин сөздер үш түрлі жолмен жасалған ба?

8.Отбасы, елтаңба, мұражай сөздері интернационалдық терминдерге жатады ма?

9.Коэффицент, синус, куб сөздері математикалық термин бе?

10.Тұқым, бәдірең диалект сөздері Солтүстікте қолданылады ма?

Кері байланыс.Өзін –өзі бағалайды


Дескриптор:

  • Сұрақтарды жауап береді;

  • Термин, диалект сөз, кәсіби сөздерді бір-бірінен ажыратады.

  • Сұрақтарға тез әрі нақты жауап береді.


«Ой шақыру» әдісі







«Екі жақты күнделік» әдісі










«Бас бармақ» әдісі










«Рөлдік ойын» әдісі








Бір-бірін бағалау












«Зымыран сұрақтар»















«Бағдаршам » әдісі

АКТ

https//youtu.be/CCHqzJ2Cq0Q



АКТ

Таныстырылым































Кеспе қағаздар

Сабақтың соңы

5 минут



5 минут


Сабақты бекіту. Кері байланыс. Оқушылар бір-біріне сұрақтар қою арқылы сабақты бекітемін.

Рефлексия.Оқушылар үш бағаннан тұратын кестені толтырады.


Плюс

Минус

Қызықты

Сабақта ұнаған кезеңдердің

барлығын жазады: қойылған мақсатқа жетудегі ақпарат, мәліметтер, жұмыс түрлері.

Ұнамаған, түсініксіз болған жайттарды жазады.

Оқушының пікірінше,ол үшін керексіз, пайдасыз.

Қызығушылық тудырған деректер мен әдістерді, ол туралы басқа дерек көздерінен білгісі келгендіктері туралы жазады.


«Өрмекші» стратегиясы



«Плюс, минус, қызықты»

әдісі



Үйге тапсырма

«Астана келбеті-ұлт келбеті» тақырыбына шағын эссе жазып келу.



Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


Қауіпсіздік ережесі


Мәтінді оқып, комментарий жасауға көмектесемін. Оқушылардың мүмкіншілігін ескере отырып, тапсырмалар ұсынамын.

Оқушылардың деңгейлеріне байланысты «Ойлан, жұптас, бөліс», «Екі жақты күнделік», «Рөлдік ойын», «Иә\жоқ» әдістерін таңдадым.

Қабілетті оқушылар неологизм, диалект, кәсіби сөз,термин сөздерді бір-бірінен ажыратып, қолдану аясын біледі, сұрақтарға жауап береді.

Әр тапсырмаға сай дескриптор құрамын, сол дескриптор арқылы бағалаймын. Топтық, жұптық, жеке жұмыстарда сол дескрипторды негізге ала отырып, әр тапсырмадан кейін оқушыларға «Бас бармақ» әдісі, өзін-өзі бағалау,сұрақ-жауап «Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс беріп отырамын.


Партада өзін түзу ұстауын қадағалаймын.

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен өз жоспарыма

қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.11.2018
1023
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі