Ашық сабақ. Астана-Қазақстан Республикасының жаңа елордасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. Астана-Қазақстан Республикасының жаңа елордасы

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы



Күні:.


Жаңақала колледжі


Мұғалімнің аты-жөні:

Сатканова Анаргул Кайратовна


Тобы:

71


Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Астана – Қазақстан Республикасының жаңа Елордасы


Сабақта іске асатын оқу мақсаты

Астана тарихын түсіндіру;

Астананы ауыстырудың себептері мен нәтижелерін анықтау;


Құндылықтар

Қазақстандық патриотизм,ынтымақтастық.


Пәнаралық

байланыс

География


Алдыңғы білім

Н.Ә.Назарбаев –ҚР-ның тұңғыш президенті туралы біледі.




Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері



Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы






















Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлемдесу

-Студенттерді түгендеу

Қызығушылықты ояту. Сәламатсыздарма студенттер! Сабағымызды бастамас бұрын кішкене сергіп алайық.

- Егер, сендер колледжге және бүгінгі сабаққа қуана-қуана келсеңдер, оң қолдарыңды көтеріңдер!

- Егер,сендерге еліміздің тағдыры маңызды болса, сол қолдарыңды көтеріңдер!

- Егер, сендер өздеріңді Отанымыздың патриотымыз деп есептесеңдер, көтерілген екі қолды қосып шапалақ ұрамыз.

Рахмет!

Үй тапсырмасын тексеру. Миға шабуыл.

«Ашық микрофон» әдісі арқылы тексеріледі. Білім алушылар қолдарына микрофон алып, бір-біріне өткен сабаққа қатысты сұрақтар қояды, екінші білім алушы жауап береді.

Өзара бағалау әдісі. Мадақтау.(керемет, тамаша, жарайсың)

Жаңа тақырыпты ашу үшін «Галереяға саяхат» әдісімен слайд көрсетіледі.

Сұрақ қойылады:

1.Суретте нені көріп отырсыздар?

2. Не туралы ұқтыңыздар?

3. Яғни бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы не туралы?

4. Қандай қорытынды жасауға болады?


Инсерт әдісі. БББ. Білім алушыларға парақ таратылады.

Білемін, Білдім, Білгім келеді.


Білім алушыларды топқа бөлу.Оқушыларға сурет фрагменттері беріледі.


Жаңа тақырыптың мақсатымен таныстырылады.


Астана туралы анықтама беріледі.

1920-1924жж - Орынбор

1924-1928жж - Қызылорда

1928-1997жж - Алматы

1997 жылдан - Ақмола

1997 жылы Елбасының бастамасымен ҚР-ның елордасы Астана қаласына (бұрынғы Целиноград,Ақмола) көшірілді. Сол кезден бастап Астана өсіп, өркендеп, республиканың әкімшілік қана емес, сондай—ақ мәдени орталығына да айналды.

Кең байтақ қазақ даласының нақ ортасында ғаламат ғимараттары бар қайталанбас әсем шаһар бой көтерді. Есіл өзені елорданың басты су көзі саналады. Ауа райы күрт континентальды – қысы суық әрі ұзақ, жаз мезгілі ыстық және бірқалыпты қуаң.

Еуразия құрлығының ортасында қолайлы орналасуы Астананы экономикалық тұрғыдан тиімді көлік, қатынас және логистика орталығына, Еуропа мен Азия арасындағы өзіндік транзиттік көпірге айналдырды.

Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Мемлекеттің бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі.

Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «Бейбітшілік қаласы» атағын алды. Бүгінде Астана халықаралық маңызы бар түрлі форумдар, конгрестер мен өзге де іс-шаралар өтетін Еуразия кеңістігінің орталығына айналды


2019 жылы 20 наурызда Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың атын экс-президент Н.Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгертуге бұйрық берді.

2019 жылғы 23 наурыздағы ҚР-ның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың №6 Жарлығымен Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгертілді.


Презентация





























Презентация











Бейнежазба

Сабақтың ортасы






Барлық білім алушылар орындайды.

«Ойлан, жұптас,топтас» әдісі. Мәтінді оқиды, әр оқушы өз бетінше ой қорытады, жұппен талқылайды, топта барлығы бірігіп ортақ қорытынды жасайды.

«Балық қаңқасы» әдісімен қорғайды.

1-топ Астананы ауыстырудың себептерімен атауының өзгертілуі.

2-топ.Астананың дамуы, өркендеу көрсеткіші

«Өзара бағалау»әдісі. Қошеметтеу (қол шапалақтау)

Қорытындылау. «Ақиқат және жалған»

Сұрақтар

Ақиқат

Жалған

1997 жылы Елбасының бастамасымен ҚР елордасы Астана қаласына көшірілді



1920 жылы Қазақстанның астанасы Алматы қаласы болды.



6-шілде Астана күні болып жарияланды.



2019 жылы ЮНЕСКО шешімімен Астана «Бейбітшілік қаласы» атағын алды.



Ақмола қаласы бұрын Целинограды деп аталды.



2019 жылы 20 наурызда Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың атын экс-президент Н.Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгертуге бұйрық берді.



1997 жылғы кезден бастап Астана өсіп, өркендеп, республиканың әкімшілік қана емес, сондай—ақ мәдени орталығына да айналды.



ЭКСПО-2017 бүкіл әлемдік көрмесі Астана қаласында өткізілді.



Қазақстан-2050 стратегиясының басты мақсаты дамыған 30 елдің қатарына ену.





















































Сергіту сәті. «Ипподром» студенттер «шабарман» деген кезде орнында тұрып аяқтарын қозғалтады, «көрермен» деген кезде қол шапалақтап қошемет көрсетеді.

Сабақтың соңы

5 минут











Рефлексия. «Плюс, минус, қызықты»

Плюс

Минус

Қызықты

Сабақта барлығы ұнады, сабақ мазмұны, жұмыс түрлері

Ұнамады, түсініксіз болып қалды

Барлық деректер мен әдістер қызықты



Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу. Қосымша мәліметтер қарастыру. «Астана – бас қалам»шағын эссе жазу.





Денсаулықты және қауіпсіздікті сақтау

Оқушылар сыныпта өзін-өзі ұстау ережелерімен таныс. Денсаулыққа қауіп жоқ.

Қорытынды бағалау

Сабақтың қандай аспектілері жақсы өтті (оқыту және оқу туралы ойлаңыз)?

Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқу және оқу туралы ойлаңыз)?

Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарынан не таптым, келесі сабақтарда неге наздару керек?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.06.2021
507
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі